Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы: «Шағылысқан күн» Кіші "Құлыншақ" тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тақырыбы: «Шағылысқан күн» Кіші "Құлыншақ" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар дәстүрден тыс сурет салу техникасының алақан мен саусақтар көмегімен күн сәулелерін сала алады. Бояумен ұқыпты жұмыс жасайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жылысбаева Лайла Кошкинбаевна

«Балдырған» бөбекажай балабақшасының

тәрбиешісі:

Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы

Өтпелі тақырып: «Күз сыйы» Тақырыбы: «Шағылысқан күн» Білім беру саласы: Шығармашылық, Таным Оқу қызметі: Сурет салу, Сенсорика Оқу мақсаты: 1. Балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды- эстетикалық қатынасын тәрбиелеу. 2. Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастырады. ҰОҚ мақсаты: 1. Балалар дәстүрден тыс сурет салу техникасының алақан мен саусақтар көмегімен күн сәулелерін сала алады. Бояумен ұқыпты жұмыс жасайды. 2. Балалар геометриялық пішіндерді (дөңгелек, үшбұрыш) ажырата алады. «Біреу», «Көп» ұғымдарын қалыптастыру. Дөңгелек және үшбұрыштардан күн бейнесін құрастыра алады. Дағды : Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады. Кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгерген. Ресурстар: сары түсті гуашь, орамалдар, ақ қағазға салынған күннің суреті, көк түсті кілемше, сары түсті қиылған пішіндер (дөңгелек, үшбұрыштар) . Билингвальды компонент: күн – солнце, дөңгелек – круг, сары – желтый,

Ұымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері.

Бала, бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбет,

Былай, былай ойнап.

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!,

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!

Тәрбиеші: Балалар қане бәріміз бір-бірімізге қарап күлімдеп, күнге қарап күлімдеп, бойымыздағы жылуды күнге шашамыз.

Педогог жетекшілігімен ойын.

«Сиқырлы суреттер»

Мақсаты: сурет арқылы күн туралы сипаттап айтады.

Шарты: ішкі шеңберге және сыртқы шеңберге тұрғызып, ішкі шеңберге суреттер беріп, сыртқы шеңбердегі балалар суреті сипаттап айтып береді. Осылай сыртқы шеңбердегі балардың орынын ауыстырып отырамыз.

(әткеншек әдісі; 4К моделі; сыни ойлау, креативтілік, жаппай бақылау) Сұрақ жауап.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

- Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші?

(Күн суытады, жапырақтар алуан түске боялып жерге түседі, т.б)

- Балалар бізде күн қаншау? (Біреу)

- Сәулелері қаншау? (Көп) (Саралау: Диалог, сұрақтар қолдану; 4К моделі: сыни ойлау; Бала үні)

Тәрбиеші: Балалар бүгін күн қандай тамаша, күн нұрын аямай төгіп тұр, күн барлығына қуаныш әкеледі – жапырақтар сарғайып, құстар сайрап, жан-жануарлар атаулы тіршілік қамына кірісіп, барлығымыз көтеріңкі көңіл күйде боламыз.

-Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын далаға шығып, күннің көзін көретін мүмкіндіктері жоқ. Олардың көңіл күйін көтеріп, күзгі күн сәулесімен жылынуына көмектесеміз бе?

Балалар: Иа көмектесеміз

Тәрбиеші: Балалар бірақ қараңдаршы біздің күніміздің сәулелері жоқ екен, көңіл күйі жоқ. Біздің ойыншықтарымызға күннің жылуы керек, сол үшін біз сендермен күн сәулесін жасап ойыншықтарымызды қуантып, күн сәулелерін салып, көңіл – күйін көтерейік. Топтастыру: Балалар өздеріне ұнаған сурет салынған столды таңдап, отырады. (Саралау: топтарға, рөлдерге бөлу)

Құрылымдалған ойын.

«Шағылысқан күн»

Мақсаты: Қағаз бетіндегі дайын күннің суретіне алақан мен саусақтар арқылы сары бояумен күн сәулелерін сала алады.

Шарты:Балалар сары түсті бояуға қолдарын батырып дайын күннің суретіне алақандары мен саусақтары арқылы күн сәулелерін салады.

(4К моделі; креативтілік,сыни ойлау, коммуникативтік, командамен жұмыс) Тәрбиеші: Дайын болған суретке күннің күлімдеп тұрған бейнесін саламыз.

Еркін ойын.

«Шуақты күн»

Мақсаты: Балалар дайын кесілге гометриялық пішіндерден (дөңгелек, үшбұрыштар) күн сәулелерін құрастыра алады.

Шарты: Балалар дайын кесілген сары түсті геометриялық пішіндерді көк түсті кліемше үстіне күнді орналастырады.

(Бала үні; қызығушылық мүде; 4К моделі; креативтілік,сыни ойлау)

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрамыз,

Айналаны шоламыз.

Күн нұрындай жарқырап,

Жер бетіне қонамыз.

(Бала үні)

Қимылды ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: Балалар жылдам, тез қимылдап, бір – біріне соқтығыспа ойнай алады. Шарты: Тәрбиеші «Күн»- деген кезде музыка әуеніне ойнап секіріп билейді, «Түн»- деген кезде ұйықтайды. Ойын екі – үш рет қайталанады.

Қорытынды.

-Балалар бүгінгі оқу қызметінде не туралы айттық? (күнмен)

-Күн қайда тұрады? (аспанда)

Тәрбиеші: Балалар тыңдаршы сендерге күн риза болып, рахмет айтып тұр, сендерге күн сияқты күлімдеп, өздеріңнің көңіл күйлеріңді көрсетіңдер (аудио басылым). Күннің сендерге арналған сыйлығы бар екен. Күнге рахмет айтамыз.

Педагог балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.. Өздеріне талдату. Балаларды мақтау және мадақтау смайликтер арқылы.

Бағалау: Балалар оқу қызметінен алған әсерлереріңді смайликтер арқылы білдірсек, оқу қызметін түсінемін дегендер қызыл түске, түсінуге қызықты болса сары түске, түсінбедім деген балалар жасыл түске смайликтерін жапсырады. (Мерседес әдісі)














































































«Балдырған» бөбекжай балабақшасы

Келісілді:_________ Бекітемін:__________

Әдіскер:Дементьева Н.А. Меңгеруші:Салиева Қ.С.











Кіріктірілген оқу қызметі:

Тақырыбы: «Шағылысқан күн».



Кіші «Құлыншақ» тобы











Тәрбиешілер: Жылысбаева Л.К.

Сагитжанова Э.Н











2020-2021 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!