400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: «Менің таңғажайып көңіл-күйім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: ұсақ моторика, шығармашылық қабілетті, қиял, өзіндік әлемді тану әрекетін дамыту. Сабақтың міндеті : балаға өзінің көңіл-күйін анықтап, бағалай білуді үйрету, өзгелердің көңіл-күйіне назар аудара білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Менің таңғажайып көңіл күйім»

Сабақтың мақсаты: ұсақ моторика, шығармашылық қабілетті, қиял, өзіндік әлемді тану әрекетін дамыту.

Сабақтың міндеті : балаға өзінің көңіл-күйін анықтап, бағалай білуді үйрету, өзгелердің көңіл-күйіне назар аудара білуге үйрету.

Қажетті материалдар:түрлі-түсті қарындаштар,смайликтер суреті, домалақ шеңбер салынған қағаздар,көңіл-күй бейнеленген карточкалар

Сабақтың түрі: жеке

Өтілу уақыты: 30 мин.

1.Кіріспе.

1. Сәлемдесу.

Сәлем, оң қолым – алға қарай созамыз,

Сәлем, сол қолым – алға қарай созамыз,

сәлем, досым! Сәлем, досым! – қол ұстасып

Сәлем, сәлем, достық әлем! – ұстаған қолдарымызды жоғары көтереміз..

Қимыл-қозғалыстар жасай отырып, сәлемдеседі

«Достарымның көңіл-күйі» жаттығу – ойыны.

Мақсаты: ұсақ моторика, шығармашылық қабілетті, қиял, өзіндік әлемді тану әрекетін дамыту.

Психолог: «бүгін біздің сабағымызға бірнеше бауырсақтар домалап келіпті (ақ қағазда домалақ формадағы шеңберлер). Олар бізбен достасқылары келеді. Әттеген-айы бет – келбеті жоқ болып тұр. Қанекей балалар барлығымыз олардың бет – әлпеттерін мен көңіл – күйлерін салып шығайық. Бет пішімін, көздерін, мұрын, құлақ, кекілін салып шығыңдар. Егер аузын күлімсірете салсақ – пайда болар қуанышты бауырсақ! Ал егер қасын түйіп, аузын бұртыйтсақ – бауырсақтың түрі болар ашуланшақ! Енді сендер салған кейіпкерлеріңнің көңіл-күйін бейнелеп үйрендіңдер.

Сергіту сәті: «Қалай өмір сүресіз?» саусақ жаттығуы

Қалай өмір сүресің? Міне былай!

(бас бармағын көрсете)

Қалай – қалай жүресің? Міне былай!

(екі саусағымен келесі қолының алақанында жүріп көрсетеді)

Қалай затты аласың? Міне былай!

(үш саусағымен ұстағандай)

Қалай затты ұсынасың? Міне былай!

(алақанын аша)

Қалай қорқытасың? Міне былай!

(сұқ саусағымен, осыдан көрерсің дегендей)

Түнде қалай ұйықтайсың? Міне былай!

(екі алақанын біріктіріп, басын қойып жастана)

Қалай күтесің? Міне былай!

(иек астына жұдырығын қойып)

Ал қалай бұзық боласың? Міне былай!

(екі бетін томпыйтып, алақандарымен басып қалады)

Саусақ жаттығуын жасайды.

«Смайликті орнына қой» дамытушы жаттығу.

Жаттығу барысы: Баланың алдына бірнеше түсті смайликтер таратылады, әр смайликті өз түстері бойынша жылдам әрі дұрыс өз ұяшықтарына орналастырамыз.



Қорытындылау:

- Біз бүгін қайда саяхаттадық?

- Қандай көңіл-күй түрлерімен таныстық?

- Саған қай тапсырма ұнады?

- Педагог баланы мадақтайды. ( 2 минут)

Көңілді, көңілсіз, ашулы, ренішті, қорқып тұрған бауырсақты көрдік.

Жарайсың осымен біздің бүгінгі «Менің таңғажайып көңіл күйім» саяхатымыз аяқталды. Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап, тапсырмаларды  орындап, жақсы айтып қатысқаның үшін саған рахмет.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі