400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы "Жыл басына таласқан хайуанаттар" МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар


Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру.

Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ертегіні айта отырып рөлмен  ойнау, диолог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адалдостыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.

Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, үнтаспа.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын түрлері.


Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Шаттық шеңбері.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

Балалар мен бірге қайталайды.

- Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық.

Оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет.


Іздену ұйымдастырушылық кезеңі.

- Балалар қазір жылдық қай мезгілі екен?

- Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?

- Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

- Дұрыс, жарайсыңдар.


Оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

- Балалар бізге қонаққа кімдер келіп отыр екен?

- Осы хайуанаттардың жыл басына қалай таласқанын мына үнтаспадан тыңдап көрелік.

- Ал, енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсымыз рөлге бөліп ойнап көреміз бе?

Тәрбиеші ертегіні бастайды.

- Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.

- Жылқы айтыпты: Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, Қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.

Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын.



Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.

Барыс: - Тоқта, тоқта кербез түйе! Сен бойыңа сенсең мен күшіме сенемін, ендеше неге мен жыл басы болмаймын? Барыстың әні;

Сиыр тұрып: - Адам егін ексе, жер жыртса мен керекпін. Олар сүтімді ішеді, құрт, майымды жейді, Жыл басы болуға мен лайықпын.

Ит тұрып: - Мен болмасам сендердің барлықтарыңды қасқыр жеп қояр еді, мен бақташымын.

Ұлу: - Неге күштілер жыл басы болу керек. Жыл басы болу үшін ақыл мен ой керек.

Әтеш: - Мен жыл басымын, ерте тұрып, таң атты деп хабар беремін.

Қой: - Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалырағың жоқ, жыл басы мен боламын.

Тышқан: - Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық, кім бірінші күннің көзін көрсе сол жыл басы болмақ.

Аңдар жиналып бір ойын ойнайды. Ал түйе болса ойнағысы келмей, аулақтау жерге барып ұйықтайды.

- Достар таң атып, күн шыққанша біраз уақыт бар, келіңдер бір ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тез бояйды»

Балалар суреттерді бояйды.

Сергіту кезеңі.

Жылды қарап тұралық,

Ойын сауық құрайық.

Бұрын көрген батырды,

Жыл басы деп ұғайық.

Тышқан қулық ойлайды

Келіспеске қоймайды,

Шығып алып түйенің,

Өркешімен ойнайды


- Балалар енді ойын ойнап болсақ, барлығымыз көзімізді жұмамыз,

сол кезде күн шығады, ойынның қызығына түскен аңдар мұны байқамай да қалады тек байқаған тышқан болады.

- Алақай, алақай

Күнді көрдім алақай.

Қулығыммен, ақылыммен,

Бәрін жеңдім алақай.

- Бәрекелді! Міне нағыз жыл басы ақылды тышқан болды. Қалған хайуанаттар мен көрдім, мен көрдім деп алға жылжып жытты. Ал түйе болса сол ұйықтаған жерінде, күнді көре алмай, жыл атауынан құр қалыпты.


Түйені оятып: Түйе мырза, сен әлі маңқиып ұйықтап жатырмысың! Мына жұрт жылды бөлісіп те алды. Кел кімнен кейін кім болғанын білейік.

Хормен: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңызды санап жаттап біліп қой.


Рефлекстік түзету кезеңі.

- Соны мен балалар ертегі сендерге ұнады ма? Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не өттік?

- Жарайсыңдар, барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жыл атауларын сендерге үйрену үшін беріп жібердім, жаттап алыңдар. Бүгін оқу іс - әрекетіміз аяқталды, апайларға сау болыңыз айтамыз.


Күтілетін нәтиже:

Білу тиіс: Жыл аттарын білу керек.

Үйрену керек: Ертегіні кейіптендіру, кейіпкердің жүрісіндегі, қимылындағы, дауысындағы ерекшелікті бейнелеу



























«Өтес орта мектебі»



Бекітемін:_____________

«06» желтоқсан 2017 ж



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»







Өткізген: Балуанбай Қ



2017 жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі