400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері 3"Ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып ұстаздарына керек. Жаңартылған білім бойынша.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Бөлім: Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Модератор: Дузбаева.А.С

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Тыныс алу мүшелері.

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Адамның тыныс алу жүйесімен танысады және оның ағза үшін маңызын біледі.

Бағалау критерийі

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтап, сипаттайды;

Тыныс алу жүйесі маңызын сипаттайды;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Өкпе, ауатамырлар мен кеңірдектің қызметін сипаттайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өкпе, ауатамырлар, кеңірдек.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Математика, дене шынықтыру.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 1 минут





4 минут


Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады.

Ойсергек.

Сәттілік біздер тілейік.

Мен саған, сен маған,

Күндей күліп жүрейік.

Күннің нұрын төгейік,

Мен саған, сен маған.

Кіріспе тапсырма. «Тыныс алу – тыныс шыға­ру». Мақсаты: Тыныс алғанда және тынысты шығарғанда ауаның ағзаға ықпалын түсінеді.

Оқушылар қабырғаларына қолдарын қойып, бірнеше рет қатты дем алып, дем шығарады. Сұрақтар:

- Дем алғанда қандай өзгерістер болды?

- Дем шығарғанда ше?

- Демді біраз уақыт іште ұстап тұрса не бола­ды?

- Демді қанша уақыт іште ұстап тұруға болады?

-Демді қалай ұзақ ұстап тұруға болады?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Бүгінгі сабақта тыныс алу үрдісіне қатысатын мүшелермен танысатынын, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын зерттейтінін хабарлау.

Слайд №1









Слайд №2,3





Сабақтың ортасы

4 минут











4 минут

















2 минут



7 минут





















2 минут


4 минут





7 минут









Қалай дұрыс тыныс алу керек?

Мақсаты: Мұрын қуысының ерекшеліктерін сипаттау. Тапсырма төменгі ретпен орындалады:

  1. Мұрынға алақанды тосып, баяу тыныс алу.

  2. Оқушылардан нені сезінгендерін сұрап, ойларымен бөлісу. Олар шыққан жылы демді сезінгендерін айтады.

Оқушылар өз бетінше оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерімен танысады.

«Мен журналистпін» ойыны арқылы бір оқушы кейбір оқушылардан «Әрдайым мұрынмен демалу зиянды емес пе?» – деп сұрап, оған жауап алады.

Бейнеанимация көру. Көргендерін сипаттау.

Тыныс алу жүйесі. Оқушылар жұптасып тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жататынын талдайды. Талқыланатын сұрақтар:

  • Неліктен өкпені жұп мүше деп айтады? (Оң және сол жақ жұп­тардан тұрады.)

  • Тыныс мүшелері қайда және нелік­тен олай орналасқан? (Қабырға астында, көкірек қуысында).

Оқушыларға ауаның ағзада таралу бағытын кескін сызбада түрлі түсті нұсқарлар арқылы көрсетуді тапсыру.

ҚБ. Смайликтер арқылы өзара бағалау.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Дереккөз түрлерін анықтай алуды үйренеді, тыныс алу жүйесі құрылысының ерекшелігі мен орналасу ретін үй­реніп, оларды атап көрсете алады, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын анықтайды, зерттеу жұмысы барысында модель құрастырады.

Оқушыларды тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланып бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы, «Өкпе» тобы, «Кеңірдек» тобы т.б.

Ресурс таратып беру: қағаз парақтар, поролон/киіз, мақта, жапсырма, фломастер.

Модель жасау.

- Тыныс алу жүйесінің қалай құрылға­нын қарастыру.

- Ватман қағазға адамның шынайы көлемдегі кеу­десінің сұлбасын салу.

- Адам кеуде қуысының сұлбасын салу.

- Тыныс алу мүшелерін сызбаға орналастыру.

- «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру. Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар? Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

- Зерттеу жұмысын қорытындылау. Басқа топтардың нәтижелерімен танысып, талдау. Өз жауаптарымен салыстыру.

Модельдеу бары­сында қойылатын жетекші сұрақтар:

  1. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден құралады?

  2. Мұрынның қызметі қандай?

  3. Өкпе қайда орналасқан?

  4. Өкпеге ауа қалай жетеді?

  5. Қан оттекпен қай жерде толығады?

ҚБ. «Галереяны шаралау» ойыны арқылы оқушылардың жұмысын ауызша бағалау.

Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

http://balapan.kaztrk.kz

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Оң жақтағы өкпе сол жақтағы өкпеге қарағанда сәл үлкендеу болатынын талқылау.

Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

35-жұмыс парағы. «Тыныс алу мүшелері», 37-б.

Тыныс алу – тыныс шығару. Оқушылар сызба не мәтін түрінде ағзадағы ауаның таралу бағытын түсіндіріп береді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Тыныс алғанда ауа мұрынға өтетітін біледі;

  • Мұрын қуысында ауаның жылынатынын түсінеді;

  • Мұрын қуысынан кеңірдекке өтетінін, одан кейін кеңірдектен ауатамырларға өтетінін біледі;

  • Дем шығарудың осы бағытқа кері жүретінін түсінеді.

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің суретін салып, атын жазу.

36-жұмыс парағы. «Тыныс алу мүшелері қа­лай жұмыс істейді?», 38-б.

Тыныс алу мүшелерінің қызметі. Оқушылар тыныс алу мүшелерін олардың қызметінің сипаттама­сымен сәйкестендіреді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Өкпенің ауадағы оттекті қанға сіңіретін мүше екендігін біледі;

  • Ауатамырлардың бірнеше тармақтарға тарамдалған, ауаны өкпеге өткізетін мүше екендігін біледі;

  • Кеңірдектің тыныс алғанда және тыныс шығарғанда ауа өткізетін мүше екендігін біледі;

  • Мұрын ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше екендігін біледі.

Жұмыс. Көмекші сөздерді қолдана отырып, сөйлемдерді толықтыру.

ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы

Оқулықпен жұмыс

Слайд №4






Микрофон








Үлестірме материалдар

Тыныс алу жүйесінің кескін сызбасы














Қағаз парақтар, поролон/киіз, мақта, жапсырма, фломастер














http://balapan.kaztrk.kz









Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс. «СМС» парағы.

  1. Сабақта не ұнады?

  2. Маған ұнамады!

  3. Сабақты өзгерткім келеді.


СМС парағы

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралауға қосымша сұрақтар мен сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтар қою.

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

- «СМС» парағы

-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 наурыз
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі