МКҚК «Бәйтерек» МдҰ
Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттің түрі:
«Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Наурыз - көктем мерекесі»
«Зерде» аралас (1,2 кішілер) тобы
Тәрбиеші:Құбаева.З.Л
2016 жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Зерде» аралас (1,2 кішілер) тобы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Наурыз - көктем мерекесі»
Мақсаты: Балаларды ұлттық Наурыз мерекесімен таныстыру;қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру;танымдық қабілеттерін дамыту;қазақ халқының салт-дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу. Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: оқу іс-әрекетіне дайындық,қосымша әңгіме жүргізу,бата ,наурыз туралы өлеңдер жаттау.
Қажетті көрнекі құралдар: көктем мезгілінің суреттері,қазақтың салт-дәстүрі бейнелеген суреттер және ұлттық тағам,ұлттық киім,ұлтық бұйымдар.
Көп тілділік компонент: көктем-весна, spring
|
Іс-әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушы лығын ояту кезеңі |
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс балалар қазір көктем мезгілі. -Көктем мезгілінде неше ай бар атайықшы? Балалар көктем айы керемет ай. Көктемде күн мен түн теңеледі,күн жылынып, су сай салаға ағады.Адамдар жеңіл киінеді.Жылы жақа ұшып кеткен құстар қайтып оралады.Құстарға ұя жасалады. -Балалар сендер құстарға арнап ұя жасайсындарма? - Балалар табиғатта болатын осындай өзгеріс, құбылыстарды бақылап отыруымыз қажет. Себебі әр мезгілдің өзіне сай сырлары бар. -Балалар көктемде тағы қандай өзгеістер болады. -Көктемде ең алғаш қандай гүл гүлдейді? -Көктем айында қандай мейрамдарды атап өтеміз? келетін қазақтың жаңа жылы қалай аталады? -Дұрыс-ақ балалар,наурыз-жыл басы болып саналады. Наурыз көктем мерекесі,наурызда бүкіл табиғат оянады. Жануарлар ұйқыларынан оянып,түстерін өзгертеді Наурыз қазақтың жаңа жылды қарсы алатын ұлттық мейрамы. Наурыз мейрамы- қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл күн мен түн теңелетін кез. Наурыз мейрамында қазан-ошақта ет пісіріліп, дастархан жайылып, адамдар бір бірімен құшақ жайып қауышады. Мал төлдеп қозы-лақ жамырайды. Адамдар бір-біріне жақсы тілектерін айтып, ізгі ниеттерін білдіреді. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, наурыз көже ішіледі.Үлкендер бата береді.Наурыз мейрамында барлығымызда ұлттық киімдерімізді киеміп,әдемі болып жүреміз. |
-Көктем мезгілі -Наурыз,сәуір,мамыр. -Ия ұя жасап ағаштың басына іліп қойамыз. -Көктемде қар ериді,құстар жылы жақтан ұшып келеді. -Бәйшешек гүлі. 8-наурыз аналар мерекесі. 22-наурыз қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесін тойлаймыз. Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
-Дұрыс-ақ наурыз мейрамында әр түрлі ұлттық тағамдар пісіріледі. Соның ішінде ұлттық тағам-«наурыз көже» Осы наурыз көжені пісірерде жеті түрлі тағам қосады. Наурыз көженің құрамы--сүт,тұз,айран,бидай,ет,құрт,су т.б. Жеті шелпек,бауырсақ,құрт,ірімшік,тары,талқан,айран, бешбармақ наурыз тойының дастарханында болады. Сергіту сәті: Балалар сәл бойымызды жазып «Қара жорға» биін билейік Көп тілділік компонент: көктем-весна- spring Балалар ұлтық ойын ойнағыларың келеме,олай болса сендермен бірге ойындар ойнаймыз.(Күш сынаспақ,Арқан тарту, Орамал тастамақ, Қыз –қуу, Ат жарыс, Хан талапай, Теңге ілу,) «Сақина жасыру» ойыны: Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Қимылдық ойын: «Арқан тартыс» ойыны. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кетсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. Өлең шумағы арқылы қорытындылау: Наурыз тойын әдемі Әжем еске түсірді. Біздерге арнап әдейі Наурыз көже пісірді. Балалар келген қонақтарды дастарханға шақырып наурыз көжеден дәм татқызайық. Балалар өздерінің баталарын айтады. |
«Наурыз көже» туралы мағлұмат алады. Балалар тәрбиешімен бірігіп би қимылдарын жасайды. Ойынға қызығушылық танытады Қайталауға тырысады. Балалар белсене ойынға араласады. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен? -Наурыз айы қандай ай екен? -Наурыз айында қандай мейрамдарды атап өтеміз? -Балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде бәріңіз жақсы қатыстыңдар. Әр баланы жеке- жеке мадақтау. |
-Көктем мезгілі. -Көктем айы, күн мен түн теңелетін ай. Аналар мерекесін,Наурыз мерекесін, |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі : Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды , күн мен түннің теңелуін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Салт-дәстүрді құрметтеуді.Наурыз көженің құрамын,
үлкендердің батасын,ұлттық ойындарды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Наурыз мейрамы туралы түсініктерді меңгереді.
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Құбаева.З.Л.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Наурыз -көктем мерекесі"

шағым қалдыра аласыз