Материалдар / АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: «Көктемгі самал желдің дыбысы» («С» дыбысы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: «Көктемгі самал желдің дыбысы» («С» дыбысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: көктем мезгілі туралы түсінікті қалыптастыру және көктемнің өзіндік белгілерімен таныстыру. Міндеттері: Түзету-білімділік міндеті: • Көктем мезгілімен таныстыру, жыл мезгілдері туралы баланың білімін жүйелеу; • Тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту, мезгіл және оның белгілері туралы түсінікті бекіту; • «С» дыбысын сөз арасында дұрыс айтуды машықтандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
799
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақтөбе қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ









Бекітемін_____________

ППТК әдіскері Айтбаева М.Т.









АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Көктемгі самал желдің дыбысы» («С» дыбысы)





Орындаған: логопед мұғалімі

Бисенова А.О.







Ақтөбе, 2021 ж.



Мақсаты: көктем мезгілі туралы түсінікті қалыптастыру және көктемнің өзіндік белгілерімен таныстыру.

Міндеттері:

Түзету-білімділік міндеті:

  • Көктем мезгілімен таныстыру, жыл мезгілдері туралы баланың білімін жүйелеу;

  • Тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту, мезгіл және оның белгілері туралы түсінікті бекіту;

  • «С» дыбысын сөз арасында дұрыс айтуды машықтандыру.

Түзету-дамытушылық міндеті:

  • Сюжетті картиналар арқылы ойын дұрыс жеткізуді, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптыстыру;

  • Ойын арқылы есте сақтауды, есту арқылы қабылдауды, назар аударуды, ойлау қабілетін дамыту.

Түзету-тәрбиелік міндеті:

  • Ересек адамның сөзін тыңдауды, бақылай білуді үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Салем, күн! Қолды басқа қойып, сәуле етіп саусақтарды ажырату

Салем, көк бұлт! Бұлтты көрсету

Салем, жел! Қолды оңға-солға бұлғап, желді көрсету

Салем, ағаштар! Ағаштарды көрсету

Салем, таң! Оңға қарай қолды сермеу

Салем, күн! Солға қарай қолды сермеу

Мақсаты: көктем туралы және оның өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, мезгіл туралы түсінікті бекіту. «С» дыбысын бекіту, сөз, сөйлем арасында дұрыс айтуға машықтандыру.

Құрал-жабдықтар: презентация, әртүрлі (жел, тамшы, көктемгі) аудио дыбыстар, сюжетті картиналар, дидактикалық ойын.

  1. «Қандай жыл мезгілдері?» жаттығуы

Балаға презентация көрсетіледі. «Қандай жыл мезгілдері?» сұрағына жауап береді. Өзі білетін жыл мезгілдерін атайды.


  1. «Жыл мезгілдерін ретімен қой» жаттығуы

Жыл мезгілдердің суреттері ұсынылады, әр жыл мезгілін ретімен қояды. Олардың белгілерін атайды.


  1. Сюжетті графикалық жоспар бойынша жұмыс

Балаға сюжетті суреттер ұсынылады. Бала «Қазір қандай жыл мезгілі?, Көктем қай жыл мезгілінен кейін болады? Көктемде күн не істейді?» сұрақтарына жауап береді. Суреттер арқылы көктемнің өзіндік белгілерімен танысады.


  1. «Көктемнің белгілерін тап» дидактикалық ойыны

Балаға әр мезгілдің белгілері бейнеленген суреттер беріледі. Бала суреттердің арасынан көктемге тән белгілерді таңдайды.

  1. «Көп-аз» дидактикалық ойыны

Балаға бұлттың, ағаштың, шалшық судың суреттері ұсынылады. Бала суреттер бойынша көп-азды бөліп ажыратады.


  1. «Көктемгі желдің дыбысы қандай?» жаттығу

Балаға көктем мезгілінің суреті көрсетіледі және көктемгі желдің дыбысын тыңдайды (аудиодыбыс). Бала көктемгі самал желдің дыбысын айтады? «С-с-с-с»


  1. «С» дыбысы

«С» дыбысының артикуляциясы көрсетіледі. Артикуляциялық жаттығуларды орындайды:

  • Горка;

  • Жымию;

  • Ине.

  1. «С» дыбысы қандай дыбыстарда естілетінің айтады


  1. «Қателеспе» ойыны

«С» дыбысын дыбыстар, буындар, сөздер арасынан ажыратады.

Балаға суреттер ұсынылады және суреттен «С» дыбысы бар сөздерді атайды (кесе, қасық, сәбіз, капуста, апельсин, сиыр, мысық, қасқыр, жолбарыс, арыстан). Суреттегі заттарды топтастырып бөледі және олардың барлығын бір сөзбен қалай аталатынын атайды (ыдыс, көкөніс, жеміс, жабайы жануар, үй жануары). Сөздерде «С» дыбысы қай жерде тұрғанын анықтайды.


  1. «С» дыбысымен сөйлемдерді қайтала»

Сюжетті сурет бойынша бала алдымен өз бетімен сөйлем құрастырып айтады, кейін логопедтен кейін «С» дыбысы бар сөйлемдерді қайталап айтады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!