400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы:Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Таным саласы Бөлімі Қоршаған орта балабақша тəрбиешілеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таным» білім беру саласы
Бөлімі: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойын.

Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, теледидар, DVD.
Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, орыс тілі, ағылшын тілі, құрастыру, математика, музыка.

Мотивациялық қозғаушы.
«Амандасу рәсімі»
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.

Здравствуй, солнце золотое,

Здравствуй , небо голубое.

Здравствуй , все мои друзья,

Всех вас рада видеть я !


Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беремін.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

Ұйымдастырушы – Ізденушілік.
Балаларды оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру.
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.
Тосын сәт: Телефон шырылдайды.
Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту.
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.
Балаларға слайдтан автобус түрлерін көрсете отырып, түсінік беру.
Жүргізуші таңдап алу.

Хор: «Көңілді достар».
- Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз? Балалардың назарын слайдқа аударып, су көліктерінің түрлерін көрсету, түсінік беру
- Балалар мына конвертте бізге тапсырма берілген.
Шығармашылық жұмыс:
Тапсырма: Геометриялық пішіндерден су көлігін құрастыру.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмектеседі.
Құстан аумайды
Көкте заулайды.(ұшақ)
Слайдтан әуе көліктерін көрсетіп, оларға түсінік беру. Қызметінің маңыздылығын айтып өту.
- Балалар алдымыздағы үлкен таудан ұшаққа отырып өттік.
- Ал балалар, біз орманға келдік. Енді қоянды тауып алайық.
Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін.

     Ұшақ                                      Кеме

Бұлттар менен көктегі,   Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан.   Дүниені кездім жалықпай

Озып шығам құстарды,   Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын.    Мен боламын қайықтай.

 

              Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.


Ойын: «Ұшты - ұшты».
Шарты: Ұшатын заттарды айтқанда қолдарын жоғары көтереді.

-Ұшты,ұшты ұшақ ұшты!

-Ұшты,ұшты поезд ұшты!

Ұшты,ұшты кеме ұшты!

Ұшты,ұшты бүркіт ұшты!
Қоян: Балалар өте ақылды және қайрымды балалар екенсіңдер, енді менің кетуім керек, көжектерім күтіп қалған шығар.
Сау болыңдар, сендерге көп рахмет.

-Балалар көліктердің қандай жолда жүретінін білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».
Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

Шығармашылық жұмыс

Көлік түрлерін бояп, үш тілде атап беру.

Кеме-корабль- shuttle

Ұшақ – самолёт- planes

Автомобиль – автокөлік- car
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорыту.
Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Игереді: Тапсырмаларды орындайды.
Қолданады.: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.




Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

«Шардара» мектеп-лицейі



Бекітемін:

«Шардара» мектеп-лицейінің

директоры:__________Ж.Нұрымбет






Ашық сабақ

«Көліктер»








Дайындаған: даярлық тобының тәрбиешісі

Кошуакова Сәндігул



2016-2017 оқу жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
8163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі