400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Векторлық кескіндерді құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бойынша ашық сабақ. 6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1



Касымжанова Назира Оралбековна

Қарағанды қаласы

«№87 негізгі орта мектебі» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны: 6.1


Сабақ тақырыбы:

Векторлық кескіндерді құру

Оқу мақсаты ұзақ мерзім жоспардан

6.2.2.2- векторлық кескіндерді құру және өңдеу

Сабақ мақсаты


  1. Векторлық кескінді құру және өңдеуді біледі

  2. Inkscape редакторының фигураларын кескіндерін түрлендіре алады.

  3. Inkscape редакторының құралдары мен командаларын қолданып әртүрлі күрделенген векторлық бейнелеуді өңдей алады

Бағалау критерийлері


  • Inkscape редакторында векторлық кескіндер құруда спираль, көпбұрыш, әртүрлі шеңберлерді қолданады.

  • Inkscape редакторының көп деңгейлі спираль, көпбұрыш, әртүрлі шеңберлерді түрлендіре алады Inkscape редакторында кескіндердің көмегімен әр түрлі суреттер салады..

Тілдік мақсаттар


Лекция және терминология

Inkscape, SVG, EPS, WMF-векторлық файлдар пішімі.

Векторлық кескін-векторное изоброжение-Vector-image

Тіктөртбұрыш, шеңбер, жұлдызша, эллипс, контур, мәтін, таңдау құралдары

Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

-басқару құрал-саймандар тақтасындағы ........ қызметін пайдаланамыз.

-Компьютерлік графика әр түрлі кескіндерді .......көмегімен алады

-Векторлық графикалық файлдардың пішімі ..........

-Вектролық графиканы .... форматта сақтау қажет.

............... – көркем және техникалық илюстрациялар жасауға қолайлы векторлық графикалық редактор.




Құндылықтарды қалыптастыру/

«Мәңгілік Ел» идеясының негіздемесіндегі зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығына тәрбиелейді

-Денсаулық, достық және айналамыздарға қамқорлық жасау, топта ынтымақтастық, бір-бірін тыңдау, сыйласымдылық.

-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Геометрия-фигуралар, орыс тілі, ағылшын тілі-терминдер, батырмалар атауы, Сызу-кескінділерді сызу.

Алдынғы білім

Кескіндермен жұмыс істейтін программалары біледі және жұмыс жасайды. Векторлық бейнелерді құрады және өңдейді.



Сабақ барысы

Үақыт/Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

(мақсатқа қалай қол жеткіземін?/


Оқушының іс-әрекеті/

Бағалау (әдіс-тәсілдер

Саралау тәсілдері (қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?/ қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?)


Сабақтың басы


12-минут









Ұйымдастыру.

Сыныпқа ынтымақтастық атмосфераны орнату

Оқушылар жұптарына қарама-қарсы отырып,қағазды бастарына қойып «Портрет салу» әдісі арқылы бір-бірінің суретін салады.

Мақсты: оқушылар бір-біріне жаксы көңіл-күй сыйлайды.

Топтастыру.«Мозайка» әдісі сурет қиындылары арқылы2 топқа біріктіру..

1- топ «Векторлық»

2- топ «Растрлық»

Алдыңғы білім

Оқушылардың өткен тақырыпты «Серпілген сауал» әдісі арқылы пысықтаймын.

  1. Растрлық графика дегеніміз не?

  2. Растрлық кескін кезінде қолданылатын құралдарды ата?

Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтағы білімін пысықтау, уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың білім деңгейін анықтау. (мұғалім допты бағыттау арқылы оқушыларға сұрақ қоя отырып, жауабын күтеді) қолдауды қажет етеін оқушыларға мұғалімнің түрткі сұрақтары арқылы алдыңғы білімді пысықтау үшін мұғалім қолдау көрсетеді. Көпшілік оқушылар сұрақтарға тиімді жауап бере алады.

Қабілеті жоғары оқушылар ашық сұрақтарға тиімді жауап бере алады.


Жаңа тақырыпты ашу үшін «Пазл» әдісін қолданады.

мақсаты: оқушылардың ойлау-қабілеттерін дамыту

Оқушылар жұптарына қарама-қарсы отырып,қағазды бастарына қойып бір-бірінің портретін салады. Салған портретін жұптарына сыйлайды.

Сурет қиындылыры арқылы оқушылар топқа бөлінеді.




О қушыларға допты қағып алу арқылы сұраққа жауап береді.













Оқушылар суретті құрау арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Оқушылар Inkscape бағдарламасымен танысады.



Бағалау: Мұғалім жақсы жауап берген оқушыларды әртүрлі смайлик беру арқылы бағалайды.


Ширату жаттығу «Серпінді доп» әдісі арқылы алдыңғы білімді тексеру барысында саралаудың диалог жән қолдау көрсету тәсілін басшылыққа алдым. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалімнің түрткі сұрақтары арқылы алдыңғы білімді пысықтайды. Дереккөздер (көпшілік оқушылар сұрақтарды тиімді қолдана алады) Қарқын (кейбір қабілеті жоғары оқушыларға ашық сұрақтар қоя отырып, толық жауап беруіне мүмкіндік беру.

Тапсырма (білім деңгейі әртүрлі оқушыларға қажеттіліктеріне қарай түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды жасау)

Оқушыларға сараланған білім беру үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолдандым. Бұл әдісте оқушылардың белсенді қабілеттерін, шығармашылық ойлау деңгейін жетілдіреді. Оқушылар кіітаптағы тапсырмаларды компьютерде орындай отырып, жұптарымен талқылайды, ойларын ортаға салады


Сабақтың ортасы

20-минут



































7-минут










































И нтербелсенді тақта арқылы слайдты көрсете отырып Inkscape бағдарламасын түсіндіру

Белсенді оқыту әдісі.

Мәтінмен жұмыс.Топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың белсенді қабілеттерін, шығармашылық ойлау деңгейін жетілдіру. Оқушылар мәтінмен жұмыс істейді. Оқушылар кітаптағы тапсырмаларды компьютерде орындай отырып, жұптарымен талқылайды, ойларын ортаға салады.

Құрылымдалған топтық жұмыс.

Мақсаты: Әр оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

А деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейі:Түсіну, қолдану

Топқа жұмыс бергенде уакыт тиімді қолдануын ескертіледі..

ЖЖ.Практикалық жұмыс. Интербелсенді тақтаға қазақтың диірменін, сандық суреті көрсетіледі.

Суретті графикалық редактордың құралдарын пайдаланып салыңдар.







Критериалды бағалау

  • құрал-саймандар тақтасы және түстер палитрасын қолданады.

  • Векторлық кесіндерді құруды өңдейді.

  • Фигураларды пайдаланады

Дискриптор:

Білім алушы:

  • Суреттегі заттың атқаратын қызметін түсінеді

  • білім алушы: - стандартты сурет салу құрал-саймандарын қолданылады;

  • көшіру, қию, қою амалын пайдаланып, векторлық кескінді өңдейді

Бағалау: «Қосу, алу -қызықты» әдісі

Мақсаты: тапсырманың орындалуына қарай оқушылар бір-бірін бағалау үшін қолданады.


В деңгейі:

ТЖ. «Суреттерге саяхат» әдісі

Мақсаты: берілген тапсырманы орындай отырып, функцияларды қолдану дағдысы қалыптасады

Компьютермен жұмыс. Екі топқа «Менің ауылым», « Менің сүйікті үйім» суретін береді.









Бағалау критерийлері:

  • білім алушы: - стандартты сурет салу құрал-саймандарын қолданылады;

  • көшіру, қию, қою амалын пайдаланып, векторлық кескінді өңдеу.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу

С деңгейі: Қарқын саралау тәсілі. Жеке жұмыс.

Тапсырма Кітаппен жұмыс.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жинақтау

1 -тапсырма:.Inkscape қосымшасында 3 маңызды тақтаның атауы, атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері бойынша тақтадағы берілген кестенің бос орындарын толтыруды ұсынады.

2 .-тапсырма. Inkscape қосымшасындағы жиі қолданылатын құралдардың атауы немесе атқаратын қызметі берілген. Кестенің бос орындарын толтырыңдар.

Дескриптор: білім алушы:

  • қалам құралымен үй контурын сызады

  • құралдар аауын атқаратын қызметіне түсініктеме береді;

  • кестенің бос орындарын толтырады;

  • қорытынды жасай алады

Қалыптастырушы бағалау:. «Тілдік бағалау»

Мақсаты: оқушыларды тақырыпты қаншалықты түсінгенін өзін-өзі бағалауға қалыптастыру.

Жақсы-good

Өте жақсы-very good

Керемет- excellent

Модельдеу әдісі. Диалог және қолдау көрсету саралау түрі. Топпенжұмыс.

Модельдеу: « Растрлық және Векторлық графикалық редактордың артықшылығы мен кемшілігін салыстыру.

Графикалық редактор

Графикалық редактор «Paint»

Векторлық редактор «Inksape»

Артықшылығы:


Артықшылығы:

Кемшілігі:


Кемшілігі:

Дескриптор: Білім алушы: нұсқаулықты ала отырып графикалық редакторды артықшылығын кемшілігін модельдей алады.

(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі

«Қызыл»- өте жақсы

«Сары»-жақсы

«Жасыл»- ойланып көр


















ҚБ «Шапалақ» әдісін қолдана отырып топ бірін-бірі бағалайды.







Оқушылар жеке және жұптық жұмыс жасайды.

ҚБ Смайликпен бағаланады













Оқушылар тапсырманың орындауына байланысты бірін-бірі бағалайды.






Екі топ практикалық жұмыс орындайды.







Екі топ «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
















Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Кесте толтырады.



































ТБ «Тілдік бағалау»





Топпен жұмыс жасайды, кестені толтырады. Графикалық редактордың айырмашылығын, кемшілігін жазады, салыстырады.


ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы топты бағалайды.


































«Қосу, алу -қызықты» әдісі





































































Жақсы-good

Өте жақсы-very good

Керемет- excellent







тапсырмалар

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Әр сабақтың оқу мақсаттары сабақ мақсаттарымен нақтыланады. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін белсенді дамуына әр түрлі тапсырмалар беремін. Қабілеті жоғары оқушыға күрделі тапсырмалар беремін.

Оқушыларға сын тұрғысынан ойлайтын сұрақтар беріледі. Сандық пен диірмен не үшін қолданады?



Сабақ соңы

8-минут

Рефлексия (кері байланыс)

« Бес саусақ» әдісі. Қағаз бетіне қолдарын қойып, саусақтарын айналдыра салады. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша оқушылар өз ойын жазады.

1.Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды...

2.Сұқ саусақ – мен бүгін ..... түсіндім.

3.Ортаңғы саусақ – мен үшін ... қиын болды.

4.Төртінші саусақ – менің бағам ....., өйткені....

5.Шынашақ – Мен ....... білгім келеді.

Оқушыларға А4 форматы таратылады

Оқушылар А4 форматына қолдарының суретін салады.

Салған қолдарын толтырады.

«Бас бармақ» (өз жұмысын және өзгенің қол жестінің көмегімен бағалайды)




Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі