Дос іздеген бота
Білім беру аймағы: Таным. Қатынас
Білім беру саласы: ҚМТҚ\ Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Сабақтың мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық және
көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен алған
білімдерінен тиянақтау. Ертегі желісі бойынша ой-өрісін, зейінін,
байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту. Шапшаңдыққа,
еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материалдар
Қостілділік: кейіпкерлерді үш тілде атау.
Түйе – Верблюд – камэл , бота – верблюжонок – колт, қозы –
ягненок – лам, лақ – козлёнок – кэд , күшік – щенок – папэй, ара –
пчела – бэи, бақа – лягушка – фрог.
Мотивациялық қозғаушылық:
Шаттық шеңбері:
Біз тәртіпті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерді көргенде
Амандасып аламыз
Автор: Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
(Балалар өздеріне таныс ертегі атауларың атайды және слайд
тамашалайды)
Жарайсыңдар балалар! Сендер ертегіні көп білетін екенсіндер.
Бүгін мен сендерге тағы бір ертегіні айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің жібек
жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті.
Мөлдір қара көзді бота өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы
оған ақыл айтып тапсырыпты:
Түйе- Альмира:
Мен түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан- жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.
(Түйе баласына ақыл айтыпты)
Боташым қара көзін мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнін үлбіреп
Қара көзің тоймайды
- Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді
тура өзін сияқты дос тап, доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.
(Бота басын изеп тұрады)
Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды
үні бар дос іздеп жолға шығады.
Бота – Жанерке:
Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім
Автор: Бота жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді.
Бота: Бө-бө-бө, мен дос іздеп жүрмін.
Менімен дос боласындыр ма?
Лақ пен қозы: Сен бізге мына тапсырманы орындауға
көмектессең, сенімен дос боламыз.
1-тапсырма: «Өз үйіңді тап»
Ойын барысы: әркім өз үйін атап, табу қажет.
(Орындалған тапсырмаға қозы мен лақ алғыс айтады)
Автор: Иә, осылайша қозы мен лақ ботаға былай дейді.
Лақ - Ернұр:
Мен лақпын қандаймын
Аппақ болған таңдаймын.
Қозы - Жансерік:
Мә, мә-ә мен қошақан қозымын
Момақанның өзімін.
Кел бәріміз дос болайық!
Автор: Бота достарымен күшікке кездеседі.
Бота: Бө-бө-бө, мен дос іздеген ботамын.
Күшік, күшік менімен дос боласың ба?
Күшік: Гав-гав, мен саққұлақ күшікпін мен мына
ойыншықтарымды пойыз вагонына жинастыра алмай қиналып
отырмын, сен маған көмектессең, мен сенімен дос боламын.
2-тапсырма: «Ойлан, тап!»
Ойын барысы: поездбен саяхатқа үй жануарлары және жабайы
аңдар, үй құстары аттанады. Жолаушыларды поездға мына
билеттердегі пішіндер арқылы отырғызамыз.
(Орындалған тапсырмаға күшік алғыс айтады)
Күшік - Санжар: Үй күзетем шақылап
Дыбыс шықса маңайдан
Гав-гав деймін қаттырақ.
Кел екеуміз дос болайық!
Сергіту сәті:
Автор: Бота өз достары лақ, қозы және күшікпен келе жатып ұшып
жүрген араға кездеседі.
Бота: Бө-бө-бө, мен дос іздеген ботамын.
Ара, ара менімен дос боласың ба?
Ара: -Ыз,-ыз,-ыз, мен ұшып жүрген арамын. Сен маған мына
тапсырманы орындауға көмектессең, мен сенімен дос боламын.
3-тапсырма: «Ертегіні желісі бойынша орналастыр»
Ойын барысы: Балалар ертегі атауының желісін ретімен қою.
(Ара тапсырманы орындауға көмектескені үшін өз алғысын
білдіреді)
Ара - Айару: -Ыз,-ыз,-ыз, ұшып келген касыңа
Менен сен шошыма
Қастығым жоқ досыма
Кел екеуміз дос болайық!
Автор: Бәрі бірге жолға жүреді. Сусап су іздеген достар көлге
келеді. Көлдің жиегінде демалып отырған бақаны көреді.
Бота: Бө-бө-бө, мен дос іздеген ботамын.Бақа сен менімен дос
боласың ба?
Бақа: Бақ,бақ,бақ мен көл шетінде сегіз аяқ досымның мына
орындай алмай отырмын. Маған көмектессең мен сенімен дос
боламын.
4-тапсырма. «Жасырынған суретті тап»
(Бақа тапсырманы орындап көмектескені үшін өз алғысың
білдіреді)
Бақа – Жансая
Мен бақамын, бақ бақ
Тосқауылға қарап
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Автор: Бота өз достарымен анасы түйеге келеді.
Түйе: «Міне, ботам өзің сияқты, адал, бір-біріне көмектесетін
достар тауып келіпсің. Жарайсың, ботам!»
Бәрі: «Біз бәріміз доспыз!»
Автор: Сендерге ертегі ұнады ма? Бота өзіңе қандай дос іздеді?
Бота өзімен ертіп келген достарын атайықшы.