№ 7 II- кіші тобы үшін
ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу
жоспары
Өтпелі
тақырып: «Қызықты қыс
мезгілі»
Тақырыпша: «Қазақстанның қыстайтын
құстары!»
Айы күні
: 20.01.2021жыл.
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
«Шығармашылық»
Бөлім: «Сөйлеуді дамыту»
«Жапсыру»
Тақырыбы: «Қыстап қалатын
құстар»
Мақсаты: 1.Балалардың қыстайтын құстар
туралы білімдерін кеңейту.
Қыс мезгілінің
ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Сыртқы көріністегі : қарға,
торғай, сары шымшық,суықторғай,тоқылдақ,сауысқан қыстайтын құстарды
ажырата білу қабілетін қалыптастыру.
3 Балаларға қыстайтын құстарға
арналған тағам түрлері туралы түсінік
беру;
4. Құстарға деген
мейірімділікті, қамқорлықты және достық қарым-қатынасты
тәрбиелеу.
Алдын ала
жұмыс: қыстайтын құстар туралы
әңгіме, табиғатты бақылау, жұмбақты шешу, иллюстрациялар
көру.
Көрнекіліктер: қыстағы ағаш сұлбасы,құстардың
суреттері,құс үйі,геометриялық
фигралар,тапсырмалар.
Сөздік
жұмысы: қыстайтын құстар, жыл
құстары.
Әдіс –
тәсілдер:Түсіндіру, көрсету,
үйрету,қайталау
Билингвалды
компонент: Құстар – птицы, Қыс – зима,
қар- снег,құс үйі- скворечник.
Әрекет
кезеңдері:
Тәрбиешінің іс –
әрекеті:
Интерактивті тақтада : (
Сабақтың тақырыбы,және мақсаты жазылады,фондық музыка
ойналады)
Психологиялық
дайындық
-Балалар, бүгін ерекше
күн.
Біздің оқу іс-қызметімізге
қатысуға қонақтар келіп отыр.
Қонақтармен
амандасамыз:
-
Сәлеметсіздер
ме?
-
Здравствуйте!
Ұйымдастырушылық кезең:
“Жылулық шеңбері”
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
-Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі? (қыс)
-Қыстың неше айы
бар? (үш ай
бар)
- Қыс айларын
ата? (желтоқсан, қаңтар,
ақпан)
- Қыстың келуімен табиғатта
қандай өзгерістер болады
(қар жауады,күн суытады,аяз
болады,боран соғады)
Балалар мен сендере жұмбақ
жасырайын шешуін өздерің табыңдар
Жұмбақты
шешу:
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын – шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған
(құс)
-
Бүгін сабақта біз құстар жалы
әңгімелетін боламыз
-
Құстар екіге бөлінеді
қыстайтын және жыл құстары
-
Жыл құстары жылы жаққа ұшы
кетеді ал қыстайтын құстар қыста қалады
-
Оларға біз қамқор болуымыз
керек
-
Олар нені ұнатады ( күнбағыс
дәнін,нан үгіндісін,түйтәрі т.б)
-Балалар, мен бүгін сендерді
қысқы орманға серуендеуге шақырамын!
- Қыс мезгілі болғандықтан
жылы киінеміз (бас киім және бөкебайларын
тағады)
-
Дәмді дақылдарымызды жол серік
сөмкеге салып алайық
- Ал,
кеттік!
Біз керемет орманға баратын
жолмен жүреміз
(Аудио запись қардың
сықыры естіледі)
Балалар,ормандағы әсемдікке
қараңдаршы, айналаға көз тастайық қандай әдемі қысқы
орман.
- Ауа- райы тып- тынық,
жапалақтап қар жауып тұр.
-Қандай керемет
тамаша!
-Балалар,қардың түсі
қандай? (Ақ)
-
қолымызға алсақ,ол суық және
еріп суға айналады. (
көрсету)
(қар ұшқыны жауып тұрған
интерактивтік тақтада көрсетіледі)
(Ғажайып
сәт)
-Балалар!құлақ салып
тыңдайықшы,құстардың дыбысы естіледі.
( аудио жазба құстардың
дыбысы)
-
Құстардың жем сауыты босап
қалыты,құстарды тамақтандырайық
-Тақтада құстардың суреттері
көрсетіледі(тақтада ашып)
-Бұл құстар балалар қыс
мезгілінде біздің жақта мекендейді.
- Ендеше бұл құстарды қандай
құстар дейміз (қыстайтын құстар)
- Қандай ұқсастықтары
бар?
(
басы,көзі,денесі,қанаттары,құйрығы,қауырсындары,аяқтары
бар)
Билингвальды
компонент:
Торғай – воробей шиқылықтайды
- чик-чирик.
Қарға – ворона
қарқылдайды-кар-кар.
Тоқылдақ – дятель тоқылдатады
ток-ток-ток
Суықторғай – снегирь ысқырады
ром-ром-ром
Сары шымшық – синица
шырылдайды көк-көк-көк
Сергіту
сәті:
Ептеп, ептеп, жерден бидай
терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң - томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді міне әңгімеге құлақ сал.
- Балалар сендер ойын
ойнағанды жақсы көресіңдерме?
«Кім не біледі?»
Ойын
- Құстар туралы тақпақтар
айтылады
- Бұл құстардың барлығы біздің
жақта қыстап қалатын құстар балалар.
- Бүгін біз сендермен қыстап
қалған құстарды өз көзімізбен көріп
қайттық.
-Енді балалар балабақшаға
қайтатын уақыт жетті.
- Енді балабақшаға
қайтайық.
-
-Балалар сендерге орманда
ұнадыма?
- Қыстап қалатын құстар
қиындыққа кездесе ме?
(Балалардың
жауабы)
- Сондықтан қыстап қалатын
құстарға қыстан аман есен шығу үшін,
қалай
көмектесеміз?
-
Тамақтандырамыз, құс үйін
саламы,жемсауыт жасаймыз.
(Балалардың
жауабы)
-Балаларды екі топқа бөліп
жұмыс жасаймыз
- Балалар біз қыстайтын құстарға көмек жасадық
па?
-Құстарға осылай қамқор
болуымыз керек?
Сабақты
қорытындылау
- Сендерге бүгінгі оқу-қызметі
ұнады ма?
-Бүгін сабақта балалар біз
қайда бардық ?
- Несімен ұнады? (Балалардың
жауаптары тыңдалады)
Тәрбиеші: - Балалар сендердің барлығыңда өте
жақсы сабаққа қатыстыңдар. Сендер өте тамаша
балаларсыңдар.
Күтілетін нәтиже: Балалардың қыс мезгілі
туралы білімдері бекітілді. Сөздік қорлары сөйлеу мәдениеті,
тапқырлықтары дамыды.
Оқу іс - әрекетінде алған білімдерін ойын
арқылы көрсете білді.