400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: «Қош бол, бастауыш»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштаса отырып,орта буында сабақ беретін ұстаздарымен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт- сапар тілеу.білім берер ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. 3. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық сабақ тақырыбы: «Қош бол, бастауыш»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштаса отырып,орта буында сабақ беретін ұстаздарымен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт- сапар тілеу.білім берер ордасы мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

3. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып.

Мұғалім:

Қош келіпсіздер, құрметті ата- аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі – 4 жыл Бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп- кішкентай балғындар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат – дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Армандасаң да, қиялдасаң да, балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осын – ау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалім сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол, бастауыш» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

Асқар:

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметтеп шақырайық

4 – ші сынып түлектерін ортамызға.

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

Мадина: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар мен ақ жаулықты апалар!

Асқар: Бүгінгі «Қош бол, бастуыш» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Мектеп қой еліміздің қаны, жаны

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан әнұраны.

«Әнұран орындалады» хор.



Мадина:

Армысыздар, мұғалімдер – әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.











Асқар:

Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мадина: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады жыр әнім.

Асқар:

Дұрыс айтасың Мадина! Мектеп деген қасиетті орында қаншама адам білім алар десеңші. Ғалым да, әнші де, биші де, құрылысшы да, дихан да, шопан да, қарапайым шаруа да, тіпті үйдегі ата – анамыз да, ата – әжеміз де мектептен білім алған. Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да, жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Біржан:

Мектебім білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған 4 – жыл бойы ата – анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Қарлығаш:

Мектебім, алтын ұям нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Мектеп үйім, ұстазым менің ата – анам,

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Алия:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Есбол:

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

Исатай:

Бастауышым бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Оқушылар хор:

Метеп – кеме, білім –теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алып білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.





Асқар:

Бастауышта шырқалмаған ән бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым,

Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Ән: « Мектебім» орындайтын: Мұхтархан Қарлығаш

Көрініс:

Мадина:

« Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз «Ұстаз» екені баршамызға аян.

Асқар:

«Мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі

жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.

Құрметтеңдер бар адамзат баласы,

Қастерлі есім екінші ана – мұғалім.

Жүрек жарып шын жүректен жырлаған,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нұрлан:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай.

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астында сабақ беріп тұрғандай.

Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың даналықтың,

Ұстаздың бір өзінен басталарын.



Еркинай:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Неру:

Жарық дүние жылы жүзің елестеп,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсамда көре тұрған белестер.

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адалдықты шәкіртіңе,

Баулытып өнерге де бейімдедің.

Асылмұрат:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз- ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Гүлнұр:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап таңырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүрегіңді ұнатып арамызда

Кеп кешегі тосырқау қайда қалған

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Мадина:

Жамандықтан сақтандырған,

Жасқсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

«Би» «Қазақ биі»



Көрініс: (Өнерлі бала)

Асқар: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби – балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік. Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.



Мадина:

Әрбір пәннің құпиясы, сыры көп,

Аялайтын ізгіліктің нұры боп.

Сол пәндердің құпиясын жеткізген,

Әр ұстаздың бойында бар құдірет – деп жеке құндылықтарыңызды бағалай отырып, ұстаздар сіздерге, біздердің алғыстарымыз шексіз.



Кемшілікті кесіп айтар өзіңе,

Өнеге мол, өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын – ай,

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті кең пейіл,

Біздің бастық осындай. Мектеп директоры Амирова Ақмарал Көмек қызына

алғысымызды білдіреміз.

Асқар:

Қашанда шәкірт жанын ұға алады,

Көңілден әр уақытта шыға алады.

Балзия апай, ризамыз өзіңізге,

Сәлеміміз сізге алыстан құралады. Оқу ісінің меңгерушісі Тажибаева Балзия

апайға алғысымызды білдіреміз.

Мадина:

Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкен кім.

Айгүл апай бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талай бізге үйреттің. Тәрбие ісінің меңгерушісі Кемешова

Айгүл апайға алғысымыз шексіз.

Асқар:

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Айжан апай,

Жан жүрегін қашанда ұғынасың дей келе орыс тілі пәнінің мұғлімі Айжан апайға

алғысымыз шексіз.





Мадина:

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді аямады.

Әзілі бірге жүрер өзіменен,

Эльмурад ағай қашып кетсек аямады дей келе денешынықтыру пәні мұғалімі:

Эльмурад ағайға алғысымыз шексіз.

Асқар

Сөз сөйлесе жарқын – ақ,

Күніміздей жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой – сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі. Бейнелеу пәні мұғалімі: Мырзаева Райхан апайға алғысымыз

шексіз.

Мадина:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Майра апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамыз болашаққа қадам басып.

Қызықты граматика пәні мұғалімі: Керимқұлова Майра апайға шексіз.

Асқар:

Көрмеген артық жүріп артық күліп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыш біз бүгін, Гүлсара апай,

Шәкірттерің алғысын айтып тұрып.

Сынып жетекшіміз: Танабаева Гүлсара апайға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мадина:

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға биші қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би: Үнді биі.

Асқар: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, күш құдіреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

Мадина: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады



Ринат:

Әріптерді үйретіп, жақын болған кім бізге,

Жамандықтан, жирентіп, ақын болған кім бізге.

Десек, ол жан мұғалім.

Қапастағы елдердің, мұңын айтқан кім бізге,

Көрікті сан жерлердің, сырын айтқан кім бізге.

Рахмет саған мұғалім.

Нұрлыбай:

Еркесі едік мәпелеген әр үйдің,

Отын жаққан кеудемдегі жалынның.

Адам бол деп маңдайымнан сипаған,

Ұстазымды ұлы адам деп танимын.

Гүлнұр.

Білімнің кілті қолымда,

Өсіпті ойым, бойымда.

Жетелеп білім бағында,

Көрсеткен жолды нұсқап сан.

Мәңгі қалар жадымда,

Ұстаздар қалам ұстатқан.



Мадина:

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз.

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп ойнап біріміз бен біріміз.



Мадина:

Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың.

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын.

Сүйікті мұғалім.

«Ұстазым» әні: Хор Асқар: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен дейді. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың деген» Алайда ардақты аналарымыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

Мадина:Ия дұрыс айтасың Асқар. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалғаны деген осы емес пе?

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Қарлығаш:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең мақтанышың.

Білім алып, тер төгем еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. Біржан:

Асқар тау дейді әкені, таулардың көшпеуі үшін.

Әкенің сөзін от дейді, жаққаны сөнбеуі үшін.

Ананы бұлақ деуші еді, бұлақтар су алмауы үшін.

Баланы құрақ деуші еді, құрақтар қуармауы үшін.

Таулар көшпеңдерші, оттар өшпеңдерші.

Бұлақтар су алмасын, құрақтар қуармасын.

Асқар:

Аналарымыз бен әкелеріміз біздердің бағымызға орай аман болсын.

Олай болса ендігі кезекті әнге береміз.

Ән: «Өз балаңнан артық бала бар ма ана»

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй біреулер жыр арнаған

Шығады енді ортаға бйшілерім

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған

«Би» Вальс.

Мадина:

Қоңырау үні күмбір қағып тынады үндер,

Зымырап өтер – кетер бала күндер.

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.

Асқар:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым - балбұлағым.

Қимастықпен қол бұлғаймыз,

Қош бол сүйікті бастауышым! Бәрі.

Осымен Қош бол, бастауыш атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып

тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет.

Мадина:

Аттанарда ұрпағын бақ жолына,

Түссін деп тура жолдың нақ жолына.

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырымғып түлектердің Ақ жолына!

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі