Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы:"Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар"7-сынып

Ашық сабақ тақырыбы:"Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар"7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
1027
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

7.1А Химия пәніне кіріспе.

Таза заттар және қоспалар

Мектеп:О.Бапышев атындағы ЖОМ КММ


Сынып: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Таджибаева Гульшат

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Элемент, қоспа және қосылыс.

1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну

7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады, таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін біледі, элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді; қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алады;

Басым бөлігі: Таза зат пен қоспаның салыстырмалы сипаттамаларын айта алады; Кейбір оқушылар: заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстырып, элемент (жай зат), қоспа және қосылыстарды іс жүзінде ажырата алады.

Бағалау критерийлері

  • Элементті атомның белгілі бір түрінен тұратын зат ретінде сипаттайды.

  • Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін ажыратады.

- Таза заттар бірдей атомдардан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды

- Заттың қасиеттері жайлы білімді қолдана отырып,белгісіз затты анықтайды;

Тілдік мақсаттар

-элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді;

-таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін біледі;

-элемент (жай зат), қосылыс,қоспа түсініктерін ажырата біледі:

-таза зат пен қоспа түрлеріне сипаттама береді;

Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер :Таза зат, қоспа, біртекті қоспа, әртекті қоспа, сүзу, тұндыру, буландыру, айдау,зат, дене, заттардың қасиеттері

Сыныптағы диалог: Зат дегеніміз не? Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлерін білесің?Біртекті және әртекті қоспалардың қандай айырмашылығы бар? Зат пен дене ұғымдарының айырмашылығы неде? Таза заттармен жұмыс жасау не үшін қажет;

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс- ұжымшылдыққа баулиды,ортақ істің нәтижесіне жауапкершілігін арттырады;

Жеке жұмыс- өмір бойы білім алуға,өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдық пен сын тұрғысынан ойлауға,қарым –қатынас жасау қабілеті мен білім алуға үйрету;

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

5.3.2.1 Қоспалардан таза заттарды ажырату;

5.3.2.2Қоспа түрлерін сипаттау;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

3 мин














Үй тапсырмасын сұрау



3-мин
















3-мин




Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы)


Психологиялық ахуал қалыптастыру ,оқушылардың қызығушылығын ояту үшін « Сұрақтары бар қорап» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырамын: Қандай жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер білесіңдер? Зат пен денеге мысалдар келтіріңдер? Мұзтау,темір шеге зат па,дене ме? т.б



1-тапсырма. «Сұрақты ұстап ал» әдісі. Өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз:

1. Химия нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай?

2. Дене және зат ұғымдарының айырмашылықтары неде?

3. Адамның табиғатқа тигізетін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіріңдер.

4. Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі қандай?

5. Химия сөзінің шығу тарихын және химия ғылымының адамзат тарихындағы маңызын әңгімелеңдер.


2- тапсырма (қ.б -6 бет)

Сәйкестендіру тест

Әрбір химиялық элементтің символы мен атауларын сәйкетендіреді.

Химиялық элементтің аты

Таңбасы

1.Калий

а)Si

2.Кремний

ә)Li

3.Мыс

б)Cu

4.Күкірт

в)К

5.Литий,

г)S

Дескриптор:

-символдар бойынша химиялық элементті атайды.

-атауы бойынша элементтердің символдарын көрсетеді.













Стикер

фасол салынған қапшық























Слайд































Кесте

Сабақтың ортасы

3-мин































15-минут



























































































































































12-минут







































«Миға шабуыл» әдісі.  

Тапсырма.(қ.б -7бет)

Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз:ауа, сутегі ,мыс,сүт,алтын,металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.

Дескриптор

-таза заттарды ажыратады

-таза заттарды алу жолдарын атайды.

-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?

Үй тапсырмасын оқушылар топ арқылы бір-бірін бас бармақ әдісі бойынша бағалайды



Жаңа сабақ.

3-тапсырма.(қ.б- 8 бет ) «Өкіл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі.Берілген тапсырмалар арқылы , барлық топқа бірдей суреттер топтамасы ұсынылады. Олар сол суреттер көмегімен өздеріне берілген тапсырма бойынша «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаның» маңыздылығын сипаттап, ерекшеліктеріне тоқталулары қажет.

1-топ – элемент

2-топ – қосылыс

3-топ - қоспа


Дескриптор

  • Суреттен элементті көрсетеді.

  • Суреттен қосылысты көрсетеді.

  • Суреттен қоспаны көрсетеді.








4-тапсырма (қ.б-9 бет)

«Ойлан тап» әдісі бойынша оқушылар семантикалық карта арқылы жаңа сабақты пысықтау

- әр оқушыға жеке тапсырма ретінде төмендегідей кесте таратылады. Олар төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеп берулері қажет.




элемент

қоспа

қосылыс

кетчуп




күміс




теңіз суы




ауа




оттегі




топырақ




алтын




ас тұзы




көміртек (алмаз)




көмірқышқыл газы




кока-кола




қант




цемент




әктас




хлор




күміс





Дескриптор

  • Элементтерді кестеге толтырады.

  • Қоспаларды кестеге толтырады

  • Қосылыстарды кестеге толтырады

  • Элемент,қоспа,қосылыстарды ажыратады .


Жаңа тапсырманы топтар бір-бірін бағдаршам әдісі бойынша бағалайды.


«Оқы, түсін, жасап көр» әдісі арқылы топтық жұмыс

1-зертханалық жұмыс

Заттар, қоспалар мен қосылыстарды салыстыру

Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш аспаптармен жұмыс ережесін сақтау.

1. Берілген күкірт, темір, темір (ІІ) сульфидінің үлгілерін мұқият қараңдар. Бұл заттардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар, бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.

2. Күкірттің және темірдің әрқайсысынан бір-бір бөліктен шпа-тельмен алып, стақанға салыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспаны мұқият қараңдар. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.

3. Таза заттарды зерттеңдер (күкіртті, темірді және темір сульфидін) және дайындалған қоспаға магнитпен әсер етіңдер. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.

4. Суды әр үлгіге құйыңдар, таяқшамен қоспаны араластырыңдар, оларды біраз уақыт тұндырыңдар. Не байқадыңдар?

5. Қыздырғыш құралдармен қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, әр үлгіні қыздырыңдар. Бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ