400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы :Р дыбысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Нұр Сәби" балабақшасы. "Болашақ" тобы. Ашық сабақ. Тақырыбы :Р дыбысы. мақсаты: 1) Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету. 2) Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі : сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету.
2) Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, гүл шоқтары, .
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.

Түрі: Ойын
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:

Қара достым жан - жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап - дәптер қаламдар.
- Балалар мына гүлдерге зер салып қараңдаршы. Гүлдер құрғақта жатыр, бұлар жайқалып өсуі үшін не қажет?
- Суға салып қою керек.
- Демек гүлдерді бұл жағдаяттан құтқару үшін: бүгінгі сабақта сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек. Алдымыздағы су толы ыдысқа әрбір дұрыс жауабымыз үшін берілген гүл шоқтарын салып отырамыз. Сабақ соңында кімге қанша гүл шоғы жиналғанын санаймыз. Сол бойынша: жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыштармен еңбегіміз бағаланады. Олай болса, сабаққа жақсы қатысып, ыдысымызға гүл шоқтарын көптеп жинайық.

2. Қайталау: Өткен сабақтарымызды қайталау мақсатында «Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Мен кімге орамал тастасам, сол ойыншы орнынан тұрып сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы өз вазасына бір гүл шоғын салып отырады.
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Қандай дыбыстарды білесің?
4. Дауысты дыбыстар қалай аталады?
5. Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

3. Жаңа сабақ: 1. Суретпен жұмыс. Қарғаның суретін көрсете отырып, сипаттау.
- Мынау ненің суреті балалар?
- Оның түсі қандай?
- Ол қалай дыбыстайды?
- Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап көрейікші:
- Қара қарға қарқылдайды.
- Қай дыбыс басым естіліп тұр?
- Демек біз бүгін Р дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
2. Р әрпін тақтаға ілу.
Р - ға тілі келмейді,
Кей баланың басында.
Р - де десең «И»дейді,
Ол басқа әріп расында.

- Шынымен балалар, кей балалардың Р - ға тілі келмейді екен.
- Қане бәріміз дыбыстап көрейікші - Р - Р - Р - Р - Р
3. Суретке қарап сөйлем құрау.
- Орманда қасқыр, жолбарыс, қарға және аралар радио тыңдап отыр.
- Суреттен тағы не көріп отырмыз?
- Балалардың жауаптарын тыңдау,
- Р дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу (шапалақтау арқылы буынға бөлгізу).
- Р дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін түсіндіру.
4. Енді экранға назар аударайық.
- Экран сөзінде де р дыбысы бар екенін түсіндіре кету.
- Электронды оқулықтағы Р дыбысына қатысты суреттерді тамашалай отырып қайталау.
5.”Кім тапқыр ” ойыны.
Р дыбысы бар сөздер ойлау, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау(. Ойын доп лақтыру арқылы жүргізіледі)

4. Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқала.
Табиғатты сүйеміз,
Денемізді тік ұстап
Билеп, билеп аламыз.

5. Бекіту: 1. Әліппе дәптермен жұмыс. Суреттерге тоқталып өту.
2. Р әрпінің баспа түрімен және жазба түрімен таныстыру.

3. Жазуға дайындық сәті: Бір, екі, үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
а) Ауаға жазып көру.
ә ) Тақтаға жазып көрсету.
б) Оқушыға жазып байқату.
в) Әліппе дәптердегі жолақты толтыру.
4. Эстафеталық ойын: Өтілген әріптер бойынша кеспе әріптерден сөз құрап, қатар бойынша жарысу.
- Озып шыққан қатардың оқушыларын ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мадақтау, ынталандыру.
Апа Ата
Аға Ана
Таға Ара

6. Бағалау:
- Әр баланың үлесіне жиналған гүл шоқтарын санау, сол бойынша еңбектерін бағалау.

7. Қортынды:
- Гүл шоқтарын «Тілек шоғына» айналдырайықшы
(жақсы тілек айта отырып, гүл шоқтарын бір - біріне қоса отырып жинау.)
- Мінеки балалар қандай әсем, әдемі гүл пайда болды. Келешекте осы гүлдей әдемі де әсем болып құлпырып өсуге тиіспіз. Ол үшін сабақты жақсы оқып, жан - жақты, үлгілі азамат болуымыз керек. Олай болса, ол үшін - сабақты жақсы оқуға уәде береміз бе?
- Уәде береміз.
Олай болса, осымен сабағымызды аяқтаймыз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі