жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Есептер және математикалық модельдеу" 2 сынып
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
Қарағанды қаласы білім бөлімі
«№92гимназия» КММ
Сабақ тақырыбы:
«5.1 Есептер және математикалық модель »
Дайындаған: 2 «Б»-сынып мұғалімі
Хамзина Нургул Рахтаевна
Қарағанды – 2018
|
Пән: математика Мұғалім: Хамзина Н.Р Қатысқандар саны: 31 Қатыспағандар саны: |
||||
|
Бөлімше тақырыбы/дағдылар: |
5.1 Есептер және математикалық модель |
|||
|
Оқу мақсаттары |
2.5.1.4. Санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне салыстыру. 2.5.1.7. 2 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу жəне шығару. |
|||
|
Cабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: • санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді шығара алады. Көптеген оқушылар: •2 амалдан тұратын есептерді шығара алады (бірнеше есе арттыру/кемітуге берілген қарапайым есептердің түрлі комбинациялары; еселік салыстыру). Кейбір оқушылар : •теңдеулерді, күрделі теңдеулерді шығара алады |
|||
|
Бағалау критерийі |
Есеп құрастырады. Есепті шығару жоспарын анықтай алады. Сызба үлгіні толтыра алады. Екі амалды дұрыс орындайды. Өрнекті жаза алады. |
|||
|
Құндылықтар |
Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді саралай отырып, өз іс әрекеттеріне баға беруге, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге, ынтымақтастық, ашықтыққа тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі пәнімен байланыс |
|||
|
Ресурстар |
Самса қималары, шар, сызбалар, карточкалар, |
|||
|
Сабақтың жоспарлау кезеңдері |
Оқыту әдістері |
Бағалау әдістері |
Саралау тәсілдері |
|
|
Сабақтың басы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Қызығушылықты ояту. Әуен:
-ненің дыбысы? Қонақ күту салтымыз, Оқып, біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз. Оқушылармен қонақжайлық туралы əңгіме жүргізіледі. Оқушылар қонақтың келуіне қалай дайындалатындарын айтады. Қонақ күткен кезде санай білудің қандай көмегі бар екенін анықтайды. Оқушылар қонақжайлылық туралы мақалдарды еске түсіреді. Ендеше сол қонаққа дастархан жасайық:
Қымыз-3, ет, бауырсақ, кәмпит 20:2 2*9 6:2 18:2 -Мына үстел кімге арналған деп ойлайсыңдар? -Қазақ қандай халық? -Осындай тағамдар қонақтарға көп кете ме?/шығын/-сынып оқушыларына 2есесінен де көп кетеді дегендей пікірлер айтылады. Топтық жұмыс Ендеше есеп құрып көрелік: Сыныпта 3 топ балалар бар.Үстелдегі тағам 1топ балаларға жетеді. Тағам қанша есе аз? 3:1=3 кері есеп 3*1=3 1*3=3 |
шапалақ Оқушылар белсенділігін арттыру үшін |
Тапсырма |
|
|
Сабақтың ортасы |
Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Оқулықтағы 3, (а) тапсырма. Оқушыларға қысқаша жазба немесе сызба бойынша есептер құрастыру ұсынылады. Бұл–белгілі есептер. Курасан-5дана Бәліш-?дана, 2есе артық Ш: 5*2=10 Ж: Бәліш 10дана Ары қарай 3, (ə) есептегі сұрақты екі амалмен шығатындай етіп өзгерту ұсынылады. Курасан-5дана Бәліш -?дана, 2есе артық Барлығы-? Ш: 5*2=10 5+10=15 Ж: Барлығы 15 дана Мұғалім нақты көз жеткізеді, оқушылар бұрын мұндай есептер шығарды ма? – Олар алдыңғы есепетерден несімен ерекшеленеді? Оқушылар мақсат қояды – 2 амалдан тұратын жаңа түрдегі есептерді құрастыруды жəне шығарады. Талдап, дәптерде де орындайды. Тақтада сызбаны толықтырады. Жаңаны ашу Құрастырылған есептердің шарты мен сұрағын айтуды ұсынамын. -Есептердің сызбасын қалай толықтыруға болады? Оқушылар сызбаны санмен толықтырады. Тақтада есептердің қысқаша жазбасы мен шешуі түсініктеме берумен құрастырылады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. 3, (б) тапсырма материалы негізінде жүргіземін. – Бірінші сызба бойынша есепте қанша амал бар? (Бір). –Есептің сызбасы (шарты, сұрағы) қалай өзгерді? –Бұл есеп қанша амалдан тұрады? Оқушылар есепті шығару жоспарына түсініктеме береді, есептің өзін критерийлер бойынша тексерумен өз беттерінше шығарады. Бағалау критерийлеріЕсепті оқи аламын. Шығару жоспарын анықтай аламын. Сызба-үлгіні толтыра аламын.Екі амалды дұрыс орындай аламын. Өрнекті жаза аламын.Жауапты жаза аламын. Сергіту сәті: https:goo.gl/images/EoZPE1 Жұптық жұмыс: Теңдеуді шешіп, жұбын тексеру Оқушылар деңгейлері бойынша есептерді таңдап алып шығарады. Жай теңдеулерді талдаймыз: 2*х=18 5*х=15 9*а=18 -белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөлемін. 14: с=2 –белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлемін 58-20+с=40 с-(20+9)=60 күрделі теңдеуді шешу үшін жай теңдеуге айналдырамын. Аналардың тосынсыйы: Өткенді қолдану дəптердегі 1, 2, 4-тапсырмалар негізінде жүргізіледі. Оқулықтағы 5-тапсырма – практикалық жұмыс. Зерттеу ұйымдастыру үшін оқушылар топ алдына 20 самсадан тастаймын. Оқушылар практикалық амалдар негізінде пісірілген самсалар санын анықтайды ( 20 – 10 – 2 = 8) немесе х+2+10 х-8 |
Бағдаршам арқылы бағалау От шашу арқылы бағалау |
Бағалау Диалог және қолдау көрсету Қорытынды |
|
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: есептер шығару |
|
|
|
|
Рефлексия |
Қорытынды бағамдау: Рефлексия. Неге қол жеткіздік? -санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді шығардық; үйренген түрдегі есептерге өз бетінше кері есептер құрастыру жəне шығардық. Шарларға өзіміздің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жазамыз |
пирамида |
|
|
Қарағанды облысы оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
1 наурыз 2018 жылы «№92 гимназия» КММ аясында «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы аясында «Функционалдық сауаттылық-оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты» тақырыбында облыстық семинар өтті. Осы семинарда бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нургул Рахтаевна «Есептер және математикалық модель» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: 2.5.1.4. Санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне салыстыру. 2.5.1.7. 2 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу жəне шығару. Сабаққа 31оқушы жалпы математикалық сауаттылық төңірегінде санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді, 2 амалдан тұратын есептерді (бірнеше есе арттыру/кемітуге берілген қарапайым есептердің түрлі комбинациялары; еселік салыстыру) және теңдеулерді, күрделі теңдеулерді шығара алатынын дәлелдеді.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылыққа берілген есептерді балалар орындай алатынына көзіміз жетті. Сабақ өз мақсатына жетті. Қатысушылар ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген