Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Қолөнер халық
қазынасы »
Дайындаған: Сайфуллина
С.М
Тақырыбы: «Қолөнер
халық қазынасы»
Сабақтың
мақсаты.
Білімділік: Қазақтың қолданбалы қол өнер
бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және оны орындау
техникасы туралы алған білімдерін пысықтау,
қорыту.
Дамытушылық: шығармашылық қиялдарын,
ойлау әрекеттерінің дамыту, талдау, ептілігін, икемділігін
дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұлттық қол өнерді
жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу.
Сабақтың
түрі: Ашық
сабақ.
Сабақтың
типі: білімді
пысықтау.
Сабақтың әдіс
тәсілдері: пысықтау сұрақ жауап, пікір
алмасу, өз ойын ортаға салу,баяндау.
Сабақтың
көрнекілігі: Қол өнер бұйымдары, ине,
қайшы, жіп,т.б заттар.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалар мен амандасу.
Түгендеу.
II. Қауыпсіздік ережесін
қайталау.
Негізгі
бөлім.
Балалар байқап отырыған
шығарсыздар, бүгін бізде қорытынды сабағымыз. Жыл бойына алған
білімдерін ортаға салуларынды сұраймын.
Жалпы қол өнер ежелден келе
жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен бірге дамып
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер
деп атаған. Қол өнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар
әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысында, тарихи
ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік өшпес із
қалдырып келеді. \
-Біздің студиямызда
оқушыларымыз қазақтың қол өнер бұйымдарын жасап үйренуде. Біздің
балаларымыз ол өнер түрлерін қысқаша айтып
береді.
-Бірінші менің сұрағыма жауап
беріңдерші.
-Үй тұрмысында қолданылып
жүрген қандай қолөнер түрлерін білесіңдер?
Сандық, түскиіз, қоржын,
сырмақ, текемет, киіз, құрақ, төсеніштер, шапан, ұлттық киім, бас
киім.
-Осының ішінде құрақ тралы
айтып беріңдерші.!
Құрақ мата қалдықтарынан
құралатын күнделікті тұрмыста қоланылатын бұйым. Құрақ құрау
көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақты қазақ халқы тек
төсеніш ретінде ғана емес, сәнді үшін жастық бетіне де жаған. Құрақ
түрлері өте көп: сегізжапырақ, торкөз, аққу, гүл, мысық, т.б.
түрлері.
Құрақ құрауда түс
үйлесімділікті білу керек, және сақтау керек. Түстер тұралы не
білесіңдер? Қандай символды білдіреді?
-
«Ақ түс» әділдіктің, шындықтың
белгісі.
-
«Қара түс» жердің,
берекенің.
-
«Жасыл түс» көктемнің,
жастықтың.
-
«Қызыл түс» күнің,
оттың
-
«Сары түс» даналықтың,
білімділіктің.
-
«Көк түс» судың ашық аспанның
символдарын білдіреді.
Жасалған құрақты көрсетіп
түсіндіріп өтеді. Қалай жасалғанын.
Сумоншақ пен кестелеу –
сумоншақпен кестелеу де өте көнеден келе жақан қол өнердің бірі.
Сумоншақты Хрестиан және Будда дініндегілер талисман етіп тағып,
табынады. Мұсылман дініндегілер, тіл көзден сақтайтын сәнді зат
ретінде қолданылады. Моншақтың әр халықта атауы әрқалай болған.
Үнді елінде хар, Кубада кояр, Эфиопияда чале, Өзбекстанда
зебигадан, Ресейде ожерелия, Қазақ Қырғыз халқы моншақ, сумоншақ
деп атаған. Сумоншақтардан түрлі сәнді бұйымдар жасауға болады.
Мысалға: Алқа, білезік, сәукеле сәндеуге, сырға жасауға және т.б.
болады.
Жасаған бұйымын көрсетіп
түсіндіріп өтеді.
Қоржын иірілген жүннен
тоқылған бұйым. Ертеректе түрлі заттады алып жүруге пайдаланылған.
Бүгінде қоржын той томалақтың басты сәні. Қоржынға «сыңар мүйіз»,
«аққу», кішкетай «қос мүйіз» ою өрнектері қолданылады. Қоржын
бетіне кәзіргі кезде кесте арқылы сәндеуге
болады.
- Жақсы едеше кесте тұралы
айтып кетсеңдер.
Кесте бұл өнерде көнеден келе
жатқан қолөнердің бір түрі. Кесте сәндік қол өнерінің бір түрі.
Мата, тері,киіз т.б материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен
өрнек алу арқылы орындалады. Кестенің түрін атап кететін болсақ:
шым кесте, айқас, таспамен кестелеу, поеткамен кестелеу, т.б
түрлері бар. Қоржын бетіндегі оюды қалай тіккенін айтып
өтеді.
Соны мен қатар қыздарымыз
тұтас паеткамен кестелеуді де біледі. Өкінішке орай жұмыстары кәзір
жоқ. Республикалық көрмеге алып кеткен
болатын.
Жастықша бұлда сәнді
қолданбалы бұйым. Бұны жасаған оқушымыз айтып
береді.
Таспамен кестелеу ерте
заманнан келе жатқан сәндік өнер. Жасалып жатқан бұйымы түсіндіріп
өтеді.
Ал, біраз сергіту сәтін
өткізейік. Ойын ойнайық. «Әріп ойын
сайысы»
Ойын шарты: әр әріптің астында
жазылған андарды ретімен қойса, өнер тұралы мақал
шығады.
«Өнерлі өрге жүзеді» , «Өнер
таусылмас қазына»
123456 1234 123456 . 1234
123456789 12345.
Өте жақы енді маған қараймыз.
Менде бірнеше сурет бар осы суреттерге қарап, қай өнер қалай
аталады.?
Мысылы: Әшекей бұйымдар
(зергерлік өнер) Оны жасайтын кім, қалай атайды?(Зергер). Ат
әбзелдері, қару жарақ, (ұсталық өнер), жасайтын адам (Ұста болады).
Ағаштан жасалған бұйымдарды (ағаш шеберлігі), жасайтын адамды
(шебер)дейді. Мата, киіз,былғары, т.б . киім тігу, кұрақ құрау,
кесте тігу, (ісмерлік өнер), жасайтын адамды (ісмерші ) деп
атайды.
Өте
жақсы.
Қорытынды. Міне осымен жыл
бойына үйренген білімдеріңді көрсете алдыңдар деп ойлаймын. Қол
өнердің қанда түрлері бар болатынын білдік. Өте жақсы. Сабағымыз
аяқталды. Сау болыңыздар!