Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: "Салауатты отбасы" 2"А" сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ тақырыбы: "Салауатты отбасы" 2"А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
стаздармен тәжірбие алмасуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
290
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

Күні: 21.12.2020 ж.

Мұғалімі: Аралбаева А.Е.

Сыныбы: 2 «Ә»

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Салауатты отбасы №: 15

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, татулық.

Мақсаты: оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйісеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілікті қадірлеуге үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. uzdikter.biz

3. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi
Әдемiлеп ән салып,

Топ - топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.

Ұшқандай боп кекiлiк,
Биiк - биiк секiрiп,
Ойнап - ойнап, тез өсiп,
Кетемiз бiз жетiлiп.

Тұрып қалмай жантайып,
Бiр еңкейiп, шалқайып,
Жылдам - жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.
/Б. Бөрiбаев/


2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №14 – сабақ. Адалдық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №15, «Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгімені оқып келу.

Сұрақтар:

1. Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар?
2. Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүруі керек?
3. Өз отбастарыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма?
Неліктен?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Бір адам жаққан отқа,
жүз адам жылынады.
Қазақ мақалы

Сұрақтар:

1. Риясыз сүйіспеншілік адамдарға қандай көңіл-күй сыйлайды?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Шынайы сүйіспеншілік

В.А.Сухомлинский

Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

  • Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,–деді біріншісі.

  • Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.

  • Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі.

  • Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.

  • Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, -деді бесіншісі.

  • Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

Сұрақтар:

  1. Шынайы сүйіспеншіліктің мәнін қалай анықтауға болады?

  2. Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  3. Әңгімедегі жетінші қыздың жасаған әрекеті ұнады ма? Неге?

  4. Өздерің риясыз сүйіспеншілікпен қандай әрекеттер жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма:

1топ:Кестеге назар аударыңдар. Отбасындағыаға, іні, әпке, сіңілі, қарындастың міндеттерін жазыңдар.

Аға


Іні


Әпке


Сіңілі


Қарындас


2 – топ: Салауатты отбасының ережесін құрастырыңдар.

3 – топ: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып «Бақытты отбасы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жақсы ой, адал ниет,жақсы іс, көмек, қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік.


6. Топпен ән айту.

Біз осылай өсеміз
Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.


7. Үй тапсырмасы.

1. №15 – сабақ. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №16, Ел аузынан «Жаның жеті жаманнан аман болсын» оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.









































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!