Ашық сабақ. Тақырыбы: Орыс халық ертегісі "Шалқан".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: Орыс халық ертегісі "Шалқан".

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Тақырыбы: Орыс халық ертегісі "Шалқан". Еттегіде "Бірге көтерген жүк жеңіл" -деген мақал - мәтелдегідей, бірлікке ынтымыққа тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №

Пәні: Есту қабілетін дамыту және дыбыстану.

Мектеп: «Құлағы нашар еститін балалар үшін Леңгір қосалқы мектеп-интернаты» КММ.

Күні: 20.04.2021ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Калшораева М.П.

Сынып: 2 «Б»

Оқушының аты- жөні:

Тарау: «Қоршаған орта»

Cабақтың тақырыбы:


«Шалқан» (Орыс халық ертегісі).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

Дыбыстарды жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру және айтылуы ұқсас дыбыстарды ажыратып, анық айтуға жаттықтыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты


Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын, тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Коррекциялық мақсаты

Дыбыстарын түзеу, сөздік қорын молайту.

Құндылықтарды дамыту

Көмектесу.

Жетістік критерийлері


Дыбыстары бар. Буындап оқиды. .Суреттерді атайды. Қысқаша сөйлем құрайды.

Пәнаралық байланыс

Айналамен танысу, математика, тіл дамыту.

Көрнекіліктер

Магнитті тақта, экран, сюжетті суреттер, кеспе буындар.спирт, мақта, зонд.т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


1минут


I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Жақсы көңіл-күй қалыптастыру . Бүгін ауа райы қандай? Күн ашық. Қане күн сияқты ашылып күлімдейік.

1 минут

Д ауыспен жұмыс Жәй, қатты, сыбыр. па па па.

Тыныспен жұмыс. Терең дем алып, демді сыртқа шығарамыз.

Артикуляциялық жаттығулар .

Тіс тазалау, тәтті тосап, сағат,кесе, ат шабу, саңырауқұлақ.

7 минут






II.Дыбыстану бөлімі.


«П – Б» дыбыстарын ажырату.

ПА –БА, ПО – БО, ПУ –БУ. АПА –АБА - ОПО -ОБО .

Сөздерде «П- Б» Дыбыстарын қадағалау. Бал – пал. Балта –парта. Бақай –пақай . «П-Б» дыбыстары бар суреттерді ажыратып қорапшаға сал.

«П-Б» дыбысын суреттерде ажырату. Болат балық аулады. Пернеш парта жуды.

«Р» дыбысын машықтау.


«Р» дыбысын машықтау.

Буындарда.АРА - АРО - ОРО – ОРУ . АР- ОР -- УР , РА –РО –РУ. Сөз басында, ортасында, соңында: раушан, тарақ, қасқыр.. Суретпен жұмыс.

Бұл бал ара (Жәндік). Бұл қол ара( Құрал-сайман).



1 минут







2 минут








6 минут





























1 минут







1 минут

Есту қабілетін дамыту бөлімі.

III.Күнделікті сөздер .

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Жылдың көктем мезгілі. - Көктем айларын ата. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. ___________________________________________________________

IY.Пәнаралық байланыс. Табиғат құбылыстары.

Күн, жел, бұлт, қар. Кемпір қосақ, жаңбыр. Құйын, найзағай, дауыл.



Y.Мәтін . Тақырыбы : « Шалқан» (Орыс халық ертегісі).

Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Ата есіктің алдында шалқан егіпті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды.

Ата. Кемпірім, кемпірім көмекке келші. Кел, екеуміз бірге тартайық! Екеуі тарта алмады. Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші.қызы көмекке келеді. Шалқанды тартады. Бірақ, күштері жетпейді. Қыз: Итім, итім көмекке келші.Иті келді. Шалқанды жұла алмады.
Ит.Аф-аф-аф мысық, мысық, бізге көмекке келші.Мысық келді. Бірақ шалқанды тарта алмады.
Мысық. Мияу-мияу тышқан, тышқан, көмектесіп жіберші. Сөйтіп шиқылдап тышқан келеді.Бәрі жабылып шалқанды жұлып алып, өздері құлап түседі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- деген сөз осыдан қалса керек.


Сұрақтар: 1. Ертегі не туралы? Ж. Ертегі шалқан туралы. 2. Ертегідегі басты кейіпкерлерді аташы. Ж. Кейіпкерлер: ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан. 3.Олар не істеді? Ж.Олар шалқанды жұлып алды. Суретпен жұмыс. Тыңда, қайтала: шалқан, тартты, көмек.


YI.Математикалық тапсырма.

5-тапсырма . Геометриялық пішіндер.





Бес бұрыш. Шаршы . Үш бұрыш. Төрт бұрыш .

YI.Қорытынды. Сен сабақта не істедің? Мен сабақта: тыңдадым, оқыдым, сұраққа жауап бердім. Тапсырманы орын дадым.

Кері байланыс.

Үйге тапсырма.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ Қ.С.Есмурзаева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2021
646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі