жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.»
МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
«Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.

Тәрбиеші: Утегенова Ж.Б
2016-17ж
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы: «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.»
Мақсаты: Геометриялық фигураларды атау және тану,оң ,сол жақтарын салыстыру; пішіндерді ауада салу.Ертегі арқылы балалардың тілін дамыту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сұрақ-жауап арқылы тілдерін дамытып, толық сөйлеуге қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын әрекеті, экран арқылы балаларға слайд көрсету
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: теледидардан көрсету
Қажетті көрнекі құралдар: пішіндер,теледидар,үлестірмелі карточкалар
Билингвальді компонент: пішіндер-фигуры, қоян-заяц,түлкі-лиса.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Таңғажайып сәт: -Балалар мен сендердің ертегіні жақсы көретіндеріңізді білемін,сондықтан мен сендерді ертегі әлеміне саяхатқа шақырамын.Сендер білесіңдер ме қандай ертегі әлеміне баратындарыңды? Ендеше барлығымыз теледидарға назар аударып, қай ертегі бейнеленгенін айтайық. -Қандай ертегінің суреттерін көріп отырсыңдар?
-Осы ертегінің көмегімен сендермен пішіндерді ретімен қоюды, құрастырып,оларға ұқсас заттарды таба білуге,жыл мезгілі туралы және ойындар ойнауға үйренеміз. -Ең алдымен көзімізді жұмайық. -Кәне енді көзімізді ашайықшы. Нені көріп тұрсыздар? Ол не істеп отыр екен? -Неге жылап отырғанын сұрайық. -Балалар мен сендерден көмек сұраймын. Түлкі екеуміз үй салған болатынбыз.Менің үйім ағаштан,ал түлкінің үйі мұздан жасалған болатын.Көктем келіп түлкінің үйі еріп кетіп,ол болса менің үйіме кіріп алып мені қуып шықты. -Ой, балалар енді не істейміз қоянға көмектесеміз бе? - Түлкі қояннан хат беріп жіберген екен.Ашып қарайықшы. Ішінде бірнеше тапсырмалар бар екен. Балалар түлкі қоянмен мейірімді дос болу үшін, біз оған жаңадан үй құрастырып берейік. Ол үшін түлкінің тапсырмаларын орындайық . 1-тапсырма Пішіндерді заттармен салыстырыңдар. |
-Қоян мен түлкінің үйшігі атты ертегісін көріп отырмыз. Балалар қызыға көздерін жұмады. -Қоянды. -Жылап отыр. -Әрине көмектесеміз. Балалар тәрбиешінің нұсқауы мен жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Слайд арқылы -Балалар өте жақсы пішіндерге ұқсас заттарды жақсы айыра білгендерің үшін сендер суреттің бір бөлігін аласыңдар. (Тақтаға құрастыру) -Балалар кішкене бойымызды жазып,дем алып аламыз ба? Сергіту сәті: «Қоянмен бірге жаттығу жасаймыз»
Физминутканы теледидардан көрсету арқылы балалар қимылмен жасайды. -Балалар дем алып алсақ жаңа сөздермен танысайық: пішіндер-фигуры,қоян-заяц,түлкі-лиса. -Балалар осы пішіндерді ауада салып көрейікші, ол үшін тағы теледидарға назар аударайық. Слайд арқылы орындату.
2-тапсырма «Пішіндерді өз ұяшықтарына орналастыр» Слайдқа назар аударту. -Балалар өте жақсы жауап бергендерің үшін, сендер суреттің екінші бөлігін аласыңдар.(Тақтаға құрастыру)
|
Балалар теледидардан физминутканы қызыға орындайды. - пішіндер-фигуры,қоян-заяц,түлкі-лиса. Барлық тапсырмаларды балалар жақсы орындап шықты. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
-Жақсы балалар сендер
пішіндерді өз үяшықтарына жақсы
орналастырдыңдар. 1-кішілер тобына да тапсырмалар беріледі. -Енді түлкінің үшінші тапсырмасын орындайық 3-тапсырма Анимациялық слайд күз мезгілі бойынша сұрақ-жауап.
-Балалар жақсы жауап бергендерің үшін, сендер суреттің қалған бөлігін аласыңдар.(Тақтаға құрастыру) -Балалар қараңдаршы сурет түсініксіз болып кетті. Мен құрастыра алмадым. Маған дұрыстап құрастырып беріңдерші. Балалар үйді құрастырып береді. -Қалай ойлайсыңдар түлкіге үйіміз ұнай ма екен? Осы үйімізді мен почта арқылы түлкіге жіберемін.Ол қуанып қоянның үйін өзіне қайтарып береді. -Енді балалар тағы да бір дем алып алайық.Ол үшін шеңберге тұрып «Үндемей, қимылмен жауап бер» ойынын ойнайық. -Мен сендерге бір сөз айтамын, ал сендер тек қана қимылмен көрсетесіңдер. -Сәлеметсің бе? -Сен мында кел. -Тыныш -Тентек болма. -Сау бол, |
Күз мезгіліне толық жауап беріп отырды. Балалар үйдің суретін дұрыстап құрап береді. -Ұнайды. Балалар ойынға байланысты қимылдар жасайды. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
-Түлкі қояннан не беріп жіберген екен? -Ол қоянға не істеді? -Сендер не орындадыңдар? -Қандай тапсырмалар? -Ал сендерге ойын ұнады ма? -Жақсы балалар сендер бүгінгі ҰОІӘ өте жақсы қатысып отырдыңдар, рахмет. |
-Хат беріп жіберген. -Үйінен қуып жіберді. -Тапсырмалар - Пішіндерді атау, пішіндерді ауада салу. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Геометриялық фигураларды атау,оң ,сол жақтарын салыстыру; пішіндерді ауада салу.
Қандай түсініктерді меңгерді: Пішіндерді заттармен салыстыруды меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегі арқылы балалардың тілін дамытуды меңгерді.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Зерде» аралас (1,2 кішілер) тобы
Күні: 11.02.16ж
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы: «Биік-аласа,сол жақта-оң жақта,геометриялық пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық фигураларды атау және тану,оң ,сол жақтарын салыстыру; пішіндерді ауада салу, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, балаларды дидактикалық ойындар ойнату арқылы тапқырлыққа тәрбиелеу. Сұрақ-жауап арқылы тілдерін дамытып, толық сөйлеуге қалыптастыру.1 кішілер балаларын жеке-жеке дид.ойынға араластыру.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын әрекеті, экран арқылы балаларға слайд көрсету
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: теледидардан көрсету
Қажетті көрнекі құралдар: пішіндер,теледидар,үлестірмелі карточкалар
Билингвальді компонент: пішіндер-фигуры, биік-высокий,аласа-низкий,сол жақта-справа,оң жақта-слева
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Таңғажайып сәт: -Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр. Қане мұқият тыңдайық.
1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, Менің атым- (дөңгелек) 2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) 3.Теледидар таныс екен баршаға, Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға). - Дұрыс айтасыңдар, ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен. -Балалар осы пішіндерді ауада салып көрейікші, ол үшін теледидарға назар аударайық. Слайд арқылы ауада пішіндерді жасайды.
-Жарайсыңдар. -Балалар мен сендердің ертегіні жақсы көретіндеріңізді білемін, сондықтан мен сендерді ертегі әлеміне саяхатқа шақырамын.Сендер білесіңдер ме қандай ертегі әлеміне баратындарыңды? -Осы ертегінің көмегімен сендермен пішіндер туралы, оларға ұқсас заттарды таба білуге,салыстыруға, ойындар ойнауға үйренеміз. Ендеше барлығымыз теледидарға назар аударып, қай ертегі бейнеленгенін айтайық. Слайд арқылы ертегіні әңгімелеу. - Түлкі қояннан хат беріп жіберген екен.Ашып қарайықшы. Ішінде бірнеше тапсырмалар бар екен. Балалар түлкі қоянмен мейірімді дос болу үшін, біз оған жаңадан үй құрастырып берейік. Ол үшін түлкінің тапсырмаларын орындайық . |
-дөңгелек -үшбұрыш -шаршыға -жоқ -Қоян мен түлкінің үйшігі атты ертегісін көріп отырмыз. Балалар қызыға көздерін жұмады. -Қоянды. -Жылап отыр. -Әрине көмектесеміз. Балалар тәрбиешінің нұсқауы мен жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
-Ең алдымен көзімізді жұмайық. -Кәне енді көзімізді ашайықшы. Нені көріп тұрсыздар? Ол не істеп отыр екен? -Неге жылап отырғанын сұрайық. -Балалар мен сендерден көмек сұраймын. Түлкі екеуміз үй салған болатынбыз.Менің үйім ағаштан,ал түлкінің үйі мұздан жасалған болатын.Көктем келіп түлкінің үйі еріп кетіп,ол болса менің үйіме кіріп алып мені қуып шықты. -Балалар енді не істейміз қоянға көмектесеміз бе?
1-тапсырма Пішіндерді заттармен салыстырыңдар және ұқсас заттарды табыңдар.Слайд арқылы -Балалар өте жақсы пішіндерге ұқсас заттарды жақсы айыра және салыстыра білгендерің үшін сендер суреттің бір бөлігін аласыңдар. (Тақтаға құрастыру) -Балалар кішкене бойымызды жазып,дем алып аламыз ба? Сергіту сәті: «Қызбен бірге жаттығу жасаймыз» Физминутканы теледидардан көрсету арқылы балалар қимылмен жасайды. -Балалар дем алып алсақ жаңа сөздермен танысайық: пішіндер-фигуры,биік-высокий,аласа-низкий,сол жақта-справа,оң жақта-слева. 2-тапсырма «Пішіндердің оң және сол жағын табыңдар» Слайдқа назар аударту. -Жақсы балалар сендер пішіндердің оң,сол жақтарын дұрыс таптыңдар. -Балалар өте жақсы жауап бергендерің үшін, сендер суреттің екінші бөлігін аласыңдар.(Тақтаға құрастыру)
-Енді түлкінің үшінші тапсырмасын орындайық 3-тапсырма Балаларға үлестірмелі карточкалар беріледі. Балалар орындарында отырып орындайды. 1-кішілер тобына да тапсырмалар беріледі. «Пішіндерді ұяшықтарға орналастыр» |
Балалар теледидардан физминутканы қызыға орындайды. -фигуры,биік-высокий,аласа-низкий,сол жақта-справа,оң жақта-слева. Барлық тапсырмаларды балалар жақсы орындап шықты. Күз мезгіліне толық жауап беріп отырды. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
-Балалар жақсы жауап бергендерің үшін, сендер суреттің қалған бөлігін аласыңдар.(Тақтаға құрастыру) -Балалар қараңдаршы сурет түсініксіз болып кетті. Мен құрастыра алмадым. Маған дұрыстап құрастырып беріңдерші. Балалар үйді құрастырып береді.
-Қалай ойлайсыңдар түлкіге үйіміз ұнай ма екен? Осы үйімізді мен почта арқылы түлкіге жіберемін.Ол қуанып қоянның үйін өзіне қайтарып береді. -Енді балалар тағы да бір дем алып алайық.Ол үшін шеңберге тұрып «Үндемей, қимылмен жауап бер» ойынын ойнайық. -Мен сендерге бір сөз айтамын, ал сендер тек қана қимылмен көрсетесіңдер. -Сәлеметсің бе? -Сен мында кел. -Тыныш -Тентек болма. -Сау бол, |
Балалар үйдің суретін дұрыстап құрап береді. -Ұнайды. Балалар ойынға байланысты қимылдар жасайды. |
|
|
-Түлкі қояннан не беріп жіберген екен? -Ол қоянға не істеді? -Сендер не орындадыңдар? -Қандай тапсырмалар? -Ал сендерге ойын ұнады ма? -Жақсы балалар сендер бүгінгі ҰОІӘ өте жақсы қатысып отырдыңдар, рахмет. |
-Хат беріп жіберген. -Үйінен қуып жіберді. -Тапсырмалар - Пішіндерді атау, пішіндерді ауада салу. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Геометриялық фигураларды атау,оң ,сол жақтарын салыстыру; пішіндерді ауада салу.
Қандай түсініктерді меңгерді: Пішіндерді заттармен салыстыруды меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегі арқылы балалардың тілін дамытуды меңгерді.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Утегенова Ж.Б.
шағым қалдыра аласыз

















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген