Материалдар / ашық сабақ Тақырыбы: Дыбыстық хабар тарату сигналдары және олардың сезілу ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ Тақырыбы: Дыбыстық хабар тарату сигналдары және олардың сезілу ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)» мамандығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2020
659
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ
АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
Пәні: Дыбыстық хабар және дыбыстық хабар құрылғысы
Мамандығы: 1306000- «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)»
Тақырыбы: Дыбыстық хабар тарату сигналдары және олардың сезілу ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: студентерді біліммен ғана хабардар етіп қоймай, оларға айналадағы
ортадан мәліметтер беру арқылы білімдерін қалыптастыру. Дыбыс көздері және
дыбыстың
шығарулы биіктігі және қаттылығын
және дыбыстық хабар таралу
сигналының сипаттамаларымен, дыбыстық таралуы туралы толық түсінік беру.
Білімділік: Студентердің өз жетістіктерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Студенттердің өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей
білуге, өз бетімен ізденіс жұмыс жасауға үйрету
Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу
дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: топтық жұмыс, сұрақ жауап, ізденіс әдісі, ЖИГСО әдісі, ой шақыру әдісі
Пән аралық байланыс: Радиоқабылдау құрылғылары, Радиотарату құрылғылары.
Техникалық оқыту
құралдары
және көрнекіліктері: Презентация, мультимедиялық тақта, кестелер, оқу бейнефильмі,
постерлер, камертон аспабы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1.
2.
3.
4.
5.

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Білімді тиянақтау (үй тапсырмасын тексеру) (25 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру(35 мин)
Сабақты қорытындылау(20 мин)
Бағалау (5 мин)

6. Үйге тапсырма(2 мин)
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
 Студентермен сәлемдесу, түгендеу.
 Студентерді сабаққа әзірлеу.
 Студенттердің назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғай талап қою.
2.
Білімді тиянақтау (үй тапсырмасын тексеру) (25 мин)
«Ұяшықты таңда»
Ұяшықтарды таңдау ретімен ұяшықтағы сұраққа жауап беру
1.

Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
1. Толқын дегеніміз не?
2. Толқындардың неше түрі бар?
3. Сыммен хабар тарту жүйесі дегеніміз қандай жүй?
4. Радиохабарларын тарату көздерін атаңыз ?
5. Радио хабарларын таратудың түрлерін атаңыз?
6. Алғаш радионы ойлап тапқан ғалымды атаңыз?
«Полиглот» ойыны
Ағылшын тіліндегі сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, үш тілде сөздерді дыбыстау
Радио – radio- Радио
Дыбыс – sound -Звук
Телефон – phone - Телефон
Кабел – cable - Кабель
Толқын – wave -Волна
АТС Автоматты телефонды станция – Automatic telephone station
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (35 мин)
Жоспар:
1. Дыбыс. Дыбыс көздері
2. Дыбыстың таралуы
3. Дыбыс сипаттамалары
4. Дыбыс туралы 10 - қызық дерек
«Ой шақыру» стратегиясы
Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін
емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен
қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Ол қалай аталады?

(Дыбыс)

Жаңа тақырыпқа кіріспе
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу. (Дыбыс)
1. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын қалай
атайды? (период)
2. Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын қалай атайды? (ығысу)
3. Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып
отырытын қозғалысын қалай атайды? (тербеліс)
4. Тербелістердің кеңістікте таралуын қалай атайды? (толқын)

5. Жер сілкіну ошағынан
атайды? (сейсмограф)

келген

тербелістерді

байқайтын

құралды

қалай

1
2
3
4
5
Өткен тақырыппен байланыстыру. Дыбыс туралы толық түсінік беру. Анықтамасын,
сипаттамаларын, мультимедиялық тақта арқылы слайд түрінде көрсете отырып түсіндіру
ЖИГСО әдісі бойынша топтық жұмыс, тақырыпты 4 мәтінге бөліп, әр топқа 1 мәтінен
алдарына таратылады, берілген мәтін бойынша постер жасау, және дыбыстың таралуын
қалай түсінетіндігі туралы постерге сурет салып түсіндіру.
Постер жасау (5мин)
1- топ: Дыбыс деген не?
2- топ: Дыбыстың таралуы
3- топ Дыбыстыңқандайсипаттамалары бар?
4- топ Дыбыс туралы 10- қызық дерек
Постерді қорғау ( 5 мин)
Жаңа сабақ: Дыбыстық хабар тарату сигналдары және олардың сезілу
ерекшеліктері
Дыбыс. Дыбыс көздері
Адамзат дыбыс дүниесінде өмір сүреді. Біз адамдардың дауысын, құстың
сайрағанын, музыкалық аспаптарының дыбысын, теңіз толқындарының шуылын, күн
күркіреуін естиміз. Жұмыс істеп тұрған машиналар, қозғалған транспорт және т.б дыбыс
шығарады.
Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі акустика деп атайды.
Дыбыс дегеніміз есту түйсігін туғызатын,серпімді толқындар немесе сығылусиректену құбылысының ауада таралуын айтады.
Дыбыс толқындарының табиғи қабылдағышы құлақ болып саналады, ал
техникалық қабылдағыштарының бірі микрофон болып табылады.
Адам құлағы естетін және естімейтін болып дыбыс екі топқа бөлінеді.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар және шу болып ажыратылады.
Адамның құлағы жиілігі 16Гц-тен 20кГц дейінгі серпімді толқындарды қабылдайды.
Сондықтан 16Гц пен 20кГц аралығындағы жиілікті дыбыс жиіліктері. Тек жас адамдар
ғана жиілігі 20кГц дыбысты алады. Жасы ұлғайған кезде адамда жиілігі 12-14кГц жоғарғы
дыбыс толқындарын естуден қалады.
Дыбыс жиілігімен тербелетін кез келген дене айналасындағы ортаға дыбыс
толқындарын туғызады да, ол дыбыс көзі болып саналады.
1.

Дыбыс көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи дыбыс көздеріне мыналар жатады: жарылыс, оқтың ұшуы, найзағай, ішек, жел, ал
жасанды дыбыс көздеріне камертон, гитара, сирена т.б. жатады.
Жасанды дыбыс көздерінің бірі – камертон қысқа сапталған екі айыр доға тәрізді
иілген металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Сурет 1 - Дыбыстық толқын шығаратын денелер
Камертонды ең алғаш 1711ж ағылшын музыканты Дж. Шором музыкалық аспатарды
күйіне келтіру үшін ойлап тапқан.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар және шу болып ажыратылады.
Музыкалық дыбыстарға мысалы ән, музыкалық аспаптардың керілген ішектерінің
дыбысы, ысқырық т.б.жатады. Музыкалық дыбыстарға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес
келеді.
Шу - әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуын айтады. Қопарылыс
кезінде, жылан ысылдағанда, есіктің майланбаған топсасы шиқылдағанда т.с.с. шу пайда
болады. Шуға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Адам құлағы қабылдамайтын дыбыстар естілмейтін дыбыстар болып саналады.
Естілмейтін дыбыстар екі топқа бөлінеді олар, жиілігі 16 Гц-тен төмен
толқындар инфрадыбыстар деп
атайды
және
жиілігі
20
кГц-тен
жоғары
толқындар ультрадыбыстар деп атайды. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза,
су шаяны тәріздес су жәндіктері жақсы қабылдайды. Ультрадыбыстарды дельфиндер,
иттер, жарқанаттар т.б тіршілік иілері шығарады.
2. Дыбыстың таралуы.
Дыбыс барлық ортада тарала алады. Сонымен қатар оның таралу жылдамдығы зат
бөлшектері бір-бірімен күштірек байланысқан орталарда үлкенірек болады, себебі ондай
орталардың деформациясы кезінде туындайтын серпімділік куштері де көбірек болады.
Дыбыс таралу үшін серпімді орта қажет. Дыбыс газда, сұйықтарда, қатты денелерде
әртүрлі жылдамдықтармен тарайды. Дыбыс вакуумда ғана таралмайды, өйткені ол жерде
тербелетін зат жоқ.
Газдардағы дыбыс.
Күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз
де, біраздан кейін ғана дыбысты естиміз. Бұл кешігі себебі аудағы дыбыс жылдамдығы,
найзағайдан шыққан жарық жылдамдығынан әлдеқайда аз екендігімен түсіндіріледі.
Аудағы дыбыстың таралу жылдамдығын алғаш рет 1636 жылы француз ғалымы
М.Мерсен өлшеген. 200С температурада ол 343м/с,яғни 1235км/сағ тең.
Сұйықтардағы дыбыс.
Судағы дыбыстың жылдамдығын алғаш рет 1826ж Ж.Коладон мен Я.Штурм
өлшеген. Олар өздерінің тәжірибелерін Швейцарияда Женева көлінде жүргізді. Дыбыстың
судағы жылдамдығы 80С температурада ол шамамен 1440м/с болған.
Дыбыс жылдамдығы – профильдің қалпы өзгеріссіз қалатын серпімді толқынның ортада
орын ауыстыру жылдамдығы.

Кесте 1 - Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы
Орта

Дыбыс жылдамдығы, м/с

Ауа

330

Су
Болат

1480
4380

Мыс

3800

Темір

5850

Шыны
Сутек

5600
1280

Каучук

50

3. Дыбыс сипаттамалары
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс
қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Дыбысты бір-бірінен ажырату үшін дыбыстың арнайы үш сипаттамасы енгізілген.
1. Дыбыстың қаттылығы - тербелісің амплитудасымен анықталады.
Құлақ қабылдайтын дыбыс толқындарының толық диапазоны 0-130дБ-ге дейінгі
қаттылыққа сәйкес келеді. Үйлердегі шу қаттылығы 30-40дБ-ден аспауы керек. Дыбыс
қаттылығының бірлігі американ өнертапқышы А.Белдің құрметіне бел деп алынған.
2. Дыбыс тоны немесе дыбыс биіктігі (жоғарылығы)- тербеліс жиілігімен анықталады,
яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігрек болады.
3. Тембр немесе дауыс бояуы
Дыбыстың қаттылығы
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды
пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша,
оның
көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің
шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз.
Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді
оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын
қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның
гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс —
тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның
гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп
камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

Сурет 2 – Камертон құрылғы
Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс
шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін
болады. Камертонды ақырын ұру — амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең
дыбыс шығады.
Демек, дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен
анықталады.
Кесте 2 – Дыбыстардың қаттылық сипаттары

Тербелістер амплитудасы
Дыбыс көзінің шығаратын энергиясы дененің тербелістер амплитудасымен
анықталады. Демек, дыбыс қаттылығы да тербеліс энергиясына байланысты болады.
Алайда біз дыбыс туралы айтқанда, оларды энергия шамасымен бағалауымыз өте
қолайсыз. Біздің құлақ жарғағымызға жететін ең қатты дыбыстардың (құлақты
ауыртатын) энергиясы адам қабылдай алатын ең бәсең дыбыстардың энергиясынан он
триллион есе артық болады.
Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бекітілген. 16 Гцтен 20 000 Гц-ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диапазоны 0-ден 140 дБ-ге
дейінгі шектегі логарифмдік шкалада қамтылып беріледі. Децибел (дБ) — 1847—1922
жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің
құрметіне бел (Б) деп аталған қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни 1 бел 10 децибелге
тең.
Дыбыстың биіктігі

Дыбыстың биіктігі неге тәуелді болатынын анықтау үшін екі камертон алып,
оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың тербеліс графиктерін салса, онда
кішірек камертонның тербеліс жиілігі үлкенірек камертондыкінен көп болатынын
байқауға болады. Демек, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Бұл қорытындыны дыбыс генераторынан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және
осциллографтан тұратын құрылғының көмегімен де тексеруге болады. Дыбыс
генераторындағы айнымалы кернеудің жиілігін, яғни оған сәйкес дыбыс зорайтқыш
шығаратын дыбыс толқынының жиілігін өзгерту арқылы әртүрлі биіктіктегі дыбысты
естуге болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқының басқаша тон деп атайды.
Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон
биіктігімен ерекшеленетін болады. Жиілігі аз дыбысқа төмен тон (1, а-сурет), ал жиілігі
жоғары дыбысқа (2, ә-сурет) биігірек тон сәйкес келеді.

Сурет 3- Дыбыс толқындарының жиіліктері а) төмен тон ә) жиілігі жоғары
Сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен
болса, тон да биігірек болады.
Адам дауысын тон биіктігібойыншабірнешедиапазонғабөледі: бас (80—150 Гц), баритон
(110—149Гц), тенор (130—520Гц), дискант (260—1050 Гц), колоратуралық сопрано (1400
Гц-кедейін).
Дыбыстың тембірі
Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуын немесе музыканттардың
айтуынша, оның тембірі болыпта былады.
Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың
сапасы.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап
жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы,
қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні әр
түрлі шығады, бірдей нота әр түрлі орындалады.
Дыбыстың шуы
Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол — оларға қандай да бір белгілі
тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Шу—әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болыпта былады.
Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл
шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи
үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып
тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс орындарында 90

дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника деп аталатын
шулардың жаңа көздері пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.
Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті
деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың
қаттылық деңгейі 30—40 дБ-ден артпауы тиіс.
4. Дыбыс туралы 10 - қызық дерек
1. Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең
жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120–130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден
өліп кетеді.
Қарапайым әңгіме – бұл шамамен 45–55 дБ.
Офистегі дыбыс — 55–65 дБ.
Көшедегі шу — 70–80 дБ.
Басқышы бар мотоцикл — 85 дБ-ден жоғары.
Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.
Ал ракета — 145 дБ-ден жоғары.
2. Адамдарға дыбыс пен шудың айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, екеуі бір
емес. Мамандар үшін бұл екі терминнің арасында үлкен айырмашылық бар. Дыбыс – бұл
жануарлар мен адамдардың сезім мүшелері қабылдайтын ауытқулар. Ал шу – бұл
дыбыстардың бейберекет араласуы.
3. Дауысымыздың таспада өзгеше болып шығуы, ол біздің «өзге құлақпен»
тыңдайтынымыздан. Бұл біртүрлі естілгенімен, бірақ дәл солай. Біз сөйлеген кезде
дауысымызды екі жолмен қабылдаймыз – сыртқы (есту каналы, дабыл жарғағы мен
ортаңғы құлақ) және ішкі (дыбыстың төменгі жиілігін күшейтетін бас тіндері арқылы).
Ал сырттан тыңдаған кезде тек сыртқы канал жұмыс істейді.
4. Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен
қатар тынысын естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы
қалыптыдан аса жоғары екенін білдіреді.
5. Теңіз қабыршағы арқылы біз тыңдап жүрген теңіз шуы, шын мәнінде біздің қан
тамырларымыз арқылы ағып жатқан қанның дыбысы. Құлағымызға қарапайым
шынаяқты қойып та осындай дыбысты ести алуға болады. Жасап көріңіз!
6. Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен,
білетініміздей, керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша?
Ол... тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын
тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың
ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау болатын.
7. Дыбысжарыққаайналаалады. Бұл құбылыс «соно люминесценция» деп аталады.
Сфералық ультрадыбыстық толқын тудыратын резонаторды суға салу арқылы осындай
құбылысты байқауға болады. Толқынның сейілу фазасында өте төмен қысымның әсерінен
кавитациялық көпіршік пайда болады, ал кейін қысылу фазасында тез жарылады. Бұл
сәтте көпіршіктің дәл ортасында көк жарық пайда болады.
8. «А» — әлемде ең жиі айтылатын дыбыс. Ол планетамыздың барлық тілінде кездеседі.
Ал жалпы әлемде шамамен 6,7-7 мың тіл бар. Адамдар көбіне қытай, испан, хинди,
ағылшын, орыс, португал және араб тілдерінде сөйлейді.
9. Адам қалыпты үнмен айтылып жатқан ауызша әңгімені 5-6 метр қашықтықтан
ести алатын болса, қалыпты саналады. Немесе жоғары үнмен айтылып жатқан әңгімені
20 метр қашықтықтан есту де қалыпты. Егер 2-3 метр қашықтықта айтылып жатқан
әңгімені нашар еститін болсаңыз, онда сурдолгқа қаралған жөн.
10. Біз есту қабілетімізді жоғалтып жатқанымызды байқамай қалуымыз
мүмкін. Өйткені бұл процесс, әдетте, бір сәтте емес, бірте-бірте жүреді. Процесс
басталған сәтті қалт жібермей, дәрігерге қаралатын болса, бұл ақауды емдеп алу оңай.

Алайда адам есту қабілетінің нашарлай бастағанын бірден байқамайды. Ал ауру асқынып
кеткен жағдайда дәрігерлер де еш көмектесе алмай қалады.
4. Сабақты қорытындылау (20 мин)
«Дыбыс» сөзжұмбағы
1. Ұлттық музыкалық аспап.(Домбыра)
2. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта
оралған
дыбыс толқындарын не деп атайды? (Жаңғырық)
3. Адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. (Тембр)
4. Тербелістер амплитудасымен анықталатын дыбыс сипаттамасы (Қаттылық)
5. Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі не деп атайды? (Акустика)
Д
Ы
Б
Ы
С

«Kahoot» бағдарламасы онлайн интернет желісі арқылы тіркеліп, желіде ұялы смартфон
телефоны арқылы студенттер топ құрып, тақтаға шыққан тест сұрақтарына смартфон
телефондары арқылы жауап беріп, автоматты түрде тақтаға ең бірінші дұрыс жауап берген

топ көрінеді. Бағдарлама интернет желісі арқылы жұмыс істейді, тест жүргізуге бағалауды
бағдарлама өзі атқарады.
«Kahoot» бағдарламасында тест тапсырмаларын орындау
Тест сұрақтары
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқынды ультрадыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі
қандай?
С) 200Гц
А) 20 000Гц
Б) 200 000Гц
Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф
С) камертон
Б) дыбыс зорайтқыш
Д) генератор
5. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне
С) тербеліс жиілігіне
Д) таралу жылдамдығына
Б) тербеліс амплитудасына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр
С) метр/секунд
Б) герц
Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы көрсетіңіз:
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы:
С) 120дБ
А) 100дБ
Б) 50-60дБ
Д) 10дБ
8. Дыбыс дегеніміз не?
А) Ауаның тербелісі
С) Адамның есту түйсігі
В) Есту түйсігін туғызатын, серпімді Д) Есту қабілеті
толқындар
9. Адамның құлағы қандай жиіліктегі толқындарды қабылдай алады?
А) 1-16 кГц
В) 16 кГц-20 МГц
С) 16 Гц-20 кГц
Д) 16 Гц-2 кГц
10. Камертонды не себепті ағаш жәшікке отырғызады?
А) тіреуге арналған
В) дыбысты күшейту үшін
С) дыбысты сүзуге арналған
Д) дыбыс жиіліктерін дәл күйге келтіру үшін
6. Бағалау (5 мин)
Белсенді топтардың студенттері, тест қорытындысы бойынша бағаланады.
7. Үйге тапсырма (2мин)
Өтілген тақырыпқа дайындалу

Қосымша ақпарат көзі (әдебиет):
1. Алдошин И.А., Вологдин З.И., Ефимов А.П. и др. Электроакустика и звуковое
вещание. - М: Горячая линия – Телеком, 2007.
2. Выходец А.В. Коваленко В.И., Кохно М.И. Звуковое и телевизионное вещание. – М:
Радио и связь, 1987

ҮАПК 703-05-17. Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі. Бесінші басылым
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!