400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: «Құстар біздің досымыз».

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстар туралы балаларға мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құстар біздің досымыз».

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Білім саласы:       Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:         «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Құстар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, құстар жөнінде мәлімет беру, оған қамқор жасай білуге үйрету.Сұрақтарға жауап беру арқылы құстардың түрлерін ажырату, жұмбақ шешу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, шығарманы әңгімелеп бере білу, құстардың түрлерін ажырату арқылы сөздік қорын байыту, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ойлау қабілетін дамыту, үлгі бойынша құстардың бейнесін құрастыру қабілеттерін дамыту.

Интеграция:        Көркем әдебиет, сауат ашу, музыка, ҚМТҚ.

Көрнекілік:          Атрибуттар, Құстардың суреті, үнтаспа, слайт арқылы көрсету.

Әдіс-тәсілдері:    Психологиялық сәт,сұрақ-жауап, түсіндіру, сергіту сәті.

Қос тілді компонент: құс – птица-feathe, ұя –гнездо-house , көктем – весна-spring

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық бүгін күнди біз.

Ұйымдастыру кезеңі:   Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

–       Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

–       Бір жылда 4 мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз.

–       Қазір жылдың қай мезгілі?

–       Қазір жылдың көктем мезгілі.

–       Ендеше кім көктем туралы тақпақ айтып береді?


Тақпақтар көктем туралы. 
1-бала:

Көктем-көктем көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр жаңбырды тосамыз

Көктемді әнге қосамыз


2-бала:

Шомылып нұрға атырап

Ағаштар жайды жапырақ

Далаға бірден жаралды

Көктеммен жұпар шашырап. 
3-бала: 
Ару көктем армысың

Көкке біткен әнбісің

Жерге біткен сәнбісің

Алтын арай таңбысын

Жырың шашақан күнбісің

Жайнап өскен гүлмісің

Тербетілген талмысың

Хош, келіпсің армысың!

– Көктем айларын атап беріңдерші.

–       Аптада неше күн бар?Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.

Бір аптаның күндері өтті:

Дүйсенбіде суға бардым,

Сейсенбіде алма тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім,

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап

Сенбіде мен саған бардым

Жексенбіде бір демалдым.

–       Бүгін аптаның қай күні?   

–       Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.  

«Тал басында тамаша үй». Ұя

–       Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?

–       Ұяны құстар мекендейді.

–       Құстар туралы сендер не білесіңдер?

–       Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.

Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.

–       Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім. 1.Мынау қандай құстар? ( слайт арқылы құстадың бейнесін көрсету.)
2.
Сендер құстардың дауысын ажырата аласыңдарма? ( әуенмен құстардың дауысын тыңдату)
3.
Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. «Ерке бұлбұл»

Қане құлақ салып тыңңдаңыздар.

Тәрбиеші: ой ертегі ханшайымы біздің балалар бұл ертегіні тамашалаңыз. Осы ертегіге біздің балалар қойылым көрсетеді. Сіз тамашалаңыз.

Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

—         Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

Ата бұлбұл:   Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.

Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.

Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.

Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.

Қарға :     мен қарғамын, қарғамын,

Көп қой менің арманым.

Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

Бұлбұл:    Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайсың сен маған.

Сауысқан: Кел бұлбұлым,

Сауысқанмын саңқылдаған,

                    Қонақжаймын аңқыылдаған.

Бұлбұл:   Қалай дауыстайды?

Даусы нашар екен.

Торғай:  Бұлбұлжан келе ғой.

 Мен торғаймын, торғаймын,

Ағаштарды қорғаймын.

Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.

Бүркіт:  Мен бүркітпін, бүркітпін,

Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха.

Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.

Қарлығаш: Келеғой бұлбұл.

Қарлығашпын қалықтаған,

                       Ұшудан ешбір жалықпаған.

Бұлбұл: Қандай әдемі құс едің, бірақ неге құйрығың айыр? Ұнамайды маған деп ұша жөнеледі.

Автор: Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады.

Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.

Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

Бұлбұл: Туған жерім – қымбат мекен,

                   Өскен ұям ыстық екен.

                   Бұлбұл үні – өз тіліме,

                   Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін  барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

Сергіту сәті:

Балалар сендер  ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып – ұшып алайық.

Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық.

–Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?

–       Иә.

–       Ертегі не деп аталады?

–       Ерке бұлбұл.

–       Ертегіде қандай құстар кездесті?

–       Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.

–       Жарайсыңдар.Аленді сендер маған жақсы бір ойын көрсетіп беріңдерші.

–       Дидактикалық ойын: Қиылған суреттерден құстардың суретін құрастыру.

–       Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?

–       Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б. Ендеше бізоқу іс-әрекетімізді

Құстарымыз аман болсын

Бейбіт тыныш заман болсын, деп бір тамаша «Торғай» әнімен аяқтайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі