400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: К дыбысы мен әрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пәні: Қазақстан тарихы


Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы- тұлға және саясаткер.

8-сынып.




















Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы- тұлға және саясаткер.

Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлының тұлға ретіндегі сипатын аша отырып, қазіргі күн тұрғысынан баға беру.

Міндеттері:

Білімділік:Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды Кенесары көтерілісінің маңызын аша отырып, басқа да ұлт-азаттық көтерілістермен салыстыра алу, оқулықты пайдаланып кесте, тірек-сызба жасау және өз ойларын дәйектерге сүйене отырып жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Қазақстандық ұлтжандылық қасиетін қалыптастыру, өз елінің өткен тарихына деген құрметке және тәуелсіздіктің құнын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: Сараптау, тестпен жұмыс, логикалық тапсырмалар

Көрнекілігі: С. Датов, К. Қасымұлы, Абылайхан, Исатай мен Махамбет портреттері, ХІХ ғ. Қазақстан картасы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар қатарлары бойынша топтарға бөлініп отырады.Оқушыларды түгендеу. Сынып ішінен сараптамашыны тағайындау, оның міндеті оқушылардың сабаққа қатысуына сараптама жасап, үздік топты анықтау болып табылады.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы: «1837-1847 ж.ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.»

Слайдтағы өлең жолдары оқылады:

Арқада Көкшетауға жер жетпейді,

Басқа жер көңілді ондай тербетпейді.

Ту тіккен Абылай ата кең далада,

Қазақта хан Кенеме ер жетпейді,- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбы үйге оқуға берілген болатын. Ендеше қазір топтар үй тапсырмасын бізге түсіндіреді. 1-топ Кенесарының патша үкіметіне қарсы күресу себептерін сипаттайды. 2 –топ Кенесарының Қоқан жеріне шабуыл жасау себептерін сипаттайды. 3-топ Кенесарының Қырғыз жеріне келу себептерін түсіндіреді.

Сараптамашының пікірін тыңдап, нәтижеленеді.

Үй тапсырмасын сұраудың екінші бөлімінде 1-топ Кенесарының хандық билігіне сипаттама жасайды. 2- топ Кенесарының көтерілісін Исатай мен Махамбет көтерілісімен салыстырады. 3- топ Кенесары көтерілісін Сырым Датұлы көтерілісімен салыстырады.

Сарапшының пікірін тыңдап, үздік топ анықталады.

Енді ойымызды жинақтап, біраз сергіп алайық. Ол үшін мен сіздерге логикалық сұрақтар қоямын.

  1. Тауық екі аяғымен тұрғанда 4 кг болса, бір аяғымен тұрғанда неше кг болады?

  2. Мына әріптердің орыс алфавитіндегі ретін дұрыс көрсетіңіздер:

Ъ, Ы, Ь

  1. Үстелде екі алма тұр біреуін 4- ке бөлсем барлығы неше алма болады?

Енді сабағымыздың екінші бөлімі «Кенесары Қасымұлы- тұлға және саясаткер» тақырыбына тоқталайық. Мен сіздерге Кенесары Қасымұлының тұлғалық сипатын келесі тірек схема арқылы жасап келдім. Енді сіздер тақырыпты үйден оқып келгендіктен, Кенесары кім деген сұраққа жауап бере алады деп ойлаймын. Сондықтан Кенесары Қасымұлының мен жасаған сипатына келісетін болсаңыздыр дәйек сөздер арқылы дәлелдеп, сипаттап берулеріңізді сұраймын.


Топтасу жасау: Кенесары кім?



Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1





Кенесары Қасымұлының тұлға және саяси қайратер екеніне көзіміз жетті. Енді қазір үш топта «Егер Кенесары Қасымұлы жеңіп, тірі қалғанда не болар еді ...» деген сүрақ төңірегінде ойымызды айтып көрейік.

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы ретінде 10 сұрақтан тұратын тестке жауап берейік.









І нұсқа

1.Кенесары Қасымұлы өмірге келген уақыт.

А) 1803 ж. В) 1802 с) 1801 ж.

2. Кенесарының қарындасы, жақтасы кім?

А) Бопай В) Сапара С) Томирис

3.1844 ж. К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті.Жеңіліске ұшыраған топты кім басқарды?
А) Лебедев В) Дуниковский С) Жантөре

4.Қай жердегі шайқаста Кенесары жеңіліс тапты?
А) Жетісу В) Тоқмақ С) Майтөбе

5. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазған зерттеуші кім?
А) Перовский В)Майер С) М. Жұмабаев

6.К.Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж. В) 1845ж. С) 1841ж.

7.Кенесары көтеріліс барысында қандай мемлекет құрды?
А) Діни В) Феодалдық С) тоталитарлық

8.К.Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?
А) Тек қана Орта жүз В) ҰлыЖүз бен Кіші Жүзді С) Бүкіл Қазақстанды

9.1841 ж. К.Қасымұлы хандықты кімдер арқылы басқарды ?
А) Жасауылдар В) сұлтандар С) қағанда

10.Қай жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді?
А) 1845ж. В) 1846ж. С) 1847ж.

Тесттің жауабы: І нұсқа: 1)В. 2) А. 3) С 4)С. 5)В. 6)С. 7)В. 8)С. 9)А. 10)С



















ІІ нұсқа.

1.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
А) 1827-1837ж.ж. В) 1847-1857ж.ж. С) 1837-1847 ж.ж.

2.1844 ж. шілдеде Тобыл өзені бойындағы шайқаста қанша сұлтан қаза тапты?

А) 44 В) 11 С) 55

3.1838 ж. тамыз айында Кенесары әскері қай қаланы өртеп жіберді?

А) Ақмола В) Тобыл С) Ақтау

4. 1842 ж. Орынбор ген. Губернаторы кім болды?

А) Перовский В) Обручев С) Айшуақұлы

5. Кенесары әскері қанша сарбаздан тұрды?

А) 10 мың В) 20 мың С) 50 мың

6. Долгов пен Герн елшілігі Кенесарыға қай жылы келді?

А)1844 ж. ақпан В) 1845 ж. ақпан С) 1845 қаңтар

7. 1842 ж. Сотниковтың отрядына тұтқынға түскен Кенесарының жақыны кім?

А) Бауыры Наурызбай В) әйелі Күнімжан С) Ағасы Саржан

8. Кенесарының ісін жалғастырған кім?

А) баласы Сыздық сұлтан В) қарындасы Бопай С)Сұраншы батыр

9. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары кімнің көмегіне сүйенді?

А) Махамбет пен Исатай В) Жанқожа Нұрмұхаметұлы

С) Сырым Датұлы

10. Кенесары мерт болған жер қалай аталды?

А) Майтөбе В) Тастөбе С)Ақбұлақ

Тесттің жауаптары:

ІІ нұсқа 1) С. 2)А. 3)А. 4)В 5)В 6)В 7)В 8)А 9)В 10)А

Тесттің қорытындысы бойынша сыныптың тақырыпты меңгеру сапасы анықталады.

Оқушылар жылдар мен болған оқиғаларды сәйкестендіреді.
1841 ж. Кенесары Қасымұлы хан сайланды.
1842 ж. Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды.
1843 ж. Ресей императоры қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды.
1844 ж. Кенесары хан сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.
1845 ж. Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1847 ж. Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.


Қорытындылау: Мемлекетіміздің Тәуелсіздіктің 23 жылдығын тойлауы қарсаңында қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлының қозғалысын өтіп отырмыз. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.Хан арманы, халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі егемендікке қолы жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.



5.Үйге тапсырма беру. «Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбынан Кенесары Қасымұлының тұлғалық портретін жасап келу..

6.Бағалау. Тесттің қорытындысы бойынша





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі