Тақырыбы: Ұзын-қысқа
Мақсаты: Шама бойынша заттардың
әртүрлі болатыны туралы түсінеді, ұзындығы мен ені бойынша екі
қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға
үйренеді.
Ресурс: хат, пішіндер, ойыншықтар,
сыйлық
Оқу қызметінің
барысы:
Шаттық
шеңбер
«Күлімдейік».
Шеңберге біз
жиналдық.
Сен досымсың, мен
досыңмын.
Қол ұстасып
тұрамыз,
Күлімдесіп
қараймыз.
Балалар ұзын қысқа
моншақтардың суреттерін қолдарына алып суреттерге сәйкес екі топқа
бөлініп отырады.
Жыл мезгілдері жайлы, апта
күндері жайлы әңгіме жүргізу.
Сыни ойлау, бала
үні
Миға
шабул.
Сұрақтар
ілмегі.
Балалар,
бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай
күні?
Сендер неше күн балабақшаға
келесіңдер?
Неше күн демаласыңдар?
Сендер қандай
геометриялық
фигураларды білесіңдер?
Балаларды
мадақтау.
Қызығушылықтарын
ояту.
Тосын
сәт: Слайдтан Дымбілмес балалармен амандасады. Сәлеметсіздер
ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Дымбілмес: -Балалар менің атым - Дымбілмес. Мен сендерге құр қол
келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып
келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар,
мен сендерге сыйлық беремін.
Дымбілместің тапсырмаларын орындауға
кіріседі.
Бірінші тапсырма: «Жауабын
кім табады?»
Шарты:Топқа бөлінген
балаларға тапсырма беріледі 1топқа екі қыздың суреттері беріледі, 2
топқа балалардың суреттері беріледі .Балалар айырмашылықтарын
табады.
-Бұлар апалы-сіңлілі
қыздар, олар бір-біріне қатты ұқсайды. Ал олардың бір-бірінен
айырмашылығын кім таба алады.
-Балалардың суреті.
Кімнің бойы ұзын

«Кім тапқыр?»ойының
балалармен ойнау
Шарты: Берілген
тапсырмаларды дұрыс шеше білу.
Логикалық
тапсырмалар
1. Торғайларды
санайық
Ағашта 2 торғай қонып тұр
еді,
Ала мысықты
көріп
1 торғай ұшып
кетті
Ағашта қанша торғай
қалды?
2
. Мирастын өзінде 1 алма
болды, әжесі оған базардаң
1 алма сатып
әперді
Мираста қанша алма
болды?
3. Кірпі орманда өзіне 2
санырауқұлақты теріп алды.
1 санырауқұлақты тиінге
сыйлайды
Кірпіде қанша саңырауқұлақ
қалды?
4.Адамда неше көз
бар?(2)
Ой
дамыту.
Суретпен
жұмыс.
Ұзын –қысқа ұғымы туралы
түсінік беру.
1 слайд.-Балалар мынау
нелер?
-Жылан және
жұлдызқұрт
-Жылан ұзын.
2 слайд. -Ал мынау
нелер?
-Қарандаштар
-Қай қарандаш
қысқа?
-Жай қарандаш,қызыл қарандаштан
қысқа.
3 слайд. -Балалар мына
суретке назар аударайықшы,мынау нелер?
-Қоян мен кірпі.
-Қоянның неше құлағы бар?
-Қоянның екі құлағы бар.
-Ал кірпіде неше құлақ бар?
-Кірпіде екі құлақ
бар.
-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын
ба?
- қоянның құлағы ұзын.
-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып,
Дымбілмеспен бірге бойымызды сергітіп
алайық.
Сергіту сәті:
Салем Салем! (Слайдтан бидін
қимылдарын қайталау)
2-тапсырма
Ұзындығына қарай
салыстыру
Жолды
салыстыру
Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда
қай жолақша ұзын?
-Көк жолақша
ұзын.
-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны
қойсақ, қай жолақша ұзын болады?
-Көк жолақша.
Балаларға моншақтар
таратылады.1топ ұзын моншақ тізеді.2 топ қысқа моншақтарды тізіп
шығады.
-Дұрыс айтасыңдар
балалар!
Қорытынды
Балаларды мадақтай отырып
қорытындылау.
Жұлдызша
беру.