жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ тақырыбы: "Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы мен әрпі" 1 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
|
Күні:20.01.2017ж Сынып: 1 Б |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы мен әрпі |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.1 мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылар берілген сөздер мен сөйлемдерді оқиды. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Барлығы: Мәтінде автордың айтқысы келген ойын түсінеді, түсіндіреді Көбі: Мұғалімнің көмегімен қарама –қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады. Кейбірі: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылардың сөздік қорына мәтіндегі жаңа сөздерді енгізе отырып, мағынасын ашу, түсіндіру |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ақиқат құндылығының мәнін аша отырып, достық, адал достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу |
||
|
Пәнаралық байланыс |
«жаратылыстану» пәнімен «Саяхат» тақырыбы бойынша тікелей байланыс орнайды |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы видео көру |
||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар суреттер бойынша сөйлем құрай алады,сұрақтарға жауап береді, сұрақтарға жауап береді, сөздерді оқиды |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 2 минут |
Қайырлы таң досым Қайырлы күн болсын, Жеті күннің әр кезі Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын Табиғатта саяхаттап Деніміз сау болсын |
Интерактивті тақта |
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут Сергіту сәті 1 минут |
1.-қазір жылдың қай мезгілі? -қыс несімен ерекшеленеді? -Қардан не жасауға болады? -аққаланы қалай жасауға болады? - табиғатта саяхаттағанда қандай ойындар ойнар едіңдер? - ендеше, бүгін біз де табиғатта саяхаттап, аққала соғайық. Әрі әдемі, тез, құру үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек. Сосын барлығымызға сыйлық та бар екен. 2. Сиқырлы сандық/1 аққала дөңгелегі/ /тосынсый сандықтағы/ жұмбақ -Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. -Мына суреттердің қайсысы осы жұмбақтың шешуі болады?
2. Топтық жұмыс /2 аққала дөңгелегі/ осы суреттердегі сөздерге дыбыстық талдау жасап көрелік.3 дөңгелегі,4аққала бас киімі / Бірін бірі бағалайды. Ай, күн, әтеш 3.Оқулықпен жұмыс. №1 Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім/не/ туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау -Осы тақырыпқа берілген мәтінді оқып жіберейік. Оқу т.рлерін қолданып, бірнеше рет оқыту А. Мәнерлеп оқу Ә. Тізбектей оқу -Кімдер аулаға шықты? -олар не істеді?
-аққаланы
сипаттаңдар 4. Жұптық жұмыс. Әр жұп бір сөйлемнен алып, сөйлемнің сызбасын жасайды Сергіту сәті Ауыл алды ақшақар Ақшақарда балалар Соғып жатыр аққала Бірі инженер бірі ұста, Жалқауы жоқ жұмысқа Бірі әкеліп қар үйіп, Бірі қарға су құйып, Күліседі күлімдеп. «Бітірейік» -деп қана Біреуі әйнек ойыпты, Біреуі есік қойыпты Өздеріне шақ қана 5. Дәптермен жұмыс Сөздерді оқып, жазады 6. -Балалар қардың түсі қандай?/ақ/ - «ақ» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз ойлайықшы -қара -Ендеше, кітаптағы берілген суреттердің астындағы сөздердің қарсы мағыналас сөздерін тауып көріңдерші: -Жас-кәрі, ащы-тәтті тағы да қандай сөздер болады? Жас сөзі тағы қандай сөз? Мағынасы әртүрлі айтылуы бірдей |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
|
Аяқталуы 3 минут |
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны ...ке, ..демі,...с..нді, д..рі |
|
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Қар қиыршықтарымен бағалау |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Жаратылыстану пәнімен оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
|
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген