жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ тақырыбы: "Қонақжайлылық"Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
|
Тілашар, Лего шығармашылық Вариативтік компонент |
Мектеп/МҰ:№ 38 Мектеп- лицей КММ Қонақжайлылық |
|||
|
Күні: 16.03.2018ж |
Педагогтің аты-жөні: Кабакова КарлыгаАманжоловна |
|||
|
Сынып/топ: мектепалды даярлық |
Қатысқандардың саны: 20 |
Қатыспағандардың саны: 2 |
||
|
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары |
Балаларға ойыншық киіз үйді құрастыра отырып оның бөліктерімен таныстыру және оны құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру, өздігінен дербес ойлану, сөздік қорын байыту, өзара келісіміге келу, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеп, ұқыптылыққа үйрету. - киіз үй жайлы әңгімелеу. - балалардан киіз үй жөнінде білетіндерін сұрау. - киіз үй бөліктері мен жабдықтарын таныстыру. Кұрастырылмалы ойыншық киіз үй - көрнекі құралы мен жұмыс жасау 0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. 0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану. 0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу. 0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау. 0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер:
Зерек тәрбиеленушілер:
Қабілетті тәрбиеленушілер:
заттарды өздігінен жасауға үйренеді, оның әдемі болуына көңіл бөледі, әртүрлі жіптерді заттардың пішініне сәйкес пайдалана отырып желімдеуді және симмерияны сақтай әдемі өрнек жасауды үйренеді; - шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттап бағалай алады. |
|||
|
тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын дамыту: •түрлі түсті жіптерден ою-өрнектер жасауға болатынын түсінеді және өздері жасаған ою-өрнектері жайында әңгімелеп береді. Көптілділік: ою – орнамент – pattern; design. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Ою-өрнек, сәндік өрнек, жіптерден өрнек жасау, жіптерді ұсақтап қию, желімдеу. Пікір алысуға арналған сұрақтар. Ою-өрнектерді қайдан кездестіруге болады? Ою-өрнектерді ата? Ұлттық тұтынатын бұйымдарда қандай өрнектер кездеседі? Ою-өрнектердің түстері қандай? Ою оятын шеберлер жіптерді пайдаланып кілем, сырмақ, текемет т.б. заттар жасайды. Ою оятын адамдарды неге оюшы деп атаймыз? Себебін айта аласыңдар ма? Жіптерден ою-өрнек жасауға бола ма? Ою-өрнек элементтерінің аттарын, құрастыру пайдалану әдіс-тәсілдерін меңгереді. |
|||
|
Бастапқы білім |
|
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
||
|
Оң көңіл күй қалыптастыру. 0–1 минут Өмірлік тәжірибені жандандыру.
Мақсатты тұжырымдау. 2–5 минут
III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25 минут |
Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң, достарым, Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра! Good morning, good morning, Good morning, to you, Good morning, good morning, We are glad to see you! Педагог тәрбиеленушілерге саяхатшылар келгенін туралы әңгімелейді. Сендер саяхаттағанды жақсы көресіңдер ме? Адамдар не үшін және неге саяхатқа барады деп ойлайсыңдар? Саяхатқа барғанда нелерге назар аударады? Балалардың жауаптарын тыңдайды. Олардың өздері қорытынды жасауларына бағыт береді. Саяхат жасау арқылы адамдар көптеген қызықты жайларды біледі, көп жаңа мәліметтермен танысады, өздерін зерттеушілердей сезінеді, басқа да елдерде тұратын адамдармен танысады. Баздің Қазақстанымыз – өте үлкен, әдемі және бай мемлекет. Біздің кең байтақ даламызды, биік тауларымызды, әдемі өзен-көлдерімізді, сондай-ақ тамаша көрікті заманауи қалаларымызды көру үшін Қазақстанға көптеген саяхатшылар келеді. Бүгін міне бізге де осындай саяхатшылар болып көрейік Бүгінгі сабақта әр елден келген саяхатшылар болайық Ол үшін үш топқа бөлініп, жұмыс істейміз. Тәрбиеленушілер өздері таңдайды: 1-топ. Ағылшындар Лондон қаласындағы әдемі сағатты т.б. 2-топ. Орыстар Ертегідегі Ханшайымдармен Ханзадалар тұратын Сарайды 3- топ. Қазақ халқының киіз үйін «Лего», «Stellar», «Engino», пластмасса жиынтықтарды анықтап қарап алуды ұсынады, бөлшектердің аттарын атайды. Осы жиынтықтан және оның бөлшектерінен бірнеше аааа түрлерін құрастыруға болады? Сендер қалай ойлайсыңдар қазақ халқының ертегілерінде ханзадалар мен ханшайымдар қандай үйде тұрады? Әрине, керемет тамаша көркемделген киіз үйлерде, сән-салтанатты сарайларда тұрады. Біз сендермен өткен танысқан едік. Ал ертегілердегі «ханзадалар» мен «ханшайымдар» (принц, принцесса) қандай үйлерде тұрады деп ойлайсыңдар? Ал сендер өздерің осындай сарайларда тұрғыларың келе ме? Онда біз өзімізді сондай сарайларда тұратын ханзадалар мен ханшайымдар сияқты сезінейік, қыздар ханшайымдар, ұлдар ханзадалар болады. Сен өзіңнің сарайыңды қалай көз алдыңа елестетесің? Педагог тәрбиеленушілерге әртүрлі сарайларды өздері ойлағандай құрастыруларын ұсынады. ҰОҚ-те киіз үйдің ішкі және сыртқы кескін-келбетімен, жасау жиһаздарымен Педагог киіз үйдің жабдықтарын көрсетіп, қазақ халқының сәндікқолданбалы өнері жайында бейне- фильм көруді ұсынады. Олардың оюөрнектеріне баса назар аударып, заттарды қалай әшекейлеуге болатынын түсіндіреді. Қазақ халқының салтдәстүрі жайында әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілердің назарын алдын-ала құрастырылған киіз үйге аударады. Осындай киіз үйдің жабдықтарын жасауды ұсынады. талқылауға арналған сұрақтар: Қандай үйді көшу кезінде бұзып, қайта жинауға болады? Киіз үй неден тұрады? Киіз үйдің төбесіндегі саңылау қалай аталады? Киіз үйдің қабырғалары қалай аталады? Киіз үйдің ішкі қандай жасауларын білесіңдер? |
Бой сергіту сәті: Тақтайларды сүргілеп, Әсем сарай саламыз. Араменен тегістеп, Кірпіштерді қалаймыз. Ретіне келтіріп, үшбұрыш пен төртбұрыш, Текшелер мен келдектер, Призмамен бекітіп Сәнді сарай саламыз.
Ою құрап ойланам Қиын емес ол маған, Ою құрап ойланам. Ата-баба мұрасын, Жаңғыртуды қолға алам. Шет жағына құрақтың, Шетоюды қоямын. Ортасына оюды, Гүлдеп тұрып оямын. Шаршы оюды келтіріп, Мүйіз ою дәлдеймін. Үйлестіріп түр, түрін, Әсем етіп сәндеймін. Қиюласып келуін, Ойластырам ол жайын. Әже, апалар басатын, Текемет, сырмақ дап-дайын. |
||
|
IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. рефлексия. 26–30 минут |
Педагог тәрбиеленушілерге өздерінің жасаған заттары жайында әңгімелеп беруді сұрайды. Өзінің еңбегін бағалауды және нәтижесін сипаттап айтып беруді ұсынады. Жасаған заттарын киіз үйдің ішіне орналастырады.
Сендерге өз бетіңмен жұмыс жасаған ұнады ма? -Балаларға ҰОҚ-де жасаған заттарын бағалау ұсынылады. Смайликтердің күлімдеп тұрған бейнесін салу. (Доға тәрізді сызық төменнен жоғары болса – қиындықтарға кездесті, педагогтің көмегімен тапсырманы орындады, түзу сызық – қиындыққа кездесті, бірақ өздігінен орындады, күлімдеп тұрған бейне – бәрін өзі қиындықсыз, өздігінен дербес орындады.) Жұмыс жасап болған соң орындарын жинастырып қояды. |
|
||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген