400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы:Өнерлі бала сүйкімді

Материал туралы қысқаша түсінік
• Өнер ұғымының тереңдігін түсінеді; • Эстетикалық талғамдарын дамытамын; • Сұлулықты, өнерді сүюге, өнерпаздыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық:Сүйіспеншілік Қасиеттер:Таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.

Мұғалiм: Тасболат А.З Cынып: 3 "а"


Сабақ мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашамын.

Міндеттері:

  • Өнер ұғымының тереңдігін түсінеді;

  • Эстетикалық талғамдарын дамытамын;

  • Сұлулықты, өнерді сүюге, өнерпаздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу . 5 жұмыс құралын тексеру, 5Т ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.




аудиодиск

Үй тапсырмасын тексеру.

Әншілер, ақындар тобы кітапша шығарады. Ол кітапша кімдер туралы екені айтылады. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

- Жарайсыңдар, өте керемет! Өнерлі екенсіңдер! Енді әншілер тобы өлең оқып берсін, ал ақындар тобының мүшесі ән айтып берсін.

топпен

Дәйексөз.

"Адамның сәні- өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)

1. Өнер дегенді қалай түсінеміз?

2. Адам өнерін дамытуы үшін не істеуі керек?

(Ұлдар 1рет оқиды, қыздар 1 рет оқиды. Барлығы хормен оқиды.)

Мұғалім: Адам жан- жақты дамыса, ол өнерлі, білімді және де ақылды болады. Өнерлі бала өнерін шыңдай түсуі керек, сонда ғана биік белестерден көрінеді.

оқулықтан

Әңгiмелеу . "Ақын деген кім?" (оқулықтан)

Сұрақтар:

  • Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?


Бейнекөріністер көрсету.

"Жас ақын Жамбыл", "Әнші Ермек".

Мұғалім: Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған. Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Жамбылдың "Періште тілек" атты кітабы жарық көрді. Жас өнерпаз Ермек 7 жасында жеке концертін өткізген.

үнтаспа

Топпен жұмыс.

  • Ребустар шешу.

  • Жағдаяттар шешу. Сахналау. 1-топ. Биші Самал деген қыз би билеп жатып құлап, аяғын жарақаттап алды. Дәрігерлер қарап, енді билеуге рұқсат бермейтіндерін мәлім етті. Сендердің әрекеттерің?

2-топ. Айдос ойдан құрап ән жазып, үнтаспаға сақтап қойған болатын. Үнтаспасын жоғалтып алады. Бірде мерекелік кеште Арман деген бала Айдостың жазған әнін орындайды. Сендердің әрекеттерің?

  • Сөйлемді жалғастыр. "Егер де мен .... болсам..."

  • "Кім болғым келеді?" суреттер салу.


сахналау

Топпен ән айту.

"Көңілді күн"

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

үнтаспа

Үй тапсырмасы.

1. 93- беттегі "Бәрі жақсы өнердің " өлеңін жаттау.


оқулық

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу ән қойылады.

Көзімізді жұмып , еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, не үйрен дік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



аудиодиск



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
1145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі