Сауат
ашу негіздері ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
ТАҚЫРЫБЫ:
Жұмбақ
айта
білеміз.
Ж
дыбысы
мен
əрпі
Білім
беру саласы: Коммуникация.
ҰОҚ-ның
оқытылу
мақсаттары:
Тілдің
дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер
ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.Сөздегі
дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,
дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.Тыңдалған
материал негізінде қарапайым сұрақтарға
жауап қайтару.
Дұрыс
əсерлі
көңіл
күй
орнату.
Оқу
қызметіне балалардың назарын тарту
үшін педагог жағымды атмосфера
туғызады.Тəрбиеленушілер өлеңді
қимылмен, жақсы көңіл күймен қайталайды.Үш
тілде амандасу.
« Шаттық шеңбері»
Күнің көзі ашылып,
Көкке
шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу
үлкенге ,
Тәрбиенің
басы ғой.
Ал,қанекей
бәріміз
Сәлем
дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме,апайлар!
Қайырлы
таң ,қайырлы күн!
I.Ұйымдастыру
кезеңі: Жыл
мезгілдері,апта күндері,мезгіл
ерекшеліктері,ауа-райы,табиғат құбылыстары
жайлы сұрақ-жауап жұмыстары.Жұмбақ
жасыру.
-Балалар,бүгін
бізде қандай сабақ? (Сауат ашу негіздері)
-Балалар,бүгінгі
күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.
-Дыбыстар
нешеге бөлінеді?
Қандай
болып екіге бөлінеді?
-Олай
болса мен бұрын танысқан дыбыстарды
көрсетемін,оларды айтамын. Егер мен
көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс
болса қызыл текшелеріңді,дауыссыз дыбыс
болса көк текшелеріңді көтеріңдер.
-Ал,бүгінгі
оқу қызметімізді жұмбақ жасырумен
бастаймыз.
Күндіз
бәрі қашады,
Түнде
аспанды басады.(Жұлдыз)
Ішіне
тамақ салынған,
Есігі
тастай жабылған.(Жұмыртқа)
II.
Негізгі бөлім:
Дидактикалық
ойындар: «
Ойлан тап»
«Артығын
тап»
Əліппе-дəптермен
жұмыс
1-тапсырма
Тыңда.
Педагог
балаларға қысқаша жұмбақ туралы мəтінді
оқып, оның қызықты болатыны туралы айтып
береді.
Жұмбақ–
адамның алғырлығын,білімін сынау
мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты
тұспалдап сипаттайтын шағын тақпақ.
Жұмбақ шешу өте қиында, қызықты.
-Балалар
сонымен біздер жұмбақ,жұлдыз,жұмыртқа
дегенде қандай дыбыс естіп тұрмыз.
(Балалардың
жауабы)
Дұрыс
айтасыздар Ж дыбысы естіліп тұр,олай
болса бүгінгі оқу қызметімізде біздер
Ждыбысы мен әрпі мен танысамыз.
2-тапсырма
Жұмбақтың
шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып,
осы сөздерде кездесетін Ж дыбысын
бірнеше рет қайталатады.
Ж
– ұяң дауыссыз дыбыс. «Ж» созылып,
əндетіліп айтылмайды, ауыз қуысында
кедергіге ұшырайды. Көк түсті дөңгелекпен
белгіленеді.
3-тапсырма.
Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп
табады. (Кемпірқосақ, жапырақ).
–Кемпірқосақтың
түсі нешеу? (Балалар кемпірқосақтың
түсінің санын айтады үш тілде).
Түстерін
атай отырып, Ж дыбысы естілетін түсті
табады (жасыл).
Ж
дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар
келтірту. Балалар əр баланың айтқан
сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау
жасайды. Мысалы: жаң-ғақ. Ж дыбысы –
дауыссыз дыбыс. Көк белгімен белгіленеді.
Сергіту
сəті.
«Буги-Буги»
өлеңін қимылмен көрсету
Оң
қолыңды соз алға
Одан
кейін артқа,
Қайталаймыз
алға
Қол
бұлғаймыз қуана
Біз
бейлейміз буги – буги
Дөңгелене
айнала
Қол
соғамыз шаттанып
Буги-буги
окей/3 ...
4-тапсырма
Сурет
бойынша əңгіме құрастырады.
Педагог
əңгімелеп беріп, сұрақ қояды.
Жапырақтары
жайылған шөптер мен гүлдер өсіп тұрады.
Көбелек ұшып келеді. Шөптердің арасынан
жылан жылжып барады.
Балалар
суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.
Жазу
жолдарына Ж əрпінің баспа түрін жазады.
Алдымен ауада жазып көрсетеді.
III.
ҰОҚ-ның қорытындысы.
Педагог
қорытынды жасайды.
Балаларды
мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты
болғанын сұрайды.
Қай
тапсырманы орындау қызықты болды?
Рефлексия.
Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер
арқылы бағалайды.
Балаларды
жұлдызшамен бағалау