Материалдар / Ашық сабақ. Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Н»дыбысын дұрыс дыбыстау, «н»әрпәмен таныстыру, құрылымы əртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу жəне дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін:

Ұйымдастырылған оқу қызыметірің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжай - балабақшасы МКҚК

«Болашақ» тобы

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу.

Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты: «Н»дыбысын дұрыс дыбыстау, «н»әрпәмен таныстыру, құрылымы əртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу жəне дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға баулу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «н» әрпіне сөздер айтқызу.

Әдіс -тәсілдер:түсіндіру,таныстыру,жұмбақ шешу,тыйым сөздержаттау,

Қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.

Қостілдік компонент:нан-хлеб,сөз-слов,буын-слог,дыбыс-звук.

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-

шылығын

ояту

кезеңі

Шаттық шеңбер

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз,

Әріптерді үйреніп,

Білімді бала боламыз.

Балалар орындарынан тұрып амандасады.

Өлең жолдарын бірге айтады.


Ұйымдас-

тырушы-

лық

ізденіс

кезеңі
























































-Балалар біз сауат ашу оқу қызыметінде нелермен танысып жатырмыз?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай дыбыстармен таныстық?

-«А»дыбысы дуысты ма,дауыссыз ба?

-«Т»дауысты ма дауыссыз ба?

«Ас атасы-нан»деген әңгімені бастау

«Бірде Науан әжесіне еріп,егіс даласына келеді.Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп,әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?-деп сұрады.

-Науанжан,бұл пісіп тұрған-нан,-деп, жауап берді әжесі.

-Нан болса,таба нан қайда?

-Таба нан да осы дәнің ішінде.

-Бауырсақ ше?

-Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.

-Әже,кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр?-деп Науан таңғалды.

«Ас атасы-нан,нан атасы-дән»деген.Осыншама мол дүние,тоқшылық әрбір дәннің ішінде,-деді әжесі.

Тосын сәт:Сиқыршы келеді!

Сәлем балалар!Менің сиқырлы кітабым сендерге бүгін көмектесем диді.Менен бұрын кітабым ұшып барады.Осы кітаптың артынан қуып ұстай алмай келе жатыр едім.Енді тынышталды ғой баратын жері осы балалар екен ғой.Мен енді сиқырлы таяғымды алып келейінші,-деп сиқыршы шығып кетеді.

Сиқырлы кітап сөйлей жөнеледі.

-Енді балалар тақтадағы бейнетаспаға назар аударыңдар.Бұл бейнетаспада

«Сиқырлы кітап»туралы әңгімелейді.

-Қай дыбыс туралы айтты?

-Балалар тақтадағы суретке қарандар,нелердің суретін көріп отырсыңдар?

-Ендеше нан,нар,найзағай деп бірнеше рет қайталайық.

-Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?

Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі өтетін дыбысымыз- «н»

«Н»дыбысы сөздің басында,ортасында соңында кездеседі.

-«Н»дыбысының дұрыс айтылуы артикуляциясы мынадай:ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстіңгі тісің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуін «н»дыбысы жасалады.

«Н»дыбысын ауада жазып көрейік

«Н»дыбысының баспа,жазба әріптерін көрсету.

«Н»әрпі бар сөздер айту.

«Н»дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау.

Тыйым сөздер.

Нанды бір қолмен үзбе!

Нан уағын тастама!

Нан-сөзіне дыбыстық талдау.

Ана-сөзіне дыбыстық талдау жасау.

А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан»сөзінің бір буын екен түсіндіру. -Өзі үлкен жануар

Үстінде үлкен тауы бар.

Билингвальды компонент: нан-хлеб, нар- , найзағай-

«Кім тапқыр»

Су астындағы әріптер ішінде неше «н» әрпі бар?

Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпандар

Жерде жатса баспандар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастандар

Жұмыс дәптері:Дәптердегі № тапсырма бойынша орындайды.


Әріптер,дыбыстар,сөз,сөйлем,буынға бөлу

-42 әріп бар.

Екіге.Дауысты,дауыссыз

- «А», «Т»дыбыстармен

-Дауысты

-Дауыссыз.
















-«Н»дыбысы

Балалар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.




























































Балалар санап санын айтады.

Балалар қимыл- қозғалыспен жасайды .

Іс-әрекетті

бақылау кезеңі




-Қандай дыбыспен таныстық?

-«Н»дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Нан қоқымын басуға болама?

-«Н»дыбысынан басталатын сөз ата.

Бүгінгі оқу қызыметі сіздерге ұнады ма?

Бүгінгі оқу қызыметіне жақсы қатысқан балаларда мадақтаулар айту.

Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. «Н»дыбысы

Дауыссыз

Болмайды

Нан,нәресте,найзағай, нөсер,найза т/б.





Күтілетін нәтеже

Нені біледі: Суретке қарап әңгіме құрауды, жұмбақ шешуді,жаңа дыбысты ауада жазуды кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды біледі.

Қандай түсініктерді игерді: тыйым сөздердің мағынасын игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын меңгерді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!