ашық сабақ. тақырыбы: Дәрігер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ. тақырыбы: Дәрігер

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Арай» бөбекжайы





Бекітемін:_________
Балабақша әдіскері:

Жумабаева А









Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған іс - әрекет: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мамандық. Дәрігер»







Дайындаған: Жусупова Г







2020– 2021 оқу жылы



Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мамандық. Дәрігер»

Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Көрнекіліктері: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар, слайд.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Оқу кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық – қозғаушы

- Балалардың назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!



Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді


Ұйымдастырушылық ізденіс

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай мазмұндық ойындар білесіңдер?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді сендер қандай мазмұндық ойын ойнағыларың келеді.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырсақ қайда барамыз?


Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін, тамақтарымызды тауысып ішіп, дәрумедері көп көкөністер мен жемістерді көбірек жеуіміз керек. Сонымен қатар дәрігерге қаралуға барғанда дәрігерден қорықпай ауырған жерімізді емдетіп алғанымыз дұрыс.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін күннің екінші жартысында «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Ен алдымен дәрігер туралы өлең жолдарын оқып алайық
Іш ауырса, тіс ауырса.
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала.
Оны жақсы көреді.


Әжеме тіс саламын.
Көзіне әйнек тағамын
Сондықтанда өскенде
Мен дәрігер боламын

Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді.
Өзім жақсы көремін

Кірпіштен сарай, үй салады,

Ол адам кім болады?

Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.

Сергіту сәті.

Бала бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнап

«Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.

«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Тақтадағы мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

- Дәрігер не істейді?

- Ғарышкер ше?

- Полиция қызметкері не істейді?

- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?


Балаларға сурет көрсете отырып, мазмұндық ойындарды еске түсіріп жауаптарын алу. Балалар: «Дәрігер» ойынын ойнағымыз келеді.

Балалар: Дәрігерге

Балалар: Ауруханада, емханада.















Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды











(Құрылысшы)





Қимыл – қозғалыспен сергіту сәтін жасайды.




Өздерінің өскенде кім болғысы келеді сол туіралы әңгімелейді.



Тақтадағы мамандық иелерін бір-бірінен ажыратыды.



Сұрақтарға жауап береді.


Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады

Рефлексивті түзетуші

Оқу қызметін қорытындылау.

- Балалар сендер қандай маман иелер болсаңдар да, ол мамандықтың бәрі қажет, бәрі жақсы екенін ұмытпаңдар,
Өздеріне мамандық таңдауда, қателеспеу керек. Өз армандарыңа жетіңдер.


Тәрбиешіні тыңдайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Мамандықтардың барлығының қажет екенін, барлығы жақсы екенін

Болу: Мамандықтардың атаулары, олардың қай салаларды керек екендігі

Қолдану: Қандай маман иелерінің өз істері қандай екенін ойын жүзінде қолдану.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2023
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі