400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Физика әлеміне саяхат" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға физика және астрономия ғылымдарының маңызы,

олардың зерттейтін объектілері, мүмкіндіктері, табиғаттың таңғажайып физикалық құбылыстары туралы білімдерін кеңейту заңдылықтарды өмірде қолдана білуге, үштілді қатар меңгеруге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын практикалық есеп шығару дағдыларын, қалыптастыру, ойлау ұшқырлығы мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, үштілде сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды зерттеуге, өздігінен ізденуге, тұжырымдар жасауға баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, сауаттылыққа, шешендікке, адамгершілікке, шапшаңдыққа, сенімді болуға өз-өзіне, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс

Өту әдісі: Ойын элементтерін пайдалану, есептер шығару, сұрақ – жауап, рольдерде ойнау әдістері.

Көрнекілігі: Физика және астрономия зертханасы, бағалау парақтары, слайдтар формулалар, сұрақ – тапсырмалар,құрал жабдықтар, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: Астрономия, физика, математика, информатика, география, биология, химия.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Сайыс бағдарламасымен таныстыру

  3. Сайыстың өту барысы

  4. Қорытындылау



  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Оқушыларды сайыстын бағдарламасымен таныстырып өту.

Сиқырлы қорапшамен таныстыру

  1. Сайыс бағдарламасымен таныстыру.

1 – «Топ аты, эмблема» аялдамасы.

2 – «Үй тапсырмасы» аялдамасы.

3 – «Физика сұрақтары» аялдамасы.

4 – «Физика зертханасы» аялдамасы.

5 – «Физика есептері» аялдамасы.

6 – «Мақал – мәтелдер - физикада» аялдамасы.

7 – «Физикада кім жылдам ?» аялдамасы.

8 – «Физика әлемі»

  1. Сайыстың барысы:

1 – «Топ аты, эмблема» аялдамасында топтар өз топтарының аттарын айтып, эмблемаларын қорғап, сәлемдеседі (үш тілде: қазақ, орысша, ағылшынша).

Топтардың аты: «Физика» тобы және «Астрономия» тобы

2 – «Үй тапсырмасы» аялдамасындаүйге берілген шығармашылық жұмысты тапсырады(есептің мәнін үш тілде айтып береді)

  1. – топқа берілген тапсырма: «Үйден мектепке дейін келген кездегі жолды анықтау»

  2. –топқа берілген тапсырма: «Үйден мектепке дейінгі дененің жылдамдығын анықтау»

3 – «Физика сұрақтары» аялдамасында «Физика» және «Астрономия» топтары бір-біріне сұрақтар қояды (жауаптарын үш тілде береді)

4 – «Физика зертханасы» аялдамасында берілген физикалық құрал – жабдықтармен зертханалық жұмыс жасайды. (жұмыстың орындалу реті:мақсаты, барысы, қорытындылауы бағаланады, жауапты қазақша және орысша беріп, қолданылған құралдарын, терминдердің ағылшынша нұсқасын айтып береді)

  1. – топқа «Дененің көлемін өлшеу»

  2. –топқа «Кішкентай денелердің көлемдерін өлшеу»

5 – «Физика есептері» аялдамасында 2 топ берілген есептерді шығарады (есептің шығарылу жолы, берілгенін жазу, жауабын жазу ережесінің сақталуы бағаланады)

  1. – топқа:

  1. 1 км-ді метрмен өрнекте.

  2. 150000000 км санын ықшамдап стандарт түрінде жаз.

  3. Есепте: 1010 :1010=

  4. Автомобиль 120км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.Автомобильдің жылдамдығын тап.

  5. 8 кг керосин сыятын құтының көлемі 0,01м3. Керосиннің тығыздығы қандай ?

  1. – топқа:

  1. Тоннада қанша кг бар ?

  2. 300000км/с жылдамдықты ықшамдап стандарт түрінде жаз.

  3. Есепте:1010*1010=

  4. Массасын 300г білеушенің көлемі 150см3. Білеуше жасалған заттың тығыздығын тап.

  5. Резеңке таспаның қатаңдығы 7,2*104H/м.Егер таспаға 20кН күш әсер етсе, онда ол қандай шамаға созылады ?

6 – «Мақал – мәтелдер - физикада» аялдамасында екі топ физикада қолданылатын мақал-мәтелдерден мысалдар келтіреді (қазақша, орысша, ағылшынша айту керек)

7 – «Физикада кім жылдам ?» аялдамасында оқушылардың тез арада «физика» және «астрономия» топтары бір – біріне дайындаған сұрақтарына жауап беруеді.

8 – «Физика әлемі» аялдамасында 11-сынып оқушысы тұрады, сол оқушының қолынан тапсырмаларды таңдағандарын алып, дайындыққа кіріседі. 3минут уақыт дайындалуға беріледі. (Тапсырмалардың орындалуының дұрыстығы, шапшаңдығы, рольді аша білуі бағаланады)

1 – топқа: 1. «Күш» - ке ассоциация жазу (үш тілде)

2.Физикалық құбылысты көрермендерге жест, мимикамен сипаттап көрсету (тапқан көрерменге сыйлық)

3.Физикалық шамаларды білгенінше жазу

2 – топқа: 1. «Қысым» - ға ассоциация жазу (үш тілде)

2. «Физика туралы ертегі» оқу

3. Физикалық құралдарды білгенінше жазу

  1. Қорытындылау:

Оқушылардың қатысқандарына рахмет айтылып, жеңіспаз топ марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі