Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы: «Қоян балабақшада қонақта» Кіші «Құлыншақ» тобы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тақырыбы: «Қоян балабақшада қонақта» Кіші «Құлыншақ» тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі іс-әрекет процесінде балалардың сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру; 1. Екі негізде жұп табуды (түстер) үйрету; 2. Түстер туралы білімдерін бекіту (қызыл, жасыл, сары, көк); 3. Балалардың дене мүшелерінің бөліктері туралы білімдерін кеңейту; 4. Құрдастар арасында достық қарым-қатынаста болуға және бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
1041
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жылысбаева Лайла Кошкинбаевна

«Балдырған» бөбекажай балабақшасының

тәрбиешісі:

Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы

Кіріктірілген оқу қызметі:

Тобы:Кіші «Құлыншақ» тобы. Өтпелі тақырыбы: "Күз сыйы" Білім беру саласы: «Әлеумет» , «Таным», «Коммуникация» Бөлімі: Сенсорика, денсаулық Тақырыбы: «Қоян балабақшада қонақта»

Мақсаты: Әр түрлі іс-әрекет процесінде балалардың сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру; 1. Екі негізде жұп табуды (түстер) үйрету; 2. Түстер туралы білімдерін бекіту (қызыл, жасыл, сары, көк); 3. Балалардың дене мүшелерінің бөліктері туралы білімдерін кеңейту; 4. Құрдастар арасында достық қарым-қатынаста болуға және бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданылатын материалдар:Ойыншық қоян, доп,

Билингвальды компонент: Қоян – заяц, Күз -осень, қызыл -красный, сары -желтый, жасыл - зеленный. Сөздік жұмыс:Төртбұрыш

(Балалар залға әуенмен кіреді. Залға кіргенде ойыншықтар шашылып жатады.) Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келген екен амандасайықшы қонақтармен.

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!

(Орындықта отырған қоянды көреді)

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонаққа не келді? Қоянжан сәлеметсің бе! Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Тәрбиеші: Ай-ай-ай мына ойыншықтарды кім шашқан? Қоянжан біздің балаларымыздың ойыншықтарын сен шаштыңба ? Қоян:Я мен шаштым. Кешіріңдерші сендерге қонаққа келіп едім мына жерде ешкім жоқ болған соң балалардың ойыншықтарын алып ойнап едім. Тәрбиеші:Балалар, осылай қонаққа барғанда ойыншықтарды шашуға болама? Балалар:жоқ, болмайды. Қоян:Кешіріңдерші, мен енді олай істемеймін. Тәрбиеші:Қоянжан сен егер өз қателігіңді түсінсең болды. Біздің балалар саған мына ойыншықтарды қалай жинап қоюды көрсетеді. Қане балалар мына қайықшаға реттік сандар бойынша (1-5) дейін сақиналарды түстеріне қарай орналастырайық. Ойын: «Брызг-брызг» кемесі.( Балалар сақиналарды жинайды) Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Балалар қоян сендердің аттарыңды білмейді екен. Қане бәріміз қоянға өз аттарымызды айтып танысайық. Ол үшін біз бір ойын ойнайық.

Ойын: «Таныс болайық» Шарты:Балалар шеңберге тұрып тәрбиеші қолындағы допты әр балаға кезектетіп лақтырады, балалар өз аттарын айтып келесі балаға лақтырады. Қоян: Балалар рахмет, мен сендердің аттарыңды білдім. Менің ішім пысып сендерге қонаққа келіп едім. Ал сендер менің қайда тұратынымды білесіңдер ма? Балалар:иә, орманда Қоян: Дұрыс айтасыңдар балалар. Менің орманда достарым көп, достарым сендерге қызықты ойын беріп жіберді, ойын ойнайсыңдарма!

Ойын: «Қанқыздың қанатын әшекелейміз» Мақсаты:Баланың ұсақ саусақ маторикасын дамыту. Шарты:Балалар Қанқыздың қанатындағы белгілер қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Дөңгелек немесе шеңбер. Дайын Қанқыздың сұлбасына әр түстегі дөңгелектерді түйменің түсіне сәйкес түймелейміз. Қанқызды сәндейміз. Қоян: Рахмет балалар, сендерге ойын ұнадыма ?

Балалар:иә, ұнады

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, барлығың аздап шаршаған шығарсыңдар орнымыздан тұрып денемізді қыздырып алайық.

Сергіту сәті: «Дене мүшемізді зерттейік»

(Видео интерактивты тақтада көрсетіледі балалар біреге қайталайды.) Қоян:Ой жарайсыңдар балалар, маған сендермен ұнады, мен өзімнің дене мүшелерім қайда орналасқанын білдім. Тәрбиеші:Қоян саған біздің балаларымызбен ойнаған ұнаса, біздің балаларымыздың тағы бір ойынын отырып тамашала. Бұл біздің балаларымыздың саған сыйлығы болсын.

Ойын:«Түсіне қарай жина»

Шарты:Балалар бәріңнің алдарыңда ақ қағазға сызылған төртбұрыштар бар. Сол төртбұрыштардың үстіне төрт түсті үшбұрыштар бар сол үшбұрыштардың сыңарын тауып бір төртбұрыш құрастырамыз(қызыл, сары, жасыл, көк). (Ойынды қайталауға болады).

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Қоян:Жарайсыңдар балалар! Мен бүгін сендерге қонаққа келіп көп нәрсені үйрендім. Сендерге көп-көп рахмет. Ой балалар мен ұмытып кете жаздаппын ғой, сендермен ойынның қызығына батыппын. Менің сендерге сыйлығым бар. Балалар бұл «Орман алмалары». Сендер білесіңдерме алма денсаулыққа өте пайдалы. Алмада көптеген дәрумендер бар.

Тәрбиеші: Қоян сағанда көп-көп рахмет айтамыз.Балалар қане қоянға рахмет айтайқ.

Балалар:Рахмет қоян

Қоян:Балалар сендерге рахмет енді менің орманға қайтуым керек сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау бол қоян!!!!

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әдемі алмалар!

Алмалар қай жыл мезгілінде піседі? Балалар:Күз мезгілінде

Тәрбиеші: Алмалардың түсі қандай болады?

Балалар: Қызыл, сары, жасыл

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар! Күзде ағаш жапырақтарыда қызыл – сары түске боялады. Бүгін біз сендермен қызықты ойындар ойнадық, сендерге ұнады ма?

Балалар: иә

Тәрбиеші:Балалар бізге қонаққа не келді?

Балалар: қоян

Тәрбиеші: Балалар қояның орысшасы қалай айтылады, қайталап көрейікші. Қоян - заяц

Балалар:қоян - заяц

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. (қоянның сыйлығын таратып береді)

Тәрбиеші: Балалар енді біз сыйлықтарымызды алдық, қонақтармен қоштасып тобымызға қайтайық. Сау болыңыздар!!!!!!!!



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:түстері бойынша заттарды іріктеуді және топтастыруды;

Нені игерді:негізі түстеріді; қызыл, көк, сары, жасыл түстерді атауды;

Нені меңгерді:әр түс бойынша фигураларды орнына қоюды меңгерді.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!