|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу.
Сабаққа дайындықтарын
тексеру.
Психологиялық
дайындық:
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Бұл жаттығуды орындау сендерге қиын болды ма?
Көршің «Мен сені көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде
қандай сезімде болдыңдар?
Сыныпты қала атауларымен топқа
бөлу.

|
Орындарынан
тұрады.
Құрал-жабдықтарын
дайындайды.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені
көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл
сөйлемді адамның сыртқы
келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты
сөзбен аяқтау керек.
Қала атауларымен топқа бөлініп
отырады.
|
Мадақтау
|
АКТ
-музыка
|
|
Өткен тақырыптарды
тексеру
|
Сематикалық карта
арқылы
|
мысалдар
|
Біріккен сөздер
|
Қос
сөздер
|
|
Су-су
|
|
|
|
Тасбақа
|
|
|
|
Бала-шаға
|
|
|
|
Еңбеккүн
|
|
|
|
Ұшып-қонды
|
|
|
|
Екібастұз
|
|
|
|
Дәрі-дәрмек
|
|
|
|
Берілген тапсырманы жылдам
орындап ұпай жинау.
|
«Балық аулау» әдісі
арқылы
өзін-өздері
бағалау
|
Оқулық
|
|
Жаңа сабақтың басы
|
«Миға шабуыл»
әдісі
Кеспе қағаздарға сөздер
жазып тарату. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
таныстыру.
1-топ Ребус
шешу

2-топ «Адасқан
әріптер»табу

3-топ Мәтін жолдарынан
қысқарған сөздерді табу
Тікұшақпен сонау алыс сапардан
келетін інім ҚАЗҰУ-ды бітірген.
|
Әр топқа тапсырмалар
беріледі.Сабақтың тақырыбымен танысады.
|
|
|
|
Жаңа сабақтың ортасы
|
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы
ережемен таныстыру.
Бейнеролик көрсете отырып
ережеге назар аударту.Ережені басшылыққа ала отырып оқулықтағы
тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
1.Күрделі атау сөздердің
құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып
бірігеді. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама
Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), см (сантиметр), дм
(дециметр).
Бұл жасалу жолы тағы қосымша
жалғанса, сызықша арқылы жалғанады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа,
см-ге.
2.Күрделі атау сөздердің
құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің
басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: ТарМУ (Тараз
Мемлекеттік Университеті), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық
Университеті).
3. Күрделі атау сөздердің
құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді.
Мысалы: физ-мат (физика-математика), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық),
филфак (филология факультеті).
4. Күрделі атау сөздердің
құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір
күйінде айтылуынан құралады. Мысалы: пединститут (педагогикалық институт),
медколледж (медициналық колледж), медпункт (медициналық
пункт).
«ЖИГСО» әдісі.
Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар. Соны
топтарға бөліп беремін.
Әр топқа жеке сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішіндегі
берілген сөздерді қысқартып жазу.
1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан
Республикасы достық қатынаста.
2.Ажар биыл Тараз Мемлекеттік Университетіне
оқуға түсуге дайындалып жүр.
3.Ресей Федерациясы ядролық сынаққа біржола тыйым
салуды жақтайды.
4.Математика пәнінен үйге сантиметр және
дециметрге байланысты мысал есептерді шығарып келуге
берді.
|
Бейнеролик көру.Ережемен
танысып оқулықтағы тапсырмаларды
орындайды.
Зейін қойып тыңдап
отырады.
Әр топ берілген тапсырманы
жылдам орындауға тырысады.
|
«Балық аулау»әдісі арқылы
аквариум
ге балықтар
жнайды.
|
Оқулық
АКТ
Imektep.
Bilibland
Ютуб
Оқулық
АКТ
|
|
Жаңа сабақтың соңы
|
«Сыңарыңды тап» ойыны
арқылы жаңа сабақтың меңгергендіктерін
анықтап,бекіту.
Әр топқа күз мезгіліне қатысты
қима қағаздар беріледі. Қима қағазда жазылған сөздерді алып,
жұптастырғанда қысқарған сөз шығады.
Біріккен
ҰлттарҰйымы
Ішкі істер
министрлігі
Қытай Халық
Республикасы
|
Берілген сөздердің жұбын
тауып, тақтаға іледі.Әрбір табылған дұрыс жауап үшін балық аулап
аквариумге салып отырады.
|
«Балық
аулау»
|
АКТ
|
|
Рефлексия
|
Стикерлерге сабақта алған
білімі бойынша кері байланыс орнатады.

|
Сабақты қалай меңгергендігін
стикерге жазады,іледі.
|
Топтың белсенділігіне
байланысты бағалау парақшасы арқылы
бағалау.
|
|