400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Құстар - біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз

Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Ертегіні рөлдерге бөліп беріп ойнату арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Көрнекілігі: дискі, атрибуттар

Сабақтың барысы:

  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Көктем

  • Көктемнің қанша айы бар?

  • Үш

  • Олар қандай айлар?

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Қазір қандай ай?

  • Сәуір

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

 

Келді көктем қалаға,

Келді сұлу шағалы.

Аспандағы көп құстар,

Ауылымды арала

А-ай келді көктем,

А- ай сүйді беттен,

Сол көктемді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

Слайд қарау

Қазір балалар осы көктем айындағы бау-бақшамызда, төбемізде ұшып жүрген құстармен теледидардан қарап танысайық. Бәріміз назарымызды теледидарға қояйық.

Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін кім табар екен.

 

Су бетін сызып,

Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)

 

Мойын сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (аққу)

 

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп

Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)

 

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (жарқанат)

 

 

 

Жарайсыңдар. Енді балалар осы құстар туралы білетін тақпақтарымызды еске түсірейік.

 

Көлге келіп қонады,

Көлдің көркі болады.

Аңшы бірақ атпайды,

Аққудың бар обалы.

 

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырады.

 

Сауысқан, сауысқан

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан

Қырда жауыр көрінсе

Қиқаңдатқан сауысқан.

 

Бір қонып, бір секектеп,

Менің атым көкек деп

Мен ғой келген жетектеп,

Қорықпаңдар жаз өтеді деп,

Тұрады жаз тамылжып,

Десем болды «көкек» деп

 

Ойын: «Ұшты-ұшты»

 

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегіні оқып беру

Ертегіні балаларға рөлдерге бөліп сахналату.

Сабақты қорытындылау.

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі