400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Қолғап

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолғап туралы балаларға туніндіру,қыс мезгіліндегі күн ауа райы туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні,айы,жылы: 09.01.2019ж Тәрбиеші:Омарова.У.К Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу Тақыры: Қолғап Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі және қолғап туралы түсініктерін кеңейту, оның пайдасы туралы түсіндіру.

Білімділік: Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, қолғапты сәндеуге үйрету. Түрлі түстерді тану және қолдана білу, оны қағаз бетіне түтікше арқылы түсіре білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың тыныс алу жолдарын, шығармашылық қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту. Тәрбиелік: Әдемілікті сезіне білуге, жинақылық пен ептілікке тәрбиелеу. Қостілділік компонент:Аққала-снеговик,қолғап-варежки. Көрнекі құралдар: видео, слайд,қыс мезілінің суреті,қолғаптың суреті.

Қызметтік кезеңдер

Оқу қызметінің барысы


Қайырлы күн!

Добрый день!

Hello shildren!

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Армысыңдар достарым!

Сендерді көргеніме қуаныштымын!

-Балалар күніміз сәтті өтсін деп достарымызды қушақтап сәттілік тілейік!


-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Боран,аяз жылдың қай мезгілінде болады?

-Қыста біз қалай киінеміз?

-Қыста қардан не жасаймыз?


Балалар сіздерге жұмбақ жасырайын тауып көріңіздер.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын.

Тауып көрші сен оны?

(Аққала)


-Балалар теледидарға назар аударыңдаршы,бізге аққала хабарлама жіберіпті.

Слайд көрсету:

Видео слайдта аққала балаларға салем жолдайды,және өзінің орманда қолдары тоңып жүргенін айтып мұңайады.

Балалар біз сіздермен бірге аққалаға тосын сый жасайық, ол үшін,аққалаға қолғапты бояп,сәндеп ормандағы аққалаға беріп жіберейік.

Педагог қолғапты сәндеу техникасын түсіндіреді:

Балалар,алдыларыңызда үстелде қолғаптың суреті тұр,соны біз бүгін өте ерекше түрде бояйтын боламыз. Бүгін біз түтікшемен үрлеу тәсілін қолдану арқылы қолғапты бояп үйренеміз. Қолғаптың суретінің үстіне қылқаламмен кішкене бояу тамызамыз және асықпай үрлейміз,сонда бояуларымыз түтікшеден шыққан ауаның бойымен жылжып,қолғабымызға әдемі жолақтар пайда болады.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар жарайсыңдар!енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ішік,пима,қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай.

Біз тоңбаймыз алақай.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

-Балалар, бояған қолғаптарымызды алыс орманда тоңып жүрген аққала досымызға беріп жіберейік,қанекей қолғаптарды сиқырлы қорапқа салыңдар. Ал балалар енді алақандарыңмен көздеріңді жабыңдар сонда бір ғажайып болады.Балалар көздерін ашқанда ,аққала келіп сиқырлы қораптан қолбақтарды көріп қуанып,ал қораптың екінші шетінде шын қолғапты алып қолына киіп:

- Достарым рахмет сендерге, енді орманға суықтан қорықпай ойнауға бара беретін болдым.Сендердің қолбақтарың маған өте ұнады,менің де сендерге арналған ақұлпаларым бар,сыйлауға рұқсат етіңдер! Достарым қоштасатын сәт келді енді мен орманыма қайтайын,сау болыңдар!


Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар!Аққала да риза болды.Айта қойыңдаршы сендерге түтікшемен суретті үрлеп бояған ұнадыма?Ал ендеше қошасу рәсімін жасайық.

Қоштасу рәсімі:

Күн айналып келгенше,

Сау болыңдар достарым!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі