Мектепалды даярлық топқа
ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық
картасы
Білім беру саласы:
Коммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар Мақсаты:
1. балаларды халық ауыз
әдебиетінің түрлерімен- мақал-мәтелдермен, жұмбақтармен таныстыру;
оларды бір-бірінен ажырата білуге, мәнін терең түсініп, мағынасын
аша білуге үйрету;
2.балалардың ойлау
қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту; ойын арқылы шығармашылыққа
баулу;
3.өз ұлтына деген мақтаныш
сезімдерін оятып, кішіпейілділікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:мақал-мәтел,
жұмбақ .Көрнекіліктер: көркем әдебиет хрестоматиясы, қазақтың
ұлттық өрнегі салынған кілемше, интерактивті тақта, слайд, үнтаспа,
ғажайып қап.
|
Әрекет
кезеңдері
|
Педагогтың
іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушы.
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Кіріспе
Психогимнастика: тәрбиеші сүт
сұрап тұрған,көңілді, көңілсіз, ерке марғауды (мысықтың баласы)
бейнелеп көрсетуді өтінеді.
«Кімде не бар?»
ойыны
Тәрбиеші үйінде үй жануарларын
ұстайтын балаларға: «Бұл не? Қалай аталады? Ол қандай?» деген
сұрақтар қояды.
|
Балалар әртүрлі көңіл күйдегі
марғауды бейнелейді.
Сұрақтарға толық
жауап
береді.
-Менің үйімде мияулайтын ерк
марғау бар.
|
|
Іздену-ұйымдастырушылық.
|
Балаларға Ж. әбірашевтің
«Мойындау»
өлеңін мұқият тыңдауды
ұсынады. Мәнерлеп оқып береді. Оқылған материал бойынша әңгіме
өткізеді.
-Өлеңнің басты кейіпкері
кім?
-Нұралы не
істеді?
-Сеніңше марғау нені
сезінді?
Мәтіннен «марғау» сөзіне
анықтауыштар табуға тапсырма береді.
-Нұралы неліктен мойындады деп
ойлайсыңдар?
-Сендардің әлденені
ата-аналарыңнан жасырған кездерің болды
ма?
Әңгімелеп
үйренеміз
Тақтадағы сурет бойынша әңгіме
мазмұнын 3,4 балаға айтқызады.
Мағыналы
мақалдар
«Өтірік сөз өрге
баспас»
«Өтіріктің құйрығы бір
тұтам»
2-тапсырмадағы мақалдарды
оқып,мағынасын қалай түсінгендерін
сұрайды,талдатады.
«Былық», «шыншылдық», «қаймақ»
сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Сергіту
сәті
Тікірейіп
құлағы,
Меннен бұрын
тұрады.
Бойын жазып
керіліп,
Беті қолын
жуады.
|
Әңгімені өте қызығушылықпен
тыңдайды.
Қойылған сұрақтарға толықтай
жауап береді.
Сурет бойынша мазмұнан
әңгімелейді.
Мақалдардың
мағынасын
түсінеді.
Сергіту сәтін қайталап
жасады.
|
|
Рефлексивті-түзетіушілік
|
Қорыту
Жетелеуші сұрақтар қою арқылы,
балаларды қорытынды жасауға бағыттайды.
Бірлесіп атқарған жұмыс үшін
балаларға ризашылық білдірді.
«Шыншыл бол» жаттығуын
өткізеді.
|
Сұрақтарға жауап
береді.
Қорытынды
шығарды.
Жаттығу
жасайды.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені білуі керек: «Өтірік сөз
өрге баспас» мақалының, «шыншылдық», «былық», «қаймақ», сөздерінің
мағынасын.
Нені игереді:Ж.Әбдірашевтің
«Мойындау» өлеңінің мазмұнын. Нені біледі: өлеңде баяндалған
оқиғаға өздерінің ойларын білдіруді; өлеңнің өнегелік мағынасын
түсінуді; басты кейіпкердің әрекеті мен мінезін
бағалауды.