№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы
білім беретін орта мектеп
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Біз – жаңа
ұрпақ!»
Сынып жетекшісі: Бегениязова
А.Б.
Сыныбы: 6
«А»
Құлсары қ. 2021-2022
о.ж.
Тақырыбы:
«Біз – жаңа
ұрпақ!»
Мақсаты:
Еліміздің тарихы туралы түсінік
беру. Өз Отанын сүюге
тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт
- дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел
азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске
алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол
жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Қазақстан
Республикасының рәміздері. Желтоқсан
құрбандары. Суреттер, сергіту жаттығулары,видео-слайд,
интерактивті тақта.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі ашық
сабағымыз дүниені дүр
сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына
арналады.
«Біз – жаңа
ұрпақ»
атты ашық
сабағымызды бастаймыз.
Сонымен құрметті оқушылар,
ұстаздар ашық сабағымызды қазақтың керемет терме-күйімен бастаған
жөн болар, сондықтан ортамызға сыныбымыздың белсенді оқушысы
Бекзатты қарсы алайық!
Мырзабай Бекзат:
«Терме»
Амандасу.
Армысыз
қайырымды Аспан – ата!
Армысыз,
мейірімді Жер - ана!
Армысыз,
шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз,
оқушылар, ұстаздар!
Сәлеметсіздер
ме, қонақтар мен апайлар!
Мұғалім: Желтоқсан
әні
Әлі есімде ар
мен намыс пәк мәңгі,
Еш аяусыз
аяқасты тапталды.
Саперлердің
күрегінен соққы жеп,
Қып - қызыл қан
бояп жатты ақ қарды.
Жүректерге шер
қатып,
Мұз - қар
қонған - Желтоқсан
Кеудедегі
күрсініс
Ызғар болған –
Желтоқсан
Әділеттік
жолында
Ұлың түгел
халқым - ау
Құрбандығы
қазақтың
Қызың болған -
Желтоқсан!
Әлі есімде
сұмдығы көп сол алаң,
Өткен күнге
өкінішпен оралам
Озбыр күшке
қарсы тұрған қаймықпай,
Қайран жастық
сен қашанда бол аман
Құлдық ұрып
көне берсең ырыққа,
Жер бетінен
кетер едік құрып та
Қазақпын деп
ойлар болсаң ағайын
Алматының
желтоқсаның ұмытпа.
- Балалар,
бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда
үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ
жерімізге, жан - жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған
Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетін
дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас
басталды.
Сол жастардың
ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова,
Ляззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана
тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза
тапты. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай
ішкі,
сыртқы
мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз
мемлекет дейміз.
1991 жылы 16
желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң
қабылданды.
Ендеше оқушылар тәуелсіздік жайында біраз
ақпарат алсақ, ортаға Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын жырлауға 6
«А» сынып оқушыларын шақырғым келіп тұр.
Нұралы,Нұрайым,Нұрсұлу,Нұрқанат, Алмаз,Мейіржан, Балжанды ортамызға
қарсы алайық.
Нұралы
1-оқушы:
Бабамның да
арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік
тандары
Бақ береді
баршаға
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым
Түсті бақыт
жолыма
Менің
Қазақстаным!
Нұрайым
2-оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің
берекесі.
Нұрсулу
3-оқушы:
Кұтты болсын тәуелсіздік
мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің
керегесі.
Жүректе намыс оты
лапылдаған,
Күш-жігері жастардың
сарқылмаган.
Нұрқанат
4-оқушы:
Тәуелсіздік
мақтанашым,
Бізге бақыт
сыйлаған
Бейбіт күнде мен
тынышпын,
Әрбір таңым нұр
маған.
Алмаз
5-оқушы:
Тәуелсіздік—бақыты ғой
елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой
жерімнің.
Арманына жету үшін
күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған
екен.
Әлімжан
6-оқушы:
Қазақстан менің
Отаным,
Атыңды әнге
қосамын.
Шарықтап өсіп,дами
бер,
Біліміммен үлес
қосамын.
Мейіржан
7-оқушы:
Біз бақытты
баламыз,
Тәуелсіз елдің
ұланы.
Мәңгі жасап
,гүлденеміз,
Ұлы елдің
қыраны.
Балжан
8-оқушы:
Отан деген берекелі
отбасы,
Сүйер оны адамзаттың
баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін
бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де
таласы.
Бұның бәрі татулықтың
арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің
бастауы.
Мұғалім:
1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің
еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек
ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олардың шыңдық үшін
күрескенін аянбай көз алдымызға
елестетеміз.
Тұтқынға түстім
жаутаңдай,
Жоламай ешкім
қасыма
Бара қалсаң
сәлем айт,
Елдегі құрбы –
досыма.
Би: «Қазақ биі» Орындайтын: 6 «А» сынып
оқушысы Құтлымұратова
Нұрайым.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болудың
белгісі.
Басқа жұртпен
тең жұлдызы тең күші
«Егемендік»
деген сөздер естілер
Ата жұрттың
арғысы мен бергісі.
Туған жерге нұр
шашып, жарық берген,
Қуаныш пен мол
бақыт алып келген
16 - шы
желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік
еліме алып келген дей келе балалар шуақ деген сөзді естіп
мынадай қызықты тапсырма
орындайық. Қазір мен сіздерге
қолдарыңызға күн шуағын таратып беремін, сол күн шуағына
тақырыбымызға сай, біз жаңа ұрпақ дей келе, біз қандай ұрпақпыз
және болашақта қандай ұрпақ болғымыз келеді соны жазып, күннің
жан-жағына жабыстырамыз.
Жарайсыңдар оқушылар!
Сендерге тілерім осы күн шуағындай жарқырап, сәулелеріңді
жан-жағыңдағы адамдарға шашып жүре беріңдер дегім
келеді.
«Ой ашар» сәтінеде келіп
жеттік.
М:- Балалар, Қазақстан қандай
ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз
мемлекет.
М: Тәуелсіздігімізді қай жылы
алдық?
Б: 1991 жылы 16
Желтоқсанда
М: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық
рәміздер пайда
болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап
береді?
Б: Ту, Елтаңба,
Әнұран.
М:- Елордамыз қалай
аталады?
Б:- Нұрсұлтан
қаласы.
М:- Қазақ елін кім
басқарады?
Б: -
Қ.Тоқаев
М:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері
тұрады?
Б:- Орыс,
неміс, қытай, өзбек, шешен.
т/б.
Нұрдаулет:
Намысымның
шырағы да – Тәуелсіздік
Сұрқай өмір
сынағы да - Тәуелсіздік,
Жігіттіктің
ұрпағы да – Тәуелсіздік,
Жаңа күннің
шуағы да - Тәуелсіздік
Нұрберген:
Тәуелсіздік мерекесі – ел мерекесі
тасыған,
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті
басынан.
Естісін ел
үніңді, дүние түгел
естісін,
Көтер биік
тәуелсіздік туынды!
Фатима:
Жастай сүйіп
аңсаған,
Тәтті күй мен
кәусар ән.
Ол - біздің
Қазақстан.
Ән: «Менің
Отаным»
Асем:
Көк байрақ
иілмесін жығылмасын,
Көзге жас,
кеудеге өксік тығылмасын
Тұрғанда көкшіл
туың көкті тіреп,
Қазағым, сен
қашанда тұғырдасың
Ән:
«Балдырғандар»
Балалар
болашақта қандай азамат, азаматша
боламыз?
Балалар
хормен:
Елімізді
өркендететін,
Қазақ тілін
көркемдететін
Бабаларға
тағзым ететін.
Аналарға бас
иетін,
Балалардан
бар жақсылығын аямайтын
Туымен
тұғырлы,
Елтаңбасымен
еңселі.
Әнұранымен
айбатты.
Біз қазақ
елінің болашағымыз.
Мұғалім:
Тарихым жатыр
тасыма
Тіл қатып келер
ғасырға
Азаттық дейтін
ұғымның,
Желтоқсан тұр
басында.
Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген
жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей
білейік.
Сендер
тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің
тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ
депутатта, премьерде, президентте
сендерсіңдер.
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап,
шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан
Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі
болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай
болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай
етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.
Елімізді ішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда
ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Ашық сабағымызды «Мен
Қазақпын» әнімен аяқтайық.
Атырау
облысы, Құлсары қ.,
№16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектебінің
6 «А» сынып жетекшісі
Бегениязова Арайлым
Бекболатқызы