Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Тақырыбы: "Our town" 3-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән Қазақ тілі Бөлімі Сәулет өнері № 52-сабақ. Тақырыбы: Бастауыш |
Мектеп: Жезқазған қаласы №11 жалпы орта білім беретін мектебі |
||||||
Күні: 05 .12.2020ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Сагинтаева А.Б. |
||||||
Сынып: 3 «Ә» |
Қатысқандар саны:25 |
Қатыспаған оқушылар: 0 |
|||||
Оқу мақсаты: |
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
||||||
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; |
|||||||
Оқушылардың көбі: |
|||||||
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; |
|||||||
Оқушылардың кейбірі: |
|||||||
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап беред |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. |
||||||
Тірек сөздер |
Пәндік терминология мен тірек сөздер Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Қимыл, іс-әрекет иесі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Киіз үй неден жасалады? Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған? Қазір киіз үйлер бар ма? Киіз үй жобасына қарап нелер құрастырылған? |
||||||
Құндылықтар |
Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану . |
||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөйлем. Сөйлем мүшелері. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 5мин.
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі. Психологиялық дайындық Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім, Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым бақытым дара тілім. Үй тапсырмассын тексеру 1.Сөйлем дегеніміз не? 2.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? 3.Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз? Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп бөлінеді. Тұрлаулы сөйлем мүшелері белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем ішінде бергілі бір қызмет атқаратын сөздер. « Ия немесе жоқ» әдісі.
|
Слайд№1
Слайд№2 |
|||||
Сабақтың ортасы 30-мин.
|
«Киіз үй»бейнебаян көрсетіледі. Топқа бөлу. 1-топ.Шаңырақ 2-топ.Уық 3-топ.Кереге 4-топ.Сықырлауық 5- жаттығу Кітапта берілген Мәтінді оқып шығамын. Оқушылар жұптаса отырып, «Сұрағын тап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді. - Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған? - Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады? - Кереге неден жасалады? Төрт топтан төрт оқушы шығып киіз үйдің бөліктерін түсіндіреді.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің ең жағарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады, шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады. Шаңырақты әкеден балаға мұра етіп қалдырған. Шаңырақты бір елтаңбамыздан да байқасақ болады.
Киіз үй керегесі Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Кереге неғұрлым үлкен болған сайын киіз үй де соғұрлым үлкен болады.
Уық Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Киіз үй есігі-«Сықырлауық» Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді. 4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі. 1топ- Шаңырақ туралы мақал-мәтел жазу 2топ-«Шаңырақ» сөзіне 5 жолды өлең құру 3топ-«Шаңырақ сөзіне дыбыстықталдау жасау. 4топ- «Шаңырақ» тақырыбында мәтін жазу. 6-жаттығу Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады. 3 оқушы шығып тақтаға орындайды. Сойлемдерді бастауыш пен баяндауышты ажыратып, сөз құрамына талдайды. Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды. - Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар? Ереже. - Сөйлем ішіндегі сөздерге Кім? Кімдер? Не? Кімі? Кімің? Несі? сұрақтары қойылса, ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады. Бұл сұрақтар қай сөзтабында кездеседі? Зат есім. Бастауыш тек зат есімнен емес басқа да сөзтаптарынан жасалады. Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген ережені оқиды. Инкл. оқушыға тапсырма. «Бастауышты табайық» дидактикалық ойын. Тақтадан сөйлемдегі бастауышты табады. .... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді. «Адасқан сөздер» ойыны Арыстан ---------- боздайды Түйе --------------- мөңірейді Жылқы ----------- ақырады Қой ---------------- кісінейді Сиыр -------------- маңырайды 7-жаттығу Сурет бойынша әңгімелету мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Әр топ суреттердегі сюжет бойынша әрқайсысы әңгіме құрап жазады. Жазған сөйлемдерінен бастауышты табады. Дескриптор: - сурет бойынша үш сөйлемді ойлап табады; - бастауышты анықтайды; - сұрақ қояды.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. |
Слайд
№3
Слайд№4
Слайд№5
Слайд №6
Слайд №7
Слайд№8 |
|||||
Сабақтың соңы 5- минут
|
Рефлексия 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |