жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Денсаулық пен қауіпсіздік" 3 сынып
|
2016 – 2017 оқу жылы, ІІІ тоқсан |
Пән: дүниетану |
||
|
Сабақ тақырыбы: Денсаулық пен қауіпсіздік |
Мектеп: «№92гимназия»КММ |
||
|
Күні : 05.05.2017ж |
Мұғалімнің есімі: Хамзина Нургул Рахтаевна |
||
|
СЫНЫП: 1Б |
Қатысқандар саны: 32 |
||
|
Оқу мақсаты: |
1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру 1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру 1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау |
||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: адамның дене мүшелерін ажырата білуге үйрету |
||
|
Оқушылардың басым бөлігі: денсаулықты сақтау үшін дәрігерге қаралудың маңызын түсіну |
|||
|
Кейбір оқушылар: салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіну |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
денсаулық – здоровье – health; дене мүшелері – части тела – parts of the body; дене шынықтыру жаттығулары – физические упражнения – physical exercises. |
||
|
Құндылықтар |
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін аша отырып, денсаулық сақтауға қажетті жағдайларды дұрыс пайдалануға үйрету |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика және өнер. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындаған кезде оқушыларға геометриялық пішіндерді атап, санауды және әртүрлі түске бояуды ұсыныңыз. Акт |
||
|
Бастапқы білім |
Алдыңғы сабақта оқушылар тағамдар мен сусындар туралы әңгіме жүргізді. Дұрыс тамақтану туралы ұғым қалыптасады |
||
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы
|
Сабаққа назарларларын аударады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз -Балалар, сендер Өте ертеде адамдар өз денсаулығын күтудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бақытты адам – бұл денсаулығы мықты адам. Мықты денсаулық бізге жақсы өмір сүруге, оқуға және еңбек етуге мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау және нығайту үшін адам өз денесінің құрылысы, өз ағзасы туралы білуі тиіс. Дене жаттығулары ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыра отырып, денені өте мықты, күшті және шыдамды етеді. -Күнделікті дене жаттығуларының қандай пайдасы бар? -Сонымен қатар күнделікті дене жаттығулары оқушылардың бойында табандылық, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге деген сенімділікті, бастаған істі аяқтау сияқты қасиеттерді қалыптастырады. -Адам денесінің әр бөлігіне әсер ететін жаттығуларды орындатыңыз. Кеудеге, аяқ пен қол бұлшық етіне салмақ салу, омыртқаның икемділігін арттыруға арналған жаттығулар жасатуыңызға болады. Ғалымдар күніне сегіз минут дене жаттығуымен айналысу адам өмірін ұзартатынын дәлелдеген. Денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтаудың және ауырмаудың тағы бір тәсілі-дәрігерге үнемі қаралып тұру. Біз әдетте ауру асқынғанда ғана дәрігерге барамыз. Бұл дұрыс па? Дәрігерлердің айтуынша, адам денсаулығына шағымданбаса да, өз денсаулығын тексертіп тұру тиіс. Бұл аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі сабақтың ОМ танысамыз |
«Адамның дене мүшелері» плакаты. А3 формат. карточкалар |
|
|
Сабақтың ортасы |
Біздің ұқсастығымыз неде? «Робот» ойынын жұпта орындату. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. Мысалы, екі қолды алға созып, жүрелеп отыру, еңкею, үстелге жақындау, бір парақ қағазды алу және т.б. Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың анық берілуіне байланысты екенін ескертіңіз. Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы қажет. Оқушылардан дене мүшелерінің негізгі атқаратын қызметін атап беруін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап, мәтінді оқып шығуға тапсырма беріңіз. «Сөз құрастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылар әріптерден «денсаулық» сөзін құрастырады. Бұл сөзді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хормен айтқызыңыз. Денсаулықтың маңыздылығы туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылардан денсаулықтың негізгі факторларын атауды сұраңыз. Жауабы: Дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, таңертеңгілік жаттығу жасау, спортпен шұғылдану және т.б. Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқиды. Диалог. Оқушылардан ауырып қалған жағдайда не істеу қажет екенін сұраңыз. Жауабы: Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделуге болмайды. Бұл тапсырманы «Дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойыны түрінде жүргізсе болады. Бір оқушы – дәрігер, ал басқасы – емделуші. Олар дәрігер мен емделуші арасындағы диалогты құрастыруы қажет. Оқушылардың назарын дәрігер қандай ұсыныс беретініне аударыңыз. Оқушыларды өз денсаулығын сақтау маңыздылығын ойлануға жетелеңіз және олардың назарын таңертеңгілік жаттығуға аудартыңыз. Оқушылар тұтастай алғанда ағза үшін дене жаттығуларының пайдасы туралы айтсын. Біздің ұқсастығымыз неде?
|
|
|
|
ойын |
Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту үшін «Кім көп сөз біледі?» ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа сөздер жазылған А4 форматындағы қағазды бір- бірден таратып беріңіз. Берілген сөздермен 3-4 сөзден тұратын жай сөйлем құрастыру қажет. Бірінші топ «денсаулық», екінші топ «ағза», үшінші топ «дене мүшелері» сөздерімен қазақ тілінде сөйлем құрайды. Тапсырманы орындау үшін 3минут беріледі. Тексеру уақытында барлық сынып оқушылардың жаңа сөздерді үш тілде дауыстап айтуы керек. |
|
|
|
Сабақтың соңы |
Сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында ойын ұсыныңыз. Мұғалім кезекпен дене мүшелерін атайды, оқушылар соған байланысты дене қозғалысын атап, жасайды. Тиісті қимылды бірінші болып айтқан оқушы жеңеді. Мысалы, бас – ақпаратты қабылдайды, ойлайды, ауырады. Диалог
Сәуленің тамағы ауырды. Ол дәрігердің қабылдауына келді.
Сәуле мен дәрігер арасындағы диалогты құр. Оқушылар: – адамның дене мүшелерін; – оның негізгі атқаратын қызметін білді; Оқушылар: – денсаулықты нығайту үшін дене жаттығуларын ойлап табуды; – саламатты өмір сүру маңыздылығын түсінуді; – дәрігерлердің адам денсаулығын сақтаудағы қызметін түсінуді; – өз денсаулығын күту және сақтау қажеттілігін түсінуді үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беруге болады. Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет. Жұмысты өз бетінше немесе жұппен орындатуға болады.
Жаттығу денсаулықты нығайтады. |
|
|
|
Қосымша деректер |
Орындап көр. |
|
|
|
Дәптермен жұмыс |
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындаған кезде оқушыларға геометриялық пішіндерді атап, санауды және әртүрлі түске бояуды ұсыну |
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚБ тапсырмалары |
Жинақтан алып, ҚБ тапсырмаларын орындайды. Оқу мақсаты: 1.1.4.3 Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану Бағалау критерийі: Білім алушы Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды. Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды. 1-тапсырма Топтық жұмыс. Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша үйдегі қауіпсіздікті сақтау ережесін құрастырыңыздар. Дескриптор: Білім алушы - қауіп туғызатын заттар мен жағдайларды атайды; - үйдегі қауіпсіздікті сақтау ережесін құрастырады. 2-тапсырма Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың шартты белгілеріне мұқият қараңыз. Олар нені білдіреді? Жұпта талқылаңыз. Үйдегі қауіпсіздікті сақтауға қатысты шартты белгі ойлап тауып, суретін салыңыз. Дескриптор: Білім алушы - қауіпсіздік белгілері туралы әңгімелейді; - үйдегі қауіпсіздікке қатысты белгінің суретін салады. |
Жеке парақшалар |
|
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|
Қабілеті жоғары оқушылар картаны қолдана алады. Өз ойларын жүйлеп жеткізе біледі. |
Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс жасағанда бірін – бірі бағалайды. |
Сергіту сәтін жасату |
|
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген