400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ тақырыбы Гидросфера тақырбы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Гтдросфера тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары география пән мұғалімдеріне тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы



БҚО

Зеленов ауданы

Мичурин ауылы

Мичурин ЖОББМБ кешені

География пәнінің мұғалімі : Даулетова Эльвира Ерболатовна

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы. Табиғаттағы су айналымының маңызы.

Сабақтың мақсаты:- білімділік: Оқушыларға «гидросфера» туралы ұғым беру. Дүние жүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера ,атмосфера,гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру.

-дамытушылық: Ойларын жинақтай білуге,өз бетімен еңбектену іскеліктерін,ойлау қабілеттерін картамен жұмыс істеу бағдарларын дамыту.

-тәрбиелілік: Жолдастарына көмек беру, пәнге қызығушылығын арттыру,тапқырлыққа белсенділікке табандылыққа табиғи ортаны аялай білуге, экологиялық саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картсы,глобус, атлас, электронды оқулық,суреттер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру. (бес тапсырма)

ІІІ-Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІV-Бекіту.

V-Қорытынды.(кесте арқылы)

VІ-Үйге тапсырма.

VІІ-Бағалау.

І-Ұйыдастыру бөлімі.

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.

Сойлемді толықтыр.

1.Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталтын ауа қабығы қоршап жатыр.

2.Атмрсфера қабаттары: тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттары.

3.Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады.

4.Адам 4000м (40 км)биіктікке көтерілгенде қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. 


1-тапсырма.

Ауаның құрамындағы пайыздық үлесіне қарай газдардың диаграммаға атауларын жаз.


Прямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 7




2-тапсырма. Бұл қандай газ?



Тыныс алуға,жануға қатысатын,тіршілік үшін маңызыды газ


Оттегі




Өсімдіктердің минералдық қорегі болып табылатын газ


Азот


Жерді жылытуға қатысатын газ



Көмір қышқыл газы







3-тапсырма. Сызбаны толтыр.



4-тапсырма. Тест:

1. Атмосферадағы оттегінің проценттік (%) құрамы: А) 78 % В) 21%С) 0,03 %

2. Майда мұз кристалдарынан тұратын бұлттар: А) шарбы бұлтВ) будақ бұлтС) қабат бұлт

3.Табиғат құбылыстары болатын ауа қабаты: А) биосфераВ) атмосфераС) тропосфера

4.Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі-бұл: А) экологиялық проблема В) шикізат проблемасы С) азық-түлік проблемасы

5. 1м3 ауа құрамындағы су буының мөлшері. Ол граммен көрсетіледі. А) салыстырмалы биіктік В) абсолюттік ылғалдылық С) салыстырмалы ылғалдылық

6. Ауаның көбі қай қабатта? А) тропосфера В) озон С) стратосфера

7.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда А) қысым

В) тұман С) бұлт

8. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін А) бұлттылық В) тұман С) конденсация

9. 2 км биіктікке дейін түзелетін ........ бұлт аспанды түгелдей торлап алады да, одан ұзаққа созылатын ақ жауын жауады. А) шарбы В) будақ С) қабат

10.Ылғалдылықты өлшейтін құрал: А) барометр В) гигрометр С) спидометр


ІІІ-Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпты жұмбақ арқылы ашу.

Тұлпар емес – тулайды,

Тоғай емес – шулайды.(су)

Бесігі – бұлт

Бейіті – жер (жаңбыр)


Жүгіреді, аяндайды

Еш жерге аялдамайды( өзен)


§38 Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.


Жоспар:

1) Гидросфера туралы ұғым.

2) Дүние жүзілік су айналымы.


Гидросфера-«гидро»-су, «сфера»-шар деген мағынаны білдіреді.

1) Гидросфераның құрамына:атмосфералық жауын–шашын, мұхит, өзен, көл, мұздық,жер асты суы,теңіз,батпақ)


Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км3.

Тұщы су-2,5%

Тұзды су-97,5℅.

Судың төрт қасиеті бар:1)Құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды,соған орай жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде-мұхиттар құрлыққа жылу береді,ал жаз мезгілінде-салқын әкеледі.

2)Су көптеген заттарды ерітеді. (оқушылар мысал келтіреді)

  1. Су ағыны жер бедерін өзгертеді.(мысалы өзен ағыны)

  2. Су-тірі ағзалардың құрам бөлігі. Мысалы-Өсімдіктер массасының-80-99%, жануарлар массасының-75%. Адам ағзасында-65%


Жердегі тіршілікке себепші су болып табылады. Ең алғаш суда ең алғашқы тіршілік –бактерия суда пайда болды.


Дүние жүзілік су айналымы дегеніміз-судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін айтамыз.


Антуан де Сент –Экзюпери: “Су! Сенің не дәмің жоқ, не түсің жоқ, не иісің жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, сенің қанадай екеніңді білместен, сенімен шөл қандырады! Сені өмір сүруге қажетті деуге болмайды, өйткені сен өзің өмірсің. Сен - әлемдегі ең басты байлықсың”

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «иә», «жоқ»


1. Гидросфера ауа қабығы

2. Су жер шарының 71% алып жатыр

3. Тұщы су судың 2,5% құрайды

4.Азот гидросфераның құрамы

5.Табиғаттағы су айналымы: үлкен және кіші болып бөлінеді.


V-Қорытынды: Эссе «Судың табиғаттағы экологиялық маңызы»

V І-Үй тапсырмасы:

  1. §38 оқу

  2. Су туралы мақал-мәтел және жұмбақ жазу.


VІІ-Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі