жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Тақырыбы: «Тазалықтың достары»
Бекітемін:
Ұйымдастырылған оқу қызыметірің технологиялық картасы
«Нұрбалапан» бөбекжаы
«Алпамыс» тобы
Күні: 13.11.2020ж
Тақырыбы: «Тазалықтың достары»
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Жаратылыстану
Мақсаты: Балалардың тазалықтың достары(су,сабын,сүлгі,тарақ,тіс щетка,айна) жайында білімдерін толықтыру; баланың жеке бас тазалығының сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту; өздерін ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Сүлгі,сабын,тарақ,тіс щеткасы,айна.
Қостілділік компонент/билингвальный/: сабын-мыло,тарақ-расчешка,айна –зеркало,
Іс-әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі
|
Балалар
шаттық шеңберін құрайып,қонақтармен
сәлемдеседі. Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенмен, Тәрбиенің басы ғой. Ал,қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Өте жақсы балалар орындарыңызға отырыңыздар. |
Балалар Шаттық шенберді қимыл-қозғалыспен келген қонақтармен амандасады
|
Ұйымдас- тырушы- лық ізденіс кезеңі
|
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар?атап айтайықшы ай аттарын.бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметіміз Жаратылыстану Тақырыбы: «Тазалықтың достары» деп аталады. Балалар мен сіздерге бір өлең оқып берейін сіздер мұқият тыңдаңдар. С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып береді: Кім жек көрер мысықты, «Ылғи бетін жуады», - Деп, тәтеміз мысықты Бізге үлгі қылады. Өлеңде не туралы айтылып тұр балалар? Балалар, мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме? Таңертең жуынасыңдар ма? Тістеріңді жуасыңдар ма? Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма? Таза болғыларың келеді ме? Дұрыс, таза болуымыз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. Мен сіздерге жұмбақ жасырамын сіздер тыңдап жауабын айтасыздар. Жұмбақ Жылт-жылт етеді, Жылғадан өткен. (Су) Дымқылдап күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір,ласың Тап-таза боласың. (Сабын) Шомылған баланы, Аймалап алады. Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. Бұл не? (Сүлгі) Мынадай бір асыл бар, Басы жоқ,шашы бар. Болса ондай бұйымың, Ластанбайды тісің. (тіс щеткасы) Қарасаң ол да қарайды, Шашыңды бірге тарайды. (айна) Аузы бар,көзі жоқ, Тілі бар,сөзі жоқ. Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. (тарақ) -Дұрыс,балалар! Біз тазалықтың достарын тақтаға ілдік.Енді осы заттардың қызметімен танысайық. -Су – бұл тазалықтың ең негізгі құралы. Сумен біз не істейміз? Сабынмен жуынсақ кіріміз бірден кетеді және денеміздегі микробтар өледі. Сүлгі- тазалықты сақтауға өте қажетті зат. -Иә,біз тісімізді тіс щетка- сымен күніне 2 рет тазалап жүрсек тісіміз аппақ,сау болады. -Айна не үшін керек? -Ал,тарақ ше? Дұрыс айтасыңдар,балалар! Бұл заттар болмаса біз кір-кір болып жүрер едік. Ғажайып сәті. Қолында сөмкесі бар,Маша қонаққа еледі. Маша Сәлеметсіздерме балалар мен Маша боламын Маша сөмке алып келіпсің. Машаның сөмкесінде не бар екен қане қарайықшы. Тазалық заттары:сабын-мыло,тарақ-расчешка,айна –зеркало,бар екен олардың аттарын,түстерін екі тілде.Не үшін керек екен. Сабынмен жуынамыз,тарақпен шашымызды тараймыз,сүлгімен сүртінеміз т\б Маша біздің балалар тазалық туралы тақпақтар біледі. Кәне балалар Машаға арнап тазалық туралы тақпақтарымызды айтып бериікші. Бәрі: Таңертең тұрамын, Бетімді жуамын. Тісімді тазалаймын, Шашымды тараймын, Тап – таза боламын. Айзере:Дос бол сабын,сумен Жиі-жиі жуын сен Таңертең де,кеште де Жуын күндіз-түсте де. Мерәлі:Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында Жуын ұйқтар кезінде, Жуын тұрған мезгілде. Жарайсыздар балалар Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық Сергіту сәтті. Ойын: «Не жоқ»д\ойын. Маша:-Жарайсыздар балалар!Сендер тазалық туралы жақсы біледі екенсіздер.Мына бет орамалды менің сіздерге сыйлығым.Әрдайым осылай таза жүріңіздер!Балалар,енді мен аюға баруым керек.Аю мені күтіп отыр. (Балалар машамен қоштасады) |
Балалар Жауап береді
Өлеңді қызыға тыңдайды.
Тазалық туралы.
Су
Сабын
Сүлгі
Тіс щеткасы Айна
Тарақ
Айнаға қарап киінеміз Тарақпен шашымызды тараймыз. Балалар Маша келгеніне қуанады
Машаға тақпақтарын айтып береді.
Сергіту сәтін әуен ырғағымен жасайды Ойынға қызығушылықпен қатысады. Машамен қоштасады.
|
Іс-әрекетті бақылау кезеңі
|
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде пысықтайды. -Балалар,бізге бүгін қонаққа кім келді? -Маша, өзімен бірге не ікелді? -Тазалықтың достарына қандай заттар жатады екен? -Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? Осымен біздің «Тазалықтың достары» атты ашық оқу іс-әрекеті аяқталды. Бағалау. -Сау болыдар! |
-Маша -Сөмке әкелді. Айна тарақ,сүлгі т\б Ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тазалықтың достарына қандай заттар жататынын;
Игереді: тазалықтың денсаулыққа пайдалы екенін;
Меңгереді:сұрақ-жауап арқылы тілдік қорларын дамытады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген