400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: ________

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі

«Еркелету» Жылулық шеңбері

Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бір-біріне жылы сөздер сыйлайды.



Жылулық шеңберін жасайды

Ұйымдастырушылық кезеңі

1. «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу


Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-ана,

Отбасы – туыстарымыз,

Отбасы – ол шаңырақ.

-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.

  • Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.

  • «Менің жанұям» саусақ жаттығу (балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)

Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым- әкем, балаң үйрек - апам, ортан терек- ағам, шылдыр шүмек –мен, титтей бөбек сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!

  • Ойын Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.

  • Қауіпсіздік ережесі

Педагог қабырғадағы «Қарлығаштың ұясына» қолын салып, одан кітапша алып шығады. Онда жазылған үйде сақтауға қажетті қауіпсіздік ережелермен таныстырады.

  • Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.

  • Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылуы мүмкін.

  • Сергіту сәті

Балалар жауап беруге тырысады.








Балалар бірге қайталайды.





Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар бірге қайталайды.







Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.

Рефлексивті қорытындылау кезеңі

Қорытындылау




Әдіскер: ________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі