Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ашық сабақ тақырыбы:"Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар"7-сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
1306
2 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар | Мектеп:О.Бапышев атындағы ЖОМ КММ | |
Сынып: 7 | Мұғалімнің аты-жөні: Таджибаева Гульшат | |
Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы | Элемент, қоспа және қосылыс.№1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру» | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу; 7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады, таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін біледі, элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді; қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алады;Басым бөлігі: Таза зат пен қоспаның салыстырмалы сипаттамаларын айта алады; Кейбір оқушылар: заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстырып, элемент (жай зат), қоспа және қосылыстарды іс жүзінде ажырата алады. | |
Бағалау критерийлері | ||
Тілдік мақсаттар | -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсінеді; -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін біледі; -элемент (жай зат), қосылыс,қоспа түсініктерін ажырата біледі:-таза зат пен қоспа түрлеріне сипаттама береді; | |
Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер :Таза зат, қоспа, біртекті қоспа, әртекті қоспа, сүзу, тұндыру, буландыру, айдау,зат, дене, заттардың қасиеттері | ||
Сыныптағы диалог: Зат дегеніміз не? Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлерін білесің?Біртекті және әртекті қоспалардың қандай айырмашылығы бар? Зат пен дене ұғымдарының айырмашылығы неде? Таза заттармен жұмыс жасау не үшін қажет; | ||
Құндылықтарға баулу | Топтық жұмыс- ұжымшылдыққа баулиды,ортақ істің нәтижесіне жауапкершілігін арттырады;Жеке жұмыс- өмір бойы білім алуға,өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдық пен сын тұрғысынан ойлауға,қарым –қатынас жасау қабілеті мен білім алуға үйрету; | |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану | |
Алдыңғы білім | 5.3.2.1 Қоспалардан таза заттарды ажырату; 5.3.2.2Қоспа түрлерін сипаттау; | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы3 мин Үй тапсырмасын сұрау 3-мин 3-мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы) Психологиялық ахуал қалыптастыру ,оқушылардың қызығушылығын ояту үшін « Сұрақтары бар қорап» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырамын: Қандай жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер білесіңдер? Зат пен денеге мысалдар келтіріңдер? Мұзтау,темір шеге зат па,дене ме? т.б 1-тапсырма. «Сұрақты ұстап ал» әдісі. Өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз:1. Химия нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай?2. Дене және зат ұғымдарының айырмашылықтары неде?3. Адамның табиғатқа тигізетін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіріңдер.4. Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі қандай?5. Химия сөзінің шығу тарихын және химия ғылымының адамзат тарихындағы маңызын әңгімелеңдер. 2- тапсырма(қ.б -6 бет)Сәйкестендіру тестӘрбір химиялық элементтің символы мен атауларын сәйкетендіреді. Дескриптор:-символдар бойынша химиялық элементті атайды.-атауы бойынша элементтердің символдарын көрсетеді. | Стикерфасол салынған қапшық Слайд Кесте |
Сабақтың ортасы 3-мин 15-минут 12-минут | «Миға шабуыл» әдісі. Тапсырма.(қ.б -7бет)Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз:ауа, сутегі ,мыс,сүт,алтын,металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.Дескриптор-таза заттарды ажыратады-таза заттарды алу жолдарын атайды.-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?Үй тапсырмасын оқушылар топ арқылы бір-бірін бас бармақ әдісі бойынша бағалайды Жаңа сабақ.3-тапсырма.(қ.б- 8 бет ) «Өкіл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі.Берілген тапсырмалар арқылы , барлық топқа бірдей суреттер топтамасы ұсынылады. Олар сол суреттер көмегімен өздеріне берілген тапсырма бойынша «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаның» маңыздылығын сипаттап, ерекшеліктеріне тоқталулары қажет.1-топ – элемент2-топ – қосылыс3-топ - қоспа Дескриптор 4-тапсырма (қ.б-9 бет) «Ойлан тап» әдісі бойынша оқушылар семантикалық карта арқылы жаңа сабақты пысықтау - әр оқушыға жеке тапсырма ретінде төмендегідей кесте таратылады. Олар төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеп берулері қажет. Дескриптор Жаңа тапсырманы топтар бір-бірін бағдаршам әдісі бойынша бағалайды. «Оқы, түсін, жасап көр» әдісі арқылы топтық жұмыс1-зертханалық жұмыс Заттар, қоспалар мен қосылыстарды салыстыруҚауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш аспаптармен жұмыс ережесін сақтау.1. Берілген күкірт, темір, темір (ІІ) сульфидінің үлгілерін мұқият қараңдар. Бұл заттардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар, бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.2. Күкірттің және темірдің әрқайсысынан бір-бір бөліктен шпа-тельмен алып, стақанға салыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспаны мұқият қараңдар. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.3. Таза заттарды зерттеңдер (күкіртті, темірді және темір сульфидін) және дайындалған қоспаға магнитпен әсер етіңдер. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.4. Суды әр үлгіге құйыңдар, таяқшамен қоспаны араластырыңдар, оларды біраз уақыт тұндырыңдар. Не байқадыңдар?5. Қыздырғыш құралдармен қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, әр үлгіні қыздырыңдар. Бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер. Таза заттар және темір-күкіртті қоспаның салыстырмалы сипаттамалары ? 1. Темір мен күкіртті араластырғаннан кейін темір заты мен күкірт заты өз қасиеттерін сақтай ма?2. Темір сульфидін физикалық тәсілдермен жай заттарға бөлуге бола ма?3. Темір сульфиді (FeS) күрделі затында темір заты мен күкірт заты өздерінің бастапқы қасиеттерін сақтай ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер | А4 қағаз Интерактивті тақта Оқулық 7сынып маркер, стикер, суреттер топтамасы
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |