Материалдар / Ашық сабақ: Тақырыбы: Ғажайып құс

Ашық сабақ: Тақырыбы: Ғажайып құс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Тақырыбы: Ғажайып құс.4 сынып.Әріптестеріме тәжрибие алмасу мақсатында салып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнайлы аудандық білім

1жалпы орта мектебі «STEP by STEP»

инновациялық технологиясы бойынша өткізілген

ашық оқу қызметінің конспектісі



Тақырыбы: «Ғажайып қыс»






4« Е»сынып оқушысы: Койшыгулова А.Б








2021-2022 оқу жылы


Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Бейнелеу,Көркем әдебиет, Қоршаған ортамен танысу,

Мақсаты: Бала санасына бағыттап оның қасиеттерін, ерекшеліктерін қоршаған ортамен тығыз байланыстырып, баланың дербестігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасау. Қыс мезгіліндегі ауа райындағы ерекшеліктерді түсіндіру және оған тәжірибе жасау. Қоршаған ортадағы жан-жануарларды аялауға және оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғи материалдарды қолдана отырып шығармашылық қабілетін арттыру, тәжірибе жұмыстары арқылы заттың қасиеттерін білу.

Көрнекілік: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер,ноутбук, дидактикалық ойындар.

Қажетті заттар: ыдыстағы су,мұз,судың түсін өзгерткіш бояулар,түрлі-түсті маркерлер, желім, ақ қағаз, ермексаз,түрлі-түсті қағаздар.

Билингвизм: қатты, жұмсақ,

Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Өнер», «Ғылым», «Аспаз», «Көркем әдебиет»


Әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың

іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғаушы


Балалар жердегі қарларды басып кіріп келеді:

Шаттық шеңбер

Қөкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басыгой.

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме!

Доброе утро!

Good morning!

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырып, орталықтарда өткізілетін жұмыс түрлерімен атап, орталыққа байланысты карточкаларды өз

таңдаулары бойынша алып, әр орталыққа бөлінуді ұйымдастырады.


Ертеңгілік жиынға жиналып, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Қолдарын алға созады

Қолдарын жоғары созады

Қолдарын жоғары көтереді

Отырады

Қолдарын айқастырады

Бір-бірін құшақтайды


Қонақтармен амандасады

Өз таңдаулары бойынша карточкаларды алып, әр орталыққа бөлінеді, орталыққа сәйкес киімдерді киеді.


Іздену

ұйымдастырушы.


«Көркем әдебиет »

Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді сұрайды.

Ноутбук арқылы балаларға ертегіні көрсетеді.

Ертегі туралы жалпы түсінік береді.

Қандай кейіпкерлер болғанын балалар менен айтып қайталайды.

Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін ажыратады.

Дидактикалық ойын: Төлдерін тап?

Мақсаты: Жануарлардың төлдерін дұрыс ажырату, аттарын дұрыс атау.

Сұрақ-жауап арқылы ертегіні балаларға жеткізу.

Ертегіні қайта балалардың өзінен сұрау.

Сергіту сәті

Қар жауғанда топ бала

Соқтық міне аққала, Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап-қара

Көне шелек басында

Сыпырғышы қолында

Мұзайдында аршуға

Келгендей-ақ ол мұнда.

«Өнер» орталығы

Тәрбиеші алдымен қазір жылдың қай мезгілін екенін сұрайды.

Қыс мезгілінде табиғаттағы өзгешеліктерді айту.

Балаларға әр түрлі табиғи материалдарды қолдана отырып,аққаланы шыршаны жасауды көрсетеді.

Балаларға нұсқау беріп, көмектеседі.

Көрме ұйымдастырады.

Қандай табиғи матераилдармен аққаланы шыршаны жасадық?

«Аспаз» орталығы

Балалар бүгінгі аспаз орталығына қош келдіңіздер. Біз аспаз орталығында не істейміз ? Ендеше біз бастамас бұрын қолдарымызды жуып алайық. Балалар біз бүгін жемістерден йогорт қосылған салат жасаймыз. Біз бұл салатты банан, алма,мандарин,алмұрт жемістерінен жасаймыз. Балалар сендер маған көмектесесіңдерме? Аспаз балаларға жемістерді кесуге береді. Алдымен аспаз өзі балаларға жемістерді қалай кесуді көрсетеді.

Әрбір бала бір жемістен алып кесіп ыдыстарға салады. Аспаз барлық кесілген жемістерді бір ыдысқа салып араластырады. Ендеше балалар йогортты салып араластырамыз. Мінекей балалар біздің салатымыз дайын болды. Балалар енді осы салатымызға бірге атын қоямыз. Қазір қыс мезгілі болғандықтан «қысқы дәрумендер» салаты деп айтамыз.

«Ғылым» орталығы

Балалар ғылым орталығына қош келдіңдер!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай болады?

Табиғатта қандай құбылыстар болады?

Дұрыс айтасындар.

Ендеше балалар осы құбылыстарды көргіміз келеме?

Бәріміз назарымызды ноутбукқа қаратамыз.

Балалар нелерді көрдік?

Дұрыс айтасындар.

Енді біз балалар осы желді зерттейміз. Арнайы ыдысды алып оған трубочканы салып үрлейміз.

Сонда ыдыстағы ақ қарлар ұшады.

Міне балалар осылай жел қарды ұшырады екен.

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Балалар жылдың 4 мезгілін білуі, әр мезгілде табиғатта болатын өзгешеліктерді білуі керек.

Балалар ендіше біз қарды зерттейміз.

Қар ерісе ол суға айналады екен.

Ауа райы суық болғандықтан мұзға айналады.

Мұз жылы температурада еріп суға айналады екен.

Балалар қазір стакандағы суға мұз салсақ ол судың бетінде қалқып жүреді екен.

Мұз суға батпайды екен.

Судың дәмі болама?

Енді лимон қосамыз.

Дәмі өзгердіма?

Иә қышқыл болды енді лимонды жеп қоямыз.

Судың түсі қандай?

Дұрыс айтасындар судың түсі жоқ мөлдір екен.

Ендеше біз судың түсін түрлі-түсті бояулармен өзгерте алады екенбіз. Балалар біз бүгін қыс мезгілінде болатын табиғаттағы құбылыстарды зерттедік.








Балалар жауап айтады.


Мұқият тыңдап, естерінде сақтайды.


Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыратады.


Жануарларды төлдерін ажыратады, аттарын атайды.

Балалар көрген ертегіні айтып береді.















Қыс мезгілі.

Күн суық болады, қар жауады, жел болады.

Қар еріп мұзға айналады.

Әр түрлі табиғи материалдарды қолдана отырып,аққаланы шыршаны жасайды.

Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Балалардың жауаптары.

Аққала, шырша





Аспаз орталығында әртүрлі тағамдар, жемістерден көкөністерден салаттар дайындаймыз.





Иә



Балалар жемістерді алып тақтайша үстінде кеседі.


.







Балалар келіседі.






Қыс мезгілі

Үш ай бар.Желтоқсан Қаңтар, Ақпан

Қар жауады, жел болады, мұз қатады.Жаңбыр жауады.

Иә

Ноутбукқа қарайды.

Қар жауғанын, боран болғанын.


Балалар ыдысты алып трубочкамен үрлейді.






Маркерлермен белгілейді.



Қарды зерттейді.


Мұзды ұстап көріп, тәжірибе жасайды.

Лимон қосылған суды ішіп көреді.



Жоқ

Иә қышқыл дәмі




Түсі жоқ. Мөлдір болады






Рефлексті

коррекциялаушы


Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрғызады.

Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.

Ғылым орталығында неге тәжірибе жасадық?

Өнер орталығында не жасадық?


Аспаз орталығында не дайындадық?


Көркем әдебиет орталығында не үйрендік?


Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрады.


Қарды,мұзды,жаңбырды желді зерттейді.

Аққаланы шыршаны жасадық

Қысқы дәрумендер салатын жасадық.

Екі аяз туралы қызықты ертегі тыңдадық.











Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қыс мезгілі туралы білімі, табиғаттағы болатын өзгерістерін,ерекшеліктерін, қоршаған ортадағы жан-жануарларға қамқорлық жасап білу, тәжірибе жұмыстары арқылы заттың қасиеттерін білу керек. Табиғаттағы құбылыстарды білуі керек.

Болуы керек: Қоршаған ортаға қамқорлық сезімі болу керек.Үлкендерге көмектесу әсіресе анамызға (ас үйге)

Қолынан келеді:Табиғаттың құбылыстарына тәжірибе жасау, қыс мезгіліндегі қарды мұзды желді жаңбырды зерттей білді.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ