400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: "Дәрілік өсімдіктер" 5 "Ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрілік өсімдіктерТалқылауға арналған сұрақтар: • Өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы қандай? • Фитотерапияның (өсімдіктермен емдеу) маңызы неде?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Лексика. Омоним. Синоним. Антоним

Мектеп: Т.Тәжібаев атындағы №81жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:30.11.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Турсункулова К.А

Сынып: 5 «Ә»


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дәрілік өсімдіктер

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5. Т/А1. тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5. ӘТН3. тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған аудиожазбадағы тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі тақырыпты болжап, cөздерді мағынасына қарай орынды қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: зерттей отырып өмірмен байланыстырады, пікір айта алады.

Бағалау критерийлері

  • тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды

  • мәтіндегі омоним,синоним, антоним сөздерді ажырата алады;

  • өзіндік пікірін айтады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтінді болжайды пікір білдіре алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: өсімдік, оттегі, жабайы өсімдіктер, дәрумен, ұнтақ, жеміс-жидектер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы қандай?

  • Фитотерапияның (өсімдіктермен емдеу) маңызы неде?

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, жаратылыстану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Өсімдіктер туралы біледі. Аулада, үйде гүлдер өсіреді. Омоним, антоним, синоним сөздер туралы түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

































Сабақтың ортасы

25 минут


Ширату «Гүлдер сыры» жаттығуы

Оқушылар шеңберге тұрып, үш түрлі гүлдің түрлері ұсынылады, олар қандай гүл ұнататынын айтады.

Қызғалдақ- бостандықты ұнатады

Раушан-өзіне сенімді адамдар

Ромашка (түймедақ) -кешірімді адамдар

(оқушылар 3 топқа бөлінеді)

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері хабарланады

Тыңдалым алдындағы тапсырма

1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» С.

   

Тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіледі. Жетекші сұрақтар:

1. Суреттен нені байқадыңдар?

1. Суреттің ерекшелігі қандай?

Дескриптор:

- Сурет арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.

- Суреттің ерекшелігін ажыратады.

ҚБ «Бас бармақ»

Жұптар өзара бір-біріне дескрипторға сүйеніп, кері байланыс береді.

Тыңдалым кезі тапсырмасы

2-тапсырма

«Миға шабуыл» әдісі ТЖ.

Аудиотыңдалым арқылы мәтінді тыңдайды

Дәрілік өсімдіктер

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Республика территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Оның 500 - дейі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп, ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ертеден тараған. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ және тағы басқа түрінде қолданады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылған артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы болады.
Ежелгі қытайлықтарда халықтық медицина жақсы дамыды. Олар өз денсаулықтарына қатты көңіл бөлген. Қытайлық емшілер емдеудің көп түрін меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде де қолданып отырды. Олар көптеген емдік қасиеті бар шөптерден дәрі дайындап, адамдарды онымен емдеп отырған.
Әлемдік дәрі - дәрмек рыногына шыққан бірінші қазақстандық дәрі, отандық препарат «Арглабин» болды. Оның авторы – қарағандылық ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Әдекенов. 2007 жылы оған ғылым және техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген.








Суреттер






Мұғалімнің аудиожазбасы

http://bilimsite.kz/okushi/7476-kazakstandagy-darilik-osimdikter-sonyn-ishinde-ozimizdin-olkede-kezdesetin-darilik-osimdikter.html





























https://www.youtube.com/watch?v=L9M8QwslOYE


https://www.youtube.com/watch?v=FcHBEzcPaGM


https://www.youtube.com/watch?v=g-B037xDGfE















Сабақтың соңы

10 минут















































Үш дөңгелекті диаграммаға толтырыңыз Ж.

Дескриптор:

- Мәтінді тыңдайды

- Тыңдалған мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады

- Тірек сөздердің омоним, антоним, синонимдерін табады.

ҚБ «Театрдағы іс-әрекет»

Саралау “Сырлы сызба»

Тура, ауыспалы,синоним сөздердің ережелері жазылған парақшалар беріледі.

3-тапсырма. «Зерттеушілік әңгіме» әдісі ЖЖ ТЖ.

Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы жоба жасау ұсынылады (жалбыз, түймедақ, жусан)

Топтардың дайындалуына 10 минут уақыт беріледі. Бұл уақыт ішінде оқушылар өз көзқарастарының себебін, дəлелдері мен мысалдарын дайындайды.

Дескриптор:

  • Тақырыпқа сай дәлелдер мен өз пікірін білдіреді

Саралау:

Ғаламтор сайттарын пайдалану ұсынылады.

ҚБ «Топтардың өзара бағалауы»

Кері байланыс береді:

Келісемін................, «------»

Қосымша ұсынысым «...»,

«...» бойынша тағы да ойланып, талқылауды ұсынамын.

4-тапсырма «Ар-ождан аллеясы» әдісі С.

Сұраққа өз ойларымен жауап беру

  1. Қазіргі медицинада фитотерапия қажет пе?

Дескриптор:

- Өзін тұтынушы орнына қойып көреді.

- Дәрілік шөптер туралы пікірін айтады.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі.

Дескрипторға сүйеніп, «Бағдаршам» көздерімен бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

5-тапсырма «Еттартқыш. Қоқыс жәшігі. Чемодан» әдісі Оқушылар дәрілік шөптердің жақсы қасиеттерін чемоданға (пайдалы, химикаттар аз, арзан).

Жағымсыз қасиеттерін қоқыс жәшігіне (улы,жабайы, үйде дайындалады) Болашақта фитотерапияны дамыту жолдарын еттартқышқа салады.

Дескриптор:

  • Оқушылар дәрілік шөптердің жағымды-жағымсыз қасиеттерін тани алады және саралайды.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

Кері байланыс

«Көңіл-күй кәрзеңкесі» әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін айтып, кәрзеңкеге ақ, қызыл, сары гүлдерді салады. Ақ гүл - «Белсенді қатыстым», қызыл гүл - «Бәрі түсінікті», сары гүл - «Маған іздену керек».







..





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі