400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Өмір ағашы - Бәйтерек

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек. Жас маманға көмек. Сабақ жоспарын құруға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану Мектеп: №5 орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті

Ортақ тақырып: Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлім: Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлімше: Көне мәдениеттер мен өркениеттер

Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Стамбекова Рашида

Сынып:1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы: Өмір ағашы – Бәйтерек


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1.3.5.3. Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды  таныстыру

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Бәйтерек туралы аңызбен танысады, бәйтерек туралы біледі;

Көптеген оқушылар: аңыздың мазмұнын айтады,сұрақтарға жауап береді;

Кейбір оқушылар: «Бәйтерек» монументін сипаттай алады.

Бағалау критерийлері:


Астана қаласындағы монумент туралы меңгереді;

Берілген тапсырмаларды орындайды;

Тілдік мақсаттар

Монумент-монумент-monument,

Астана-столица-capital,

Бәйтерек-Байтерек-Baiterek.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Аңыздың негізгі ойы қандай?

  • Неліктен Бәйтеректі «Өмір ағашы» деп атайды?

  • «Бәйтерек » монументі қайда орналасқан?


Құндылықтарды дарыту

Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту

Пәнаралық байланыстар

Математика, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

слайд

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар аңыз, әңгіме, ертегі туралы біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар шеңбер бойына тұрып бір - біріне қарап тілектерін айтады.

-Сен әдептісің.

-Сен мейрімдісің.

-Сен қамқорсың.

-Сен ақкөңілсің.

-Сен шыншылсың.

Нұрлан Өнербаевтің «Бәйтерек ағашын» тыңдайды

-Өлеңде не туралы айтылған?

(Балалардың жауаптарын тыңдау)

- Балалар, бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер?

- Бұл қандай ағаш?

(Тақтаға бәйтеректің суретін шығару)

- Балалар, бәйтерек ағашын қайдан көреміз?

- Тағы осы бәйтерек туралы не айтуға болады?

- Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Тақырыбы: Өмір ағашы – Бәйтерек

Мақсаты: 1.3.5.3. Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды  таныстыру















аудио

Сабақтың ортасы


25 -30 минут

«Неге? Неліктен? Не үшін?» әдісі

«Мәтінмен жұмыс» Т.Ж.

«Бәйтерек » туралы аңыз:

Кең далада зәулім Бәйтерек ағашы өсіпті. Самұрық құс оның ұшар биігіне алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ Айдаһар оны үнемі жеп қояды екен.

Аныздың соңын болжа.

Бұл аңызды қалай түсіңдің?

Астанадағы монумент неліктен «Бәйтерек»деп аталады?

Дескриптор:

-Өз бетімен болжам жасайды.

-Мәтін бойынша әңгімелейді.

- Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Басбармақ» арқылы


Ө. Дәптердегі 45 – жұмыс парағындағы «Аңыз кейіпкерлері» айдарындағы тапсырманы орындау.

Тапсырма.

Самұрық құстың және Айдаһардың суретін боя.

Төмендегі қажетті сөздердің ішінен Самұрық құсты және Айдаһарды сипаттайтын сөдерді таңда.

Оларды тиісті бағанға көшіріп жаз.

Самұрық құс Айдаһар


Қажетті сөздер: жақсылық, жамандық, жарық, түнек, күн.

Дескриптор:

- Самұрық құстың және Айдаһардың суретін бояйды.

  • Оларды тиісті бағанға көшіріп жазады.

ҚБ: Дайын тақтадағы жауап арқылы өзін - өзі бағалау.


Сергіту сәті:

Бәйтерекке ұқсайық,

Қолды көкке созайық

Самұрық болып ұшайық,

Ұямызға қонайық.


«Бәйтерекке саяхат» бейнефильмі көрсетіледі.

Т.Фильмді көріп жатқан уақытта оқушылардың назарын Бәйтеректің әр бөлігіне аудару.Мұнараның үш бөлігі аңызға сай үш дүниені –жер үсті, жер асты, аспан әлемін білдіретінін түсіндіру.


1топ:«Астана» бейнежазбадан көргендері бойынша әңгімелеу.

2топ :«Тәуелсіздік» бәйтеректің суретінен пазл құрастыру.

3топ: Бәйтеректің төменгі, ортаңғы, жоғарғы бөліктерінде не орналасқандығын айту.

Дескриптор:

-Фильм бойынша әңгімелейді.

- Пазл құрастырады.

-Монументтің әр бөлігін сипаттайды.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы


Дәптермен жұмыс:

46- жұмыс парағы. Өз мекенінің символын салу.

Дескриптор:

- «Бәйтерек» Астана қаласының символы екенін біледі.

- Өзі тұратын мекенінің символын ойлап табады, суретін салады.

ҚБ: «От шашу» арқылы


«Сен білесің бе?» айдары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Елордамызда «Астана -Бәйтерек» монументін салу туралы ұсыныс жасады. Монумент Қазақстанның елордасы Астанада 2002 жылы салынып, Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды.Алтын түстес шардың диаметрі 22 метр. Төменгі деңгейі төрт жарым метрге дейін тереңге бойлаған.


Саралау тапсырмасы: Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есеп шығару ұсынылады.

«Бәйтерек» мына 97,22 сандары нені білдіреді.

«Бәйтеректің жұмыс уақыты: 1000-2200 » Бәйтерек неше уақыт жұмыс істейтінін табыңдар.

Жауабы: 12 сағат.


Қабілеті жоғары оқушы: «Бәйтерек» мына 97,22 сандары нені білдіретінін табады және есеп шығарады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар: ашық сұрақтарды қою арқылы 97, 22 сандары нені білдіретінін табады.

Ғимараттың биіктігі қанша? (97)

Алтын түстес шардың диаметрі қанша? (22)

Есепті мұғалімнің көмегімен шығарады.

Дескриптор: Есепті шығарады, жауабын табады

ҚБ: Дайын тақтадағы жауап арқылы өзін - өзі бағалау.





оқулық













Дәптер, түрлі -түсті қарындаш





















Бейнежазба, пазл

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «Еркін микрафон»

«Бәйтеректі -неге өмір ағашы» дейді?

-Құрылыстың авторы кім?

- Монумент қай жылы салынды, неден жасалды?

- «Бәйтерек» ескерткіші қайда орналасқан?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбында Елбасымыздың қандай қатысы бар




Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техник асының сақталуы

Саралау тапсырмасы: Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есеп шығару ұсынылады.

«Бәйтерек» мына 97,22 сандары нені білдіреді.

«Бәйтеректің жұмыс уақыты: 1000-2200 » Бәйтерек неше уақыт жұмыс істейтінін табыңдар.

Жауабы: 12 сағат.


Қабілеті жоғары оқушы: «Бәйтерек» мына 97,22 сандары нені білдіретінін табады және есеп шығарады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар: ашық сұрақтарды қою арқылы 97, 22 сандары нені білдіретінін табады.

Ғимараттың биіктігі қанша? (97)

Алтын түстес шардың диаметрі қанша? (22)

Есепті мұғалімнің көмегімен шығарады.


«Басбармақ», «От шашу», «Өзін өзі бағалау», «Бағдаршам»

Техника қауіпсіздігін сақтау.

Сынып ішінде қауіп туғызатын заттарды дұрыс қолдану ережесін айту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі