400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Тақырыбы: "Жемістер әлеміне саяхат" Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша ұстаздарына көмегі тиер деген мақсатпен жіберіп отырмын. Сабақтың мақсаты балаларға жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Жыл мезгілдерін айыра білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Мукушева Ш.Қ. Күні: 17.11.2017ж. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Жемістер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір - бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.
Көрнекіліктер: жемістердің суреті , жеміс түрлері, слайд.
Сөздік жұмыс: жемістер. Билингвалды компонент: күз-осень, жемістер-фрукты, алма-яблоко, алмұрт-груша, шие-вишня.

Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Үлкенге де «сіз», Кішіге де «сіз», Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдарын көңілдене орындайды.
Ғажайып сәт: Кірпінің қонаққа келуі.
І- тапсырма: «Серпілген сауал» - Бір аптада неше күн бар? - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы
– Үш айдан тұрады, қыркүйек, қазан, қараша. Күз мезгілінің ерекшелігін кім әңгімелеп береді? (балалардың жауаптары тыңдалады).
ІІ-тапсырма: «Жұмбақ шеше білеміз бе?» 1.Өрік, алма, жидек жүзім піседі. Қауын, қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады, Айтыңдаршы бөбектерім, Бұл қай кезде болады?

2.Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.

3.Жерге тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады, шешуін кім табады?

4.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Сергіту сәті.

ІІІ-тапсырма: «Жемістер әлеміне саяхат» Суретпен жұмыс. Балалардан күз мегіліне, жемістерге қатысты өлең жолдарын айтқызу. О, алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ, Бақтың іші алаша, Аунар ма едім жатып ап.

Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау, Жаңбырың сіркіреп, Тұрғаның қызық-ау.

Гүл жайнаған даланың, Жапырағы солыпты. Таңырқадым қарадым, Танымастай болыпты.

Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.

Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім.

Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін.

Мен алмамын, алмамын, Таңдайда қалар бар дәмім.

IV-тапсырма: Д/о: «Бөлігін тап»
Мақсаты: Берілген көкөністермен жемістердің бөлігін тауып жапсыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қорытынды: Д/о: «Йә, жоқ»ойыны. Алманың пішіні үшбұрыш па? Банан тропикалық жеміске жата ма? Шиенің дәмі қышқыл ма? Пияз көкөніс пе? Қияр теректе өсе ме? Алмұрттың дәмі ащы ма? Кірпіге рахмет айтып қоштасу. Балаларды мадақтау. Назарларыңызға рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
14061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі