400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 2-сынып оқушыларына арналған. Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Жаттығулар орындата отырып, сұрақ қою арқылы етістік тұрған сөздеді таба біліуге үйрету. Дәстүрлі сабақ арқылы белсенділіктерін, сабаққа деген қызығушылығын бақылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ









Сабақтың тақырыбы: Етістік





































Теміртау 2017

2-сынып

Қазақ тілі пәні

Күні: 18.04.2017 Уақыты: 13:30

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Жаттығулар орындата отырып, сұрақ қою арқылы етістік тұрған сөздеді таба біліуге үйрету. Дәстүрлі сабақ арқылы белсенділіктерін, сабаққа деген қызығушылығын бақылау.

Дамытушылығы: сөзік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Әр түрлі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: плакат, сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлемдесу. Оқушылардың назарын аудару. Құралдарын түгендеу.

Психологиялық кезең:

- Балалар бүгін қандай мақсатпен келіңдіңдер?

- Жақсы білім аламын деп келдім

- Жақсы баға аламын деп келдім

- 5 аламын деп келдім

- Жарайсындар балалар алға қойған мақсаттарың өте жақсы екен!

Мақсаттарыңа жетіңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

– Балалар үй тапсырмасына қандай дайындықпен келдеріңді білейік. Сұрақтарға дұрыс жауаап беріп, Алма талдағы алмаларды жинайық.

1. Сөз таптарына нелер жатады? (Зат есім, Етістік, сын есім, сан есім)

2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер кім? не?)

3. Зат есімнің неше түрі бар? (Жекеше кім? не? Және көпше түрі

кімдер? нелер?)

4. Жалқы есім дегеніміз не? (жалқы есім адам, жер –су, қала, үй жануарларының аттарын айтады. Жалқы есімдегі сөздердің барлығы бас әріппен жазылады.)

5. Жалпы есім дегеніміз не? (жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дегеніміз)









ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе:

Түсіндіру:- Ал балалар бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз Етістік. Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз Етістіктерге не істеді? не қылды? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады. Ал Етістік деген сөзді ағаш қазақ тіліне енгізген – Ахмет Байтұрсынов ата «тіл құралы» деген кітабында көрсеткен.

- Ал балалар етістік әлеміне саяхатқа шығайық. Бірінші аялдамамыз «Ғажайып суреттер» аялдамасы. Суреттегі балаларға ат қойып не істеп жатқандарын қысқаша айтып өтейік. (5 –сурет )

- Жарайсындар балалар келесі аялдамамыз « Жаттығулар әлеміне»

Дәптермен жұмыс.

413 – жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Ауызша орындау

Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Аю) не істейді?

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.(Күн)

414 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады.

Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндар ағаштан ағашқа секіреді.

415- жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.

Көгершін, (не?) жасыл, (қандай?) жинады (не істеді?) айтты (не істеді?) асыл, (қандай?) сөйлесті ( не істеді?) байлады ( не істеді?).

- Жарайсындар балалар сендер әр аялдамадан қиналмстан өтіп жатсыңдар. Ал енді «Мәтінмен жұмыс» аялдамасынада жеттік.

- Балалар соңғы аялдамамыз «Білім керек бәріне». Қазақта мақал бар ғой «Білім инемен құдық қазғандай» «Білімдінің көзі жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп қазақ бекер айтпаған. Білім бізге оңайлықпен келмейді екен ол үшін көптеген тер төгіп, жаттығулар орындап, сөйлемдер құрап еңбек ету керек екен біз. Барлық нәрсе білім арқылы келеді. Математика сабағанда біз есп шығаруды үйренеміз, ана ана тілінде өлең , ертегі ақын жазушылармен танысады екенбіз, ал қазақ тілінде ережелер жаттап, көркем жазып, жаттығулар орындаймыз. Осының барлығы білім арқылы келеді. Ал сендер өздерің білім жайлы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

416- жаттығу. Мәтінді оқы. Етістіктердің астын астын сыз.

Тиін күзде қыста жейтін азығын жинайды. Саңырауқұлақтарды ағаш бұтағына іліп кептіреді. Ал жаңғақ пен шыршаның бүршігін топыраққа көміп, жасырып қояды. Тиін азық қорын мол дайындайды. Қыста бәрін жеп тауыспайды. Желінбей қалған жаңғақ пен бүден көктемде жас өскіндер өсіп шығады. Кейін олар шыршаға, жаңғақ ағаштарына айналады.

Мәтіндегі сөздеді топқа бөл

Зат есім Етістік

___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________

___________________________ ___________________________

V Қорыту . Сұрақтар қою:

  • Балалар етістік дегеніміз не?

  • Етістіктің сұрақтарын атаңдаршы?

  • Кім мысалдар келтіреді?

  • Бүгін сабақ қызық болдыма?

Ендеше сабақ түсінікті болса мына кестені толтырып маған таратып беріңіздер!

Симантикалық карта арқылы арқылы сабақты қорытындылаймыз.

ҮІ Үй тапсырмасы: 417 – жаттығу үйге «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құра.

ҮІІ. Бағалау. Сабақта жаттығуларды орындаған оқушыларға баға қою

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі