жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.3-4 сандарын салыстыру.Пішіндер.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Пішіндер.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің картотекасы
Өткізілетін күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным» Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы:Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Пішіндер.
Мақсаты: Білімділік міндеті: Математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету. Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету. Екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу.
Дамытушылық міндеті: Заттар тобының тең және тең еместігі туралы түсініктерін дамыту. Пішіндерді ажыратуларын дамыту. Тәрбиелік міндеті: Тапқырлыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын құрал-жабдықтар: үлестірмелі тапсырмалар, алмасы мен сандары бар сандықша, сандар, салыстыру жаттығуының суреттері, манни салынған тақтайша, шарға оралған сандар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру Тілдің үштұғырлығы: бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт- четыре- fo
Ұйымдастырушылық кезеңі:
-
Сәлеметсіңдерме балалар! Қалымыз қалай? Көңіл-күйіміз жақсы ма?
-
Бүгінгі сабағымызға дайынбыз ба?
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
Сабақтың барысы:
-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қай айы? Аптаның қай күні балалар?
-
Өте жақсы балалар, ендеше сабақты бастамас бұрын, тақтаға мұқмят назар аударайық.
-
Санайықшы балалар, қандайпішіндер еді?

-
Ендеше балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, соны мұқият тыңдап, ойланып, қол көтеріп жауап береміз.
«Жұмбақтар шешуі» ойыны.(Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі)
-
Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,
Бір орындық, екі мүйізі бар.
Ол не? (Велосипед)
-
Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезекпенен ашылар,
Кезекпенен жабылар. (Бағдаршам)
«Ғажайып сәт» (Музыка қосылып, есікті тоқылдатып, оқушы кіреді)
-
Балалар, не боп кетті өлең қай жақтан шығып жатыр? Есікті тоқылдататын сияқты, есікке қарайықшы балалар?
-
Қайдан жүрсің, кім боласың?
(оқушы киімін киген бала, қолында 5 сатыдан тұратын қорапшасын көтеріп топқа кіреді)
Оқушы: Мен оқушымын, мектептен келе жатырмын, кезінде балабақшада сабақ оқымап едім, тек ойын ойнап жүрген едім, енді сабақтан қиналып жүрмін, ұстазымның берілген тапсырмалары өте жиналып қалған еді. Сол тапсырмаларды шеше алмай жүрмін.
Тәрбиеші: Балалар ендеше көмектесеміз ба? Өзіміздің білімімізді көрсетейікші? Барлық тапсырмаларды орындауға көмектессек қалай қарайсыңдар балалар? (Оқушыны топтағы балаларға қосып, қолындағы саты қорапты алу)
-
Балалар, ендеше мұқият боламыз 1 ші сатының тапсырмасын ашып көрейік. Бұнда шаршының тапсырмалары беріліпті.

Сұрақ қою: - Қанша аққалада сыпыртқысы бар? Алмалар нешеу? Тақтаға келіп жазып көрсетейікші санды. Тақтаға қарайық балалар, қай сан жоқ? Тақтаға жоқ санды жазамыз.
-
Өте жақсы балалар, енді екінші сатының тапсырмаларын көрейік. Бұнда қай пішін екен? Үшбұрыш. (Үлестірмелі материалмен жұмыс)

Балалардың алыдна сурет беріледі, осы суреттен қанша зат көрсе сол заттың санына тең санды бояйды.
-
Жарайсыңдар балалар, сендерге тапсырмалар ұнап жатырма? Ендеше келесі сатыны ашып көрейік. Бұл қай пішін екен? Тіктөртбұрыш.
Бұнда балалар, сендерге тоғай берілген, тек бұл тоғайда алмалары жоқ екен, сендер сандар мен алмалар салынған сандықшадан бір санды алып, сонша алманы тоғайға ілеміз делінген.

-
Шаршамадық па балалар? Қанекей кішкене денемізді шымырлатып алайық.
«Сергіту сәті» 1, 2, 3
Бір, екі, үш, Қане қанат қағамыз.
Бір, екі, үш, Қарлығаш боп ұшамыз.
Бір, екі, үш, Жинап алдық күш.
-
Қай сатыға келдік балалар? Дұрыс айтасыңдар, ендеше төртінші сатымыздың тапсырмасын орындап көрейік. Бұнда қандай пішін екен балалар? Шеңбер. (Үлестірмелі материалмен жұмыс)

-
Балаларға көліктердің суретін көрсету. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, тиісті ұяшықтағы цифрды дөңгелектеу.
-
Өте жақсы балалар, енді соңғы сатымыздың тапсырмасын орындайық . Сопақша.
Пішіндер көрсетеді, қанша пішін көрсетілгенін тапқан бала, санын манни салынған тактайшаға жазып көрсетеді.

-
Жарайсыңдар балалар, сендерге қатты риза болып тұрғаным. Сендер бүгін білімдеріңнің өте жоғары екенін көрстеіп, баспалдақтың ең жоғарғы сатысына шыға алдыңдар!
Оқушы: Рахмет балалар, сендерден білгенім, үйренгенім өте көп болды, енді мен сендермен «Қызықты математика» ойынын ойнағым келіп тұр. Мен қазір ортаға 5 баланы шақырамын. Менің қолымдағы шар салынған себеттен шарларды аламыз, шарды жарып, ішінен шыққан сандарды оқып, рет-ретімізбен тұра қаламыз, дұрыс тұрмаған бала, өз өнерін көрсетеді.
-
Жарайсыңдар балалар, осымен сабағымызды қортындылайық, бүгінгі сабақта не өттік?
-
Өте жақсы балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ендеше тақтаға қараймыз, мен бағалау парағын іліп қойдым, сабақты бағалаймыз, өз түрімізге салып көрсетеміз.

Мадақтау сәті: Балаларға сабаққа жақсы қатысқандары үшін сыйлық тарату.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 3- 4 цифрын; пішіндерді ажырата алуды;
Игереді : заттың санын цифрмен сәйкестендіруді;
Меңгереді : заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген