жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Денсаулық пен қауіпсіздік" 3 сынып
|
2016 – 2017 оқу жылы ІІІ тоқсан Күні: 22.02.2017 Сынып: 1Б Пән: сауат ашу Мұғалім: Хамзина Нургул Рахтаевна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Ортақ тақырып: Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті. |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату. (Ұлттық ойын туралы не білемін? Вв дыбысы және әрпі - 2сағат) |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау. 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды в дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. |
|
Жетістік критерийлері |
Барлығы: Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді; оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды. Көбі: Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады, мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтайды. Кейбірі: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды; |
|
Тілдік мақсаттар |
В әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Оқушылар сұрақтар арқылы жауаптарын болжайды. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Ақиқат құндылығының мәнін аша отырып, ұлттық ойындар ойнауға тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Басқа пәндермен осы ортақ тақырып аясында байланыс орнайды. |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Оқушылар интерактивті тақтаны қолдана алады, жазады, сөйлемнің сызбасын анықтайды. |
|
Бастапқы білім |
Оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрай алады, сұрақтарға жауап береді, сөздерді тұтас оқиды. |
|
Сабақтың барысы: Ұ- ұжымдық жұмыс(сыныппен) Т – топтық жұмыс Ж – жұптық жұмыс Ө – өзіндік жұмыс ОТ – оқушының тәжірибесі МК – мұғалімнің көрсетуі |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Кіріспе 1 минут |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шеңбері, презентацияда беріледі. |
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||
|
Негізгі бөлім 7-минут Оқулықпен жұмыс: 3-минут Жұптық жұмыс 3минут Топтық жұмыс 5-минут Сергіту сәті 2-минут |
(МК,Ұ) Тыңдалым. б)Күй «Балбырауын» ойналады -Балалар, бұл әуеннен қандай әсер алдыңдар? Мерей : -Бүгінгі қонағымыз «Ұлттық ойын» бағдарламасынан келіпті. Әли: -ұлттық ойын бағдарламасының бүгінгі қонағы-в әрпі мен дыбысы. - Қонағымыз ат жарысқа қай көлікпен келді екен? Велосипед, трамвай, автобус суреттерін көрсетемін. -Ат жарысы деген не? Ол қай уақыттарда болады? Жарыс қалай болады? Онда не беріледі? -Ал ендеше осындай сыйлықтарды біз де ала аламыз. Ол үшін тиісті тапсырмаларды орындау керек. -Ендеше ұлттық ойын бағдарламасына біз де қатысып бүгін білімімізді паш етейік . Бұл бағдарлама желісінің жүргізушісі өзім болғандықтан бүгінгі сабағымыз белгілі бір кезеңдермен жүретінін хабарлағым келеді. 1-бөлім «Кел, танысайық» Келген қонағымызбен танысайық: -Балалар,В дыбысы қандай дыбыс? / дауыссыз/ тағы не білесіңдер?/ В дыбысы орыс тілінен енген дыбыс, сөздің басында да ортасында да кездеседі. (ова деген фамилиямызда бар). 2-бөлім «Оқулықпен жұмыс» Оқылым Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру.
Сұрақ: -Балалар мына оқып отырған мәтінімізде қандай тыныс белгілер бар? Ол қалай аталады?/ диалог/ -Кестедегі сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу. -Қазір ол баратын көліктің атауына «Велосипед» сөзіне дыбыстық талдау жасайық. 2. Мәтінді мәнерлеп оқыту арқылы сұраққа жауап берулерін ұйымдастыру. «Кім дыбыстады?» Ат жарысы басталды. -Алда келе жатқан кім? -Бас, қамшыны, бас! -Ұлттық ойынның атын атаңдар. -Оны қай сөйлемге қарап болжадыңдар? М;Ұ;Қ) Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алу білігін бағалау. Оқушыларды энциклопедиямен таныстырыңыз. Сұрақтың жауабын дереккөздер арқылы табуына мүмкіндік жасау. 4-бөлім Ойын:Теңге алу Әр топтан бір оқушы жұмбақтың шешуін тауып, дыбыстық талдау жасау. Қызыл түсті, Мөлдір сулы, Сары түсті, Тасты, құмды, Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде қалықтар. (Аквариум)
Бір атым бар- Құлың болып тумаған. Құнан болып өспеген. (Велосипед) Бар екен бір нақты зат түсі қара, Сүйрейді неше мың пұт іліп ала. Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың, Таңданады көрген жандар тамашаға. (Паровоз) Төрт аяқты ,екі көзді, Өзі жансыз жүреді. От пен майдан жемі бар, Құрыш болат жүрегі. (Автомобиль) Жүйіткіген дәу үйінде, Жүйрік деп ел сүйінді. Тас жолда жұртты тасып жүр, Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус) Төбесі сымға тимесе, Ол ешқашан жүре алмас. Өз иесі басқармаса , Оны ешкім бұра алмас. (Трамвай) 5-бөлім Ойын: «Дыбысты анықта» «Б»-дыбысы бар сөздер естігенде қолдарыңды шапалақтап, «В» дыбысы бар сөздер естігенде аяқтарыңды тарсылдатасыңдар. Ал шатасқан оқушы орынына отырады. «Бала,велосипед, балабақша, балдырған, велосипед, трамвай, автобус» |
күй теледидар,диктофон слайд суреттері YouTube (https://www.youtube. com Велосипед шығу тарихы Видео) сайтынан |
||||||||||||||
|
Дәптермен жұмыс 10-минут Жұптық жұмыс 7минут |
6-бөлім «Кел, әдемі жазайық» Оқушылар жұмыс дәптеріндегі жазуды жазады Біз жазамыз, жазамыз, Саусағымыз талғанша. Дем аламыз, дем аламыз Қолға қалам алғанша. (МК; Ө; Қ) Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау. Оқушылардың Вв әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану. 32-беттегі тапсырманы орындату. Әріптерден сөз құрап, жазу керек. Мысалы: паровоз, автобус.
7-бөлім «Орыныңды
тап»
|
кесте
|
||||||||||||||
|
«Ролдік ойын» 7минут
Қорытынды.
Бағалау |
8-бөлім « біз өткенде»
Әр оқушы өз ойын микрофон арқылы білдіреді .
Сыйлықтарында әр оқушының сабаққа қатысқанына байланысты мадақтау сөздер болады |
Кейіпкер киімдері |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген