жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, тақырыбы: "Тербелмелі қозғалыс"
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Физика Сынып: 9 |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты – жөні: Аукенова Айдана Абиевна |
||
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы:
|
Тербелмелі қозғалыс |
||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Тербелістер және толқындар |
||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: |
9.2.5.1 – еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру; 9.2.5.3 – формулаларды қолданып периодты, жиілілікті, циклдік жиілікті анықтау |
||
Сабақ мақсаттары: |
Оқушылардың барлығы: Еркін және еріксіз тербелістерді біледі, периодтың, жиіліліктің, циклдік жиіліктің формулаларын біледі. Мұндағы таным деңгейлері «Білу» (анықтайды) және «Түсіну» (ажыратады) Оқушылардың басым бөлігі: Еркін және еріксіз тербелістерді біледі, мысалдар келтіре алады, формулаларды пайдалана отырып жиілікті, периодты және амплитуданы анықтайды. Мұндағы таным деңгейі «Талдау» және «Қолдану» Оқушылардың кейбіреулері: Еркін және еріксіз тербелістерді біледі, мысалдар келтіреді, формулаларды пайдалана отырып жиілікті, периодты және амплитуданы анықтайды, осы ұғымдар мен формулаларды күрделі есептер шығару барысында қолданады және ажырата алады. Мұндағы таным деңгейі «Бағалау» |
||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау |
||
Бағалау критерийлері: |
|
||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология:
Еркін
және еріксіз тербелістер, амплитуда,
период, жиілік, циклдік жиілік, Герц,
радиан терминдерін дұрыс айту. Грек
алфавитін дұрыс оқу:
v – ню. Диалогқа тарту:
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды жауапкершілікке баулу. Өзін – өзі бағалау үрдісін дамыту және қалыптастыру. Қазақстанның экономикалық және өндірістік саласында пайызбен есептеудің маңыздылығын ескеру. Оқушылардың отансүйгіштік және азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыру. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Математика - бөлшектерге барлық амалдарды қолданады, пропорция құру арқылы есептер шығарады; Информатика – интербелсенді тақтаны пайдаланады |
||
Алдыңғы меңгерілген білім |
9.2.1.13 – дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау; 9.2.1.14 – сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығару |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 2мин
Алдыңғы білімді жинақтау 5мин
Сабақтың ортасы 5мин
Топтық жұмыс 15мин
Жеке жұмыс 10мин
Аяқталуы 3мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Психологиялық жағдай: «Жылы лебіз» әдісі - оқушылар бір – біріне жылы сөздер айту арқылы сыныпта достық байланыс орнайды. Мақсаты: Сыныпта қолайлы атмосфера туғызу. Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жүйрік?» - әдісі (тест) Мақсаты: Алдыңғы білімді еске түсіру. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі
№1 тапсырма: «Проблемалық сұрақ» әдісі: Әткеншекте тербеліп отырған балаға қатысты қандай физикалық шамаларды анықтауға болады? Мақсаты: Оқушылар жылдамдық және қозғалыс түрлерімен және тербеліс ұғымымен таныс, дегенмен оны сипаттайтын шамаларды және формулаларды толық пайдалана алмайды, сондықтан оларға оқулыққа сілтеме жасалады. Оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастыру. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі
№2 тапсырма: Топқа біріктіру: «Сәйкесін тап» - әдісі І топ «Период»
-
толық
бір айналым жасауға кететін
уақыт,формуласы:
ІІ топ «Жиілік»
ІІІ топ «Амплитуда»
IV топ «Тербелістер»
Оқушыларға таратпалар беріледі. Сол таратпадағы сипаттамалар арқылы олар топтастырылады. Мақсаты: Топтасып жұмыс істей алу, басқаның пікірін тыңдау. Оқушылар арасында сенімділік, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, көшбасшылыққа итермелеу. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі №3 тапсырма: «Таңдау жаса» - әдісі
3.
Мақсаты: Тербелістердің түрлері еркін және еріксіз тербелістерді ажыратуға мүмкіндік туғызу, ойлау қабілетін дамыту. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі
№4 тапсырма: «Ойыңмен бөліс» - әдісі Серіппеде ілініп тұрған жүк 16с ішінде 64 тербеліс жасайды. Оның периодын, жиілігін және циклдік жиілігін анықта. Мақсаты: Периодты, жиілікті және циклдік жиілікті анықтауды үйрету Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі №5 тапсырма: «Миға шабуыл» әдісі
2) Тербеліс периоды 4с болатын маятник 8 тербеліс жасайды. Оның тербелу уақыты мен жиілігін анықта. ***3) Серіппеде ілініп тұрған бірінші шардың тербеліс периоды екінші шардың тербеліс периодынан 2 есе артық. Олардың тербеліс жиіліктерін анықта. Дескриптор: 1)
– Тербелу уақытының формуласын дұрыс көрсетеді;
3) - бірінші шарға қатысты екінші шардың тербеліс периодын анықтайды; - жиілікті табудың формуласын дұрыс көрсетеді; - бірінші шардың жиілін табады; - екінші шардың жиілін табады. Мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау және есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Теориялық білімін практикада пайдалану. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): «Бағалау парақшасы» әдісі
«Ағаш» әдісі – оқушылар сабақты қандай деңгейде меңгергеніне және көңіл күйіне байланысты бейнелерді бояйды. Мақсаты: берілген суреттегі бейнелер арқылы жүретін рефлексия
Үй тапсырмасы: Бақылау сұрақтары; 21-жаттығу, №3,4 |
Слайд 2
Слайд 3
Таратпалар
Слайд 4
Слайд 5
«Физика және астрономия» 9сынып, 89 бет, 91 бет |
|
Саралау |
Саралап оқыту тәсілдерін ескере отырып, оқушыларға қажеттілігіне қарай әртүрлі тапсырмалар дайындалады. Оқушылардың барлығы «Проблемалық сұрақ» әдісі арқылы берілген тапсырманы орындап, талқылап, оны көркемдеп ұсынады. Оқушылардың көпшілігі «Сәйкесін тап», «Ойыңмен бөліс», «Таңдау жаса» әдістері арқылы оқушылар суреттермен, графикпен сәйкестендіру жұмыстарын жүгізеді, алған білімдерін есеп шығару барысында қолданып, ұжымдасып, өз жауаптарын нақтылап, ұсынады. Оқушылардың кейбіреуі есептерді жылдам орындайды және қосымша күрделі тапсырмаларды талабына қарай орындайды. Сол арқылы бұл оқушылардың ойлау қабілеті мен логикалық дағдысы жоғарылап отырады. *бар есепті шығару барысында оқушылар қажетті қолдау мен бағытты және қажетті қосымша ақпаратты қажеттілігіне қарай алып отырады. Қажеттілігі жоғары білім алушыларға * бар қосымша есептер |
|
|
Бағалау |
Сабақтың барлық бөлімдерінде, яғни үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды игеру, тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаудың «Бағалау парақшасы» әдісі қолданылып отырады. Бұл әдіс оқушылардың жіберген қателерін дер кезінде жөндеуге, жаңа сабақты қаншалықты игергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр тапсырмаға сәйкес дескрипторлар берілген, бұл оқушыларға тапсырманы орындау барысында нәтижеге жетуге көмек болып саналады. |
|
|
Қорытынды бағамдау |
|||
Қандай екі нәрсе табысты болды? 1 2 Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? 1 2 Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім?Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1 2 |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген