400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: Үйдегі бір күнім Ж.Смақов "Апамның тілін алса егер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Апамның тілін алса егер өлеңінің мазмұнын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

     

Әдебиеттік оқу 5-сабақ


Мектеп

Б. Нысанбаев атындағы орта мектебі

Бөлім

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні

Тлекова Б

Күні:

8.09.2026ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үйдегі бір күнім

Ж.Смақов«Апаның тілін алса егер...»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.2.1–мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.

Сабақтың мақсаты

Қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба біледі.

SMART мақсат Сабақ соңында оқушылардың кемінде 80%-ы Ж. Смақовтың «Апаның тілін алса егер...» өлеңі бойынша кемінде 2 қарапайым және 1 нақтылау сұрағын құрастырып, олардың жауабын шығармадан дұрыс табады және күн тәртібі туралы ойын 2–3 сөйлеммен жеткізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

3 мин

«Кімнің жауабы» әдісі.

«Жазғы демалыста қайда бардың?»

деген сұраққа жауап беру тапсырылады. Ол үшін бірнеше қима қағаздар бөлініп таратылады.

  • Бүгінгі сабақты қандай әрекеттен бастап жатырмыз?

  • Дұрыс, сұраққа жауап беруден. Ендеше бүгінгі сабағымызда сұрақ қоямыз және оған жауап береміз.

Үй жұмысын сұрау. Мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу техникасына назар аудару (интонацияны дұрыс қоя білуі, сөйлем соңындағы тыныс белгіге қарап, дауыс ырғағын ажырата оқуы).

Әр оқушы белгілі уақыт арасында сұраққа жауап жазып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған оқушы жауапты кімнің жазғанын анықтау керек.




Мадақтау сөздер

Жарайсың дар!


Слайд


Сабақтың ортасы

10 мин



Оқу мақсатын таныстырамын.

ҚБ 1-тапсырма

Жаңа тақырыпты ашу.

Құндылық: жауапкершілік және уақытты тиімді пайдалану. Оқушы өзінің күн тәртібін ой елегінен өткізіп, уақытты дұрыс жоспарлаудың маңызын түсінеді.

Әдіс: «Ашық хабарлама»

Ойқозғау

Бір тәулік ішінде уақытыңды қалай пайдаланып жүрсің?

Таңертеңнен түске дейін қандай жұмыспен шұғылданасың? Таңғы асыңды ішіп болған соң не істейсің?

ЕББҚ оқушыға: «ояну – жуыну – таңғы ас – мектеп» сурет-карточкаларын дұрыс ретпен орналастырып, бір әрекетті атайды.


Дескриптор:

сұрақтарға жауап береді 1 балл

күн тәртібіндегі әрекеттерді ретімен атайды 1 балл


ҚБ: мұғалімнің бағалауы.
Әдісі: «Мадақтау сөздері».

Оқулық, дәптер



10 мин









Топтық жұмыс

ҚБ 2 тапсырма Оқылым

Ақындарша оқимын»

Құндылық: білімге құштарлық және еңбекқорлық. Өлеңді мұқият оқып, автор ойын түсінуге талпынады.

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Нұсқау: Ж. Смақов. «Апаның тілін алса егер...». өлеңін

тізбек бойынша оқуына мүмкіндік тудырады.

  • Оқушылардың тізбекті үзбей, мәнерлеп, түсініп оқуына қолдау көрсетеді..

STEM тапсырмасы «Күн тәртібі сағаты»: S – адамның демалыс, тамақтану және оқу тәртібінің күнделікті өмірге әсерін талқылайды; T – сағат/таймер бейнесін ақпарат құралы ретінде қолданады; E – таңертең, күндіз, кешке бөліктері бар күн тәртібі моделін құрастырады; M – әрекеттерді уақыт ретімен орналастырып, олардың санын салыстырады.
ЕББҚ оқушыға: өлеңнің 2 қысқа жолы ірі қаріппен беріледі. Мұғаліммен бірге оқып, «апаның тілін алу» әрекетін

Дескриптор:

сөздерді анық оқиды 1 балл

сөйлем ара-жігін ажыратады 1 балл

тыныс белгілеріне назар аударады,

өлеңнің негізгі ойын анықтайды.1 балл

ҚБ: өзара бағалау.

Әдісі: «Бас бармақ».

Оқулық







2 мин

Сергіту сәті


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар


10 мин

ҚБ 3,5 тапсырма Топтық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Дәптермен жұмыс

Құндылық: құрмет, қамқорлық және жауапкершілік. Үлкеннің ақылын тыңдау, пайдалы әрекетті таңдау туралы пікір білдіреді.

«Менің ойымша» әдісі

Нұсқау: Суреттерге зер сал. Нені ұнатып, нені ұнатпайтыныңды әңгімеле. Түсіндір.

Нұсқау:Өлеңге сүйеніп, дәптеріңдегі кестені толтыр.

Апаның тілін алса егер, ... Апаның тілін алмаса, ...

Саралау тапсырмасы :

A деңгейі – суреттен ұнайтын/ұнамайтын әрекетті таңдайды;

B деңгейі – таңдауының себебін 1–2 сөйлеммен түсіндіреді және кестені толтырады;

C деңгейі – өлең мазмұнымен байланыстырып, дұрыс әрекетке кеңес береді.

Дескриптор:

сурет бойынша әңгімелейді 1 балл

өз таңдауын түсіндіреді 1 балл

өлеңге сүйеніп кестені толтырады1 балл.


ҚБ: өзін-өзі бағалау.

Әдісі: «Отшашу».

Оқулық

5 мин

ҚБ 4 тапсырма Жұптық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Құндылық: ынтымақтастық және құрмет. Жұппен сұрақ құрастырып, серіктесінің жауабын мұқият тыңдайды.

Мәтінге сүйеніп, сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер. Өлеңді берілген бөліктері бойынша оқы. Қандай ой түйдің?

  1. Құр ойнау.

  2. Уақытты дұрыс пайдалану.

Ү л г і :

Сұрақ: Мерзіммен тамақ ішпесең не болады?

Жауап: Адамда күш болмайды. Нақтылаушы сұрақ: Ал күш болмаса, не болады?

Жауап: Қолынан іс келмейді.

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі.

A деңгейі – дайын сұрақтардың жауабын мәтіннен табады;

B деңгейі – 2 қарапайым сұрақ құрастырады;

C деңгейі – 1 нақтылау сұрағын қосып, жауабын мәтін жолымен дәлелдейді.

Дескриптор:

мәтін бойынша қарапайым сұрақ құрастырады 1 балл

сұрақтардың жауабын шығармадан табады.1 балл

ҚБ: жұптық өзара бағалау.
Әдісі: «Бас бармақ».

Жқмыс парағы

Сабақ

тың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы. «Өз-өзіңді бақыла: анаңның немесе үйдегі үлкендердің тілін үнемі аласың ба?»

Кері байланыс.

Мына екі балаға қандай сұрақ қояр едің?

Апасының тілін алатын балаға? Апасының тілін алмайтын балаға?

Сабақтан алған білімін, үйренгенін айтады.

Мадақтау сөздер

Жарайсың дар!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12